Дағдарыс пайдасы туралы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата12.03.2017
өлшемі11,12 Mb.
#8912
1   2   3   4   5   6   7

Майды таңдау

Көптеген көліктерге маусым талғамайтын май құй-

ылған.  Алайда  көпшілігі  майдың  аязда  қоюланып  ке-

тетіндігін  біле  бермейді,  ол  от  алдыруды  қиындатып 

жібереді  –  коленвал  айналмай  қалады.  Синтетикалық 

майлар аязға төзімдірек. Олар  мотордың оңай от алды-

руды және  поршеньдердің  тозбауын қамтамасыз етеді. 

Күн  ысығанда    бұл  май  қоюлана  түседі.  Оның  үстіне 

синтетикалық  май  мотор  ішінде  аз  жанады  және  көп-

ке  шыдайды.  Алайда  оның  бір  кем  тұсы  бар,  егер  мо-

тор  ескі  болса,  синтетикалық  май  жылдар  бойы  саль-

никтер  бойында  жиналған  кірді  шайып,  нәтижесінде 

тесіліп  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  да  синтетикалық 

майды  он  жылға  дейінгі  көлік  моторына  құю  қажет. 

Біздің  жағдайымызда  мамандар  синтетикалық  май-

ды әр  10000  шақырым  жүрген  сайын   жаңалап тұруға 

кеңес береді.

Майды таңдағанда көлікті пайдалану туралы  нұсқа-

уда  көрсетілген  кеңестерге  құлақ  асқан  жөн.  Алайда 

басқа  фирмалардың  ұқсас  майларын  да  пайдалануға 

болады.  Майдың  жаздық    әлде  қысқы  үлгісін  Көлік 


50

№6(14)  желтоқсан 2015



LIFE MONEY

Автомектеп

инженерлері одағының  (SAE) жасап шығарған қоюла-

ну  нормасына  сәйкес  білуге  болады.  SAE  әріптерінен 

кейін алдыменен қысқы көрсеткіш жазылады (майдың 

аязда қандай күйде болуы), соңынан жазғы көрсеткіші 

жазылады,  мысалға  SAE  15w-40,  қысы  қатты  жерлер 

үшін - SAE 5w-30.



Дизельді қалай жылытамыз

Дизельді моторға қысқы дизель отынын құйған жөн, 

себебі жаздық отын қатып қалады. Алайда қысқы отын 

қымбатырақ.  Балама  ретінде  жаздық  отынға  алғашқы 

аяз түсер алдында арнайы қоспа қосылады (антигель), 

ол  отынның  қатып  қалмауына  жол  бермейді.  Кейбір 

жүргізушілер  сақтық  шаралары  үшін  қыстық  отынға 

да антигель құяды, бірақ бұлай істеуге болмайды, кері 

әсері  болуы  мүмкін.  Өкінішке  орай,  нарықта  контра-

факттық  өнімдер  қаптап  кеткен,  олар  сипаттамалық 

көрсеткіштеріне  сәйкес  келмейді:  40  градусқа  шыдай-

тын  антигель  құясың,    10  градус  аязда  дизель  қатып 

қалады!

Отынға  авиациялық  керосин  қосудың  тиімділігі  аса 



жоғары.  Алайда  оның  машақаты  көп,  керосинді  іздеу 

керек,  оны  мөлшерін  өлшеп  құю  қажет.  Кейбір  «ма-

мандар»  дизель  отынына  бензин  құю  керек  деп  кеңес 

береді.  Аяқ  астынан  ай  далада  –  Қарағанды  мен  Аста-

наның  арасында  тұрып  қалғанда  бұл  кеңестің  көмегі 

болар, бірақ  мотордың сау болатындығына ешкім кеп-

ілдік бермейді.

Кейбір жүргізушілер дизельді түнде көрпемен қымтап 

қояды,  жамылғының  мақтадан  болғаны  жөн,  ал  ең 

сенімдісі – кигіз. Жамылғы температураны бірнеше гра-

дусқа көтереді және моторды қосуға қиындық туғызбай-

ды.  Осылайша  бензинді  моторды  да  қымтауға  болады. 

Өрт қауіпсіздігі үшін жамылғы қызып тұрған моторға ти-

меуі тиіс.

Автокөліктердің  қатерлі  жауы  –  аяз,  ол  сұйықтар-

ды  қатырып,  мұзға  айналдырады,  әсіресе  көлік  дала-

да көп тұрып қалғанда. Сондықтан да қыс түспес бұрын 

сұйықтарды  суыққа  төзімді  түріне  алмастырған  абзал. 

Бұл  моторды  суытатын,  терезені  жууға  арналған  сұй-

ықтықтарға  қатысты.  Соңғы  сұйықтық  ретінде  арнайы 

қоспа қолдануға болады, оның құрамын ауа-райына қа-

рай өзгертіп тұрасыз.



Терезені күтіп-ұстау

Терезе сүрткішті де қысқа арнайы жасалған түріне ал-

мастырған дұрыс. Олардың көп қолданыстағы түрлері 5 

мың  және  одан  қымбат  бағада  тұрады.  Бұл  ретте  тере-

зе сүрткіштердің қызметі  көлік терезелерінің көлбеулі-

гіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Терезе сүрткіштердің 

резеңкесі  кремний  оксиді  мен  графиттен  жасалған, 

сондықтан  олар  қыста  қатып  қалмауы  керек, 

ал оның терезеге бекітетін шарнирі де аяздың 

әсерінен жұмыс істей алуы қажет. Байқау бой-

ынша  Қазақстан  аяздарында  резеңке  қатып 

жатады,  алайда  қандай  аяз  болмасын  терезе-

ге қонған қарды тазалай алады, аязды күндері 

терезе  сулы  болмайды,  қатты  қар  жауғанның 

өзінде, жылы терезеден ол еріп кетеді.

Егер терезеге мұз қатса, оны сүрткішпен та-

заламаған дұрыс, себебі оның жиектері мұздан 

желініп,  кейін  тіпті  терезе  сүртуден  қалады. 

Одан  да  терезені  бірте-бірте  жылытып,  мұзды 

арнайы қалақшамен қолмен кетірген жөн.



51

№6(14)  желтоқсан 2015



LIFE MONEY

Автомектеп

Күн  жылынғанда  терезе  сүрткішті  қоспас 

бұрын оның терезеге жабысып қатып қалмаға-

нын тексеріп алған жөн. Егер қатып қалса бай-

қап жылытқышпен  жылытып алғаныңыз жөн 

(егер  көлігіңізде  терезе  сүрткіштің  өздігінен 

жылытуы  қарастырылмаса).  Егер  терезе  сүрт-

кіш аязда қатып қалатын болса, оны тоқтаған 

кезде көтеріп қойған дұрыс. Терезе сүрткіштің 

істен  шығуының  негізгі  себебі  –  оны  қатып 

қалғанда қосу болып табылады.

Классикалық  терезе  сүрткіштердің  екі 

кемшілігі бар: а) қорғаныс қаптамасы тесіліп, 

шарнирге  су  тиеді;  б)  сағатына  80  шақы-

рым  жылдамдықпен  жүргенде  терезе  сүрткіш 

жылжып,  терезе  бетінің  өн  бойын  тазалауды  қамтама-

сыз  етпейді.  Дегенмен  де  мұндай  кемшілігі  жоқ  терезе 

сүрткіштер шығарыла бастады, мысалға, Trico Innovision 

(бұларда  қысқыш  пен  шарнир  болмайды)  және  Valeo 

Silenso XTRM. Мамандар әр 15000 шақырым жүрген сай-

ын терезе сүрткіштерді айырбастап тұруға кеңес береді.

Әр  көлік  иесінде    терезені  тазалауға  арналған 

пластмассадан  жасалған  қалақша  және  қарды  сы-

паратын  сыпыртқы  болғаны  абзал.  Олар  әдетте  бір-

ге  сатылады,  бағасы  1500  теңге.  Терезенің  сыртына 

қатқан мұзды  қалақшамен қыруға, сондай-ақ спирт-

пен  немесе  сүртуге  арналған  ешнәрсе  қосылмаған 

концентратпен  тазалауға  болады.  Терезеге  қатқан 

мұз  салон  ішін  жылытқан  соң  еріп  кетеді.  Егер  пеш-

ті ауа айдау  режиміне қоссаңыз салон іші үш  есе  тез 

жылиды, терезе де мұздан тез арылады, алайда салон 

ішінде  адам  болмауы  тиіс,  ол  буланған  ауаны  жұтуы 

мүмкін. Салон ішін тез жылыту үшін пешті барлық қу-

атына емес, орташа  қуатына қосу керек, себебі суық 

ауа  пештен  ақырын  өткен  сайын  ол  тез  жылып  үлге-

реді. Егер салон ішінде отырсаңыз, терезеде саңылау 

болғаны  жөн,  осылайша  ылғал  тез  буланып  кетеді. 

Қыста  көлікті  қоймас  бұрын  терезені  қатып  қалма-

уының жақсы  тәсілі бар – мотор мен пешті сөндіріп, 

бір-екі минутқа есіктерді айқара ашып тастау қажет. 

Сыртқы суық ауа салон ішіндегі ылғалды ауаны ығы-

стырып шығарады.

«Тұтандырып» алайын 

Қысты күндері таңертең көліктің от алмай қалуының 

басты себептерінің бірі аккумулятормен (АКБ) байланы-

сты. Сондықтанда көптеген көлік жүргізушілері қыстың 

алдында  жаңа  батареяны  орнатады.  Мұнда  габарит-

тері  бірдей    болғанымен  қуаты  күшті  АКБ-ны  таңдаған 

жөн.  АКБ  ескі  немесе  жаңа  болсын  оны  дұрыс  күтіп-

ұстау  қажет.  Ең  алдыменен  оның  электролитінің  тығы-

здығын  ареометр  көмегімен  өлшеп  тұру  керек.  Тығыз-

дығы 1,27 -1,28 г/см. қалыпты болып есептеледі, ол -58 

градуқа төтеп береді. Егер тығыздығы төмен болса, оны 

қуаттандырып алған дұрыс. Тығыздығын көбейтемін деп 

оған  тығыздығы  жоғары  электролит  құю  дұрыс  емес, 

одан  зақымдану әрекеті күшейіп, АКБ-ның жұмыс істеу 

мерзімі едәуір қысқарады.

Қыс  бойы  тұрған  АКБ  импульсы  от  алдыруға  қауқа-

ры жетпегенде не істеу керек? АКБ қуаты 20-30 пайызға 

азайса, оның шамдарды 30-40 секунтқа қосуға қуаты же-

теді. Осылайша оның бойында катодтық полярлану про-

цесі жүреді де қуаты күшейе түседі. Егер қуаты төмендеп 

кетсе ше? Онда оның бір ғана жедел шешімі бар – басқа 

АКБ-ны пайдалану керек. Кейбір жүргізушілер үйлерінен 

көлік  тұрағына  дейін  қосалқы  АКБ-ны  тасиды,  тұраққа 


52

№6(14)  желтоқсан 2015



LIFE MONEY

Автомектеп



Қысқы ауа-райында отынды жұм-

сау  20-40  пайызға  артады.  Алай-

да  тәжірибелі  жүргізушілер    жаңа-

дан  үйреніп  жүрген  жүргізушілерге 

қарағанда  отынды  15  пайызға  кем 

жұмсайды.

Отынды  жұмсау  көптеген  фактор-

ларға  байланысты  –  көліктің  массасы, 

оның  жай-күйі,  санаты,  жол  жағдайы 

және  жүргізушінің  тәжірибесіне.  Мо-

тор жұмысының режимін дұрыс таңдау 

қажет,  жылдамдықты  үдету  және  те-

жеу,  жол  жағдайын    ескеру  керек.  Бір 

қалыпты жылдамдықпен жүрген абзал. 

Тегіс  және кептелісі аз жолды таңдаған 

дұрыс.  Коленвал    шарықтау  шегінен 

0,4-0,7  көрсеткіште  айналғанда  отын 

аз  жұмсалады.  Ең  қолайлы  жылдам-

дық  сағатына  60  шақырым.  Аз  және 

артық  жылдамдықта  отын  көп  жұмса-

лады.  Тежелу  де  артық  отын  шығын-

дауға  алып  келеді,  сондықтан  да  алда 

келе жатқан көліктен арақашықтықты 

сақтаған  дұрыс.  Жылдамдықты  күрт 

арттыру  және  кеміту  отынды  жұмсау-

ды 20 пайызға көбейтеді.

Жылдамдық қорабы мен  жүру тетік-

тері  реттеуді  қажет  етеді.  Қысымның 

0,5кгс/см  түсіп  кетуі  отын  жұмсауды 

10 пайызға көбейтеді. Подшипниктерді 

тым  қатайту,  тежегіш  жүйесінің  ақауы 

және  реттелмеген  тораптар,  дөңгелек 

балансының  дұрыс  болмауы,  майдың 

шектен  тыс  қою  болуы  отынның  жұм-

салуына әсер етеді. От алдыру тетіктері 

мен отынды жұмсау бір –бірімен байла-

нысып  жатыр.  Отын  жұмсауда  саңыла-

удың  болуы    2  пайызға,  ертерек  от  ал-

дыру  –  5  пайызға,  кейінірек  от  алдыру 

бұдан артық мөлшерде үнемдеуге септі-

гін тигізеді. Артық жүктің болуы да бен-

зинді  жұмсауды  7  пайызға  көбейтеді. 

Бұл жолаушылар мен жүкке де қатысты.

V-transport.ru

ҮНЕМДЕУ

АЯЗ ТӘБЕТТІ 

ШАҚЫРАДЫ

түні бойы қойғанда АКБ-ны шешіп, таңертең оны қайта 

қосып жатады.

Тағы бір тәсіл – басқа АКБ-дан қуат алу үшін өзіне дей-

ін сым жалғайды, от алған соң оны ажыратады. Тек мо-

торды сөндірген соң ғана АКБ-ны шешіп, орнату керек. 

Клеммаларды ағытудың тәртібін білген абзал, ағытқан-

да  теріс  заряд  жағынан,    қосқанда  оң  заряд  жағынан 

бастайды.

«Тұтатудың»  тағы  бір  тәсілі  белгілі,  яғни  жұмыс  істе-

мейтін  АКБ-ға  жұмыс  істейтін  АКБ-ны    арнайы  сым 

арқылы  жалғайды.  Көлік  жасаушылар  оны  пайдалану-

дың  нұсқаулығында  бұл  тәсілді  де  жоққа  шығармайды, 

бұл  ретте  олар  қос  көлікті  де  істен  шығарып  алмауға 

кеңес береді.

Жаңа көлік жолда қалдырмас деме

Судай жаңа көліктің иесінде қыс айларында  көлі-

гім  ақаусыз  жұмыс  істейді  деген  соқыр  сенім  болма-

уы керек. Практика жүзінде көптеген жаңа көліктер, 

әсіресе  Эмираттардан  келетіндері  аязға  шыдамсыз 

болады. Бұның басты себебі олардың бойында жазғы 

маусымға  арналған  майлар  сұйықтықтар  құйылған: 

моторда,  гидрокүшейткіште,  суыту    және  басқа 

қондырғыларда.

Бұл сұйықтықтар көлік қай жерде пайдаланатын бол-

са, сол жердің климатына сай болуы керек.  Олай бол-

мағанда  көлік  иесі  қысты  күндері  таңертең  порталда 

күтіп  тұрғанда  уақытын,  қаржысы  мен  денсаулығын 

құртуға  мәжбүр  болады.  Қаржы  шығыны  300  бен  500 

доллар  аралығында  болуы  мүмкін,  бұған  көлікті  пор-

талдан автосервис орталығына жеткізу шығыны кіреді. 

Әрине арзан сұйықтықтарды құйып үнемдеуге болады, 

бірақ  жаңа  көлікке  күмәнды  сұйықтық  құйып  құртып 

алуға болады.

 Қысқы консервация

Егер сіздің көлікті қысқа дайындау және отынын қал-

таңыз көтермесе, қысқы тайғақ жолда сенімді түрде жүре 

алмайтын болсаңыз, онда көлікті консервацияға қоюды 

ойлағаныңыз  дұрыс.  Алайда  мұны  да  ақылмен  істеген 

жөн, кейіннен қыс біткен соң көлікті жөндеу орталығы-

на сүйреп апармас үшін.

Ең  алдымен  сақтау  орнын  сайлап  алу  қажет.  Ең 

дұрысы  –  қоңыр  салқын,  ауасы  желдетіліп  тұра-

тын  орын.  Ең  қолайсызы  –  темір  гараж.  Ашық  аспан 

астында, шатырсыз немесе шатыры жоқ жерде көлік-

ті  қою  да  ең  жаман  амал  емес.  Көлікті  жамылғымен 

жауып  қою  кузовтың  тез  тозуына  әкеледі,  жамылғы 

суланып,  булануына  жол  бермейді.  Жамылғы  жел-

мен  желпініп, ол лакты құртады. Көлік шатыр астын-

да тұрмаса, бетіне қонған қарды тазалап тұру қажет. 



53

№6(14)  желтоқсан 2015



LIFE MONEY

Автомектеп

Көлік гаражда тұрса терезеден саңылау қал-

дырыңыз, ол конденсаттың жиналып қалма-

уына жол бермейді.

Көлікті дұрыс конверсациялау үшін мынан-

дай әрекеттер жасаған жөн:

•  көлікті дұрыстап жуып, кептіру;

•  кузов бетіне балауыз  немесе полироль 

жағу,  таттанатын  тұстарын  таттануға 

жол бермейтін арнайы маймен сылау;

•  дөңгелектер  мен    резеңкелерге  күтіп-

ұстау құралдарын қолдану;

•  салон  ішіндегі  кілемшелерді  алып  та-

стау немесе оларды кептіру;

•  ауызы-мұрнына  дейін  толтырып  жа-

нар-жағар май құю;

•  аккумулятор клеммаларын ажырату;

•  цилиндрлерге    шприц  арқылы  50  грамм  мотор 

майын құю, соңынан май қабырғаларына бірдей 

болып жағылу үшін коленвалдарды бірнеше мәр-

те айналдыру;

•  май сіңген матамен түтін шығатын тұрбаны және 

ауа сүзгіштің шығатын тесігін тығындау;

•  барлық тетіктерден суды ағызу;

•  қаласаңыз  көліктің  дөңгелектерін  салмақ  түсір-

мес үшін колодкаға шығару;

•  көлік тетіктерін кеміргіштердің құртып тастамау 

жолдарын қарастыру.

Не болмаса көлікті мерзімді түрде от алдыртып, алға, 

артқа  бірнеше  мәрте  рет  жүріп  тұру.  Осы  кеңестерді 

орындаған жағдайда көктемде рөлге отырып, еш қиын-

дықсыз жүріп кете аласыз. 


54

№6(14)  желтоқсан 2015



LIFE MONEY

Денсаулық

САБЫРЛЫҚ, 

ТЕК ҒАНА 

САБЫРЛЫҚ

Қаржы дағдарысы адамның 

санасы мен іс-әрекетіне өзіндік 

өзгерістер енгізіп жатыр. 

Жайлылықтың ауылы алыстап

дағдарысқа дейінгі дағдылардан 

амалсыз арылуды әркім әрқалай 

қабылдауда. Кейбіреулері 

экономиканың шыр айналуына 

дайын болып, самурайлар секілді 

әр нәрсеге сабырлықпен қарауда, 

енді біреулері шыдамдылықтарын 

шыңдау үстінде.

Андрей Егорин


55

№6(14)  желтоқсан 2015



LIFE MONEY

Денсаулық

«Адамзат баласы 

ешқашан жақсы тұрып 

көрмегенін атап өткім 

келеді. Дағдарыс 

келіп-кететін жағдай. 

Қазір бізде бар 

болғаны экономикалық 

дағдарыс. Әрине оңай 

тиіп жатқан жоқ, бірақ 

адам психологиясына 

айтарлықтай 

ауыр тимейді»

Соңғы уақыттың дүмпулерін әркім 

өз жеке қасиетіне және тәжірибесіне 

қарай  қабылдайды.  Мұндай  жағдай-

ға  бұрын  тап  болып,  мәселені  өз 

бетімен  шешкісі  келетіндерде  қиын-

дықтан  шығудың  өз  амалдары  бар. 

Ал дағдарыстан салы суға кеткендер 

немесе  теңгенің  құнсыздануынан, 

жұмыс  орнынан  айырылуынан  шақ-

шадай басы шарадай болғандар үшін 

психологтардың  есіктері  ашық.  Де-

генмен  де  GM  сауал  жүргізген  ма-

мандар  дағдарыстың  кесірі  тиген 

клиенттердің көбейгенін байқамаға-

нын атайды.

Раушан Каримова, 

психологиялық ғылымдар 

докторы, профессор

«Психологтарға адамдар көп келе 

бастады  деп  айта  алмаймын.  Бұл 

біздің  көмегіміздің  қажеті  жоқ  де-

ген  сөз  емес,  адамдар  бұған  уақыт 

пен  ақшаны  құртуға  қажетті  ша-

руа  емес  деп  ойлайды.  Бізге  тек 

жағдай  ушығып  кеткенде  ғана  ке-

леді.  Халықтың  басым  көпшілігі  бү-

гінгі орын алып отырған жағдай қа-

лайда болатын еді деп қабылдайды. 

Адамдар  қазіргі  жағдайдағы  өмірге 

бойларын үйретіп жатыр, себебі өз-

герістер кеше, бүгін болған жоқ. Қа-

зақстандықтардың  бойында  өмірге 

деген  сыни  әрі  практикалық  көзқа-

рас қалыптасқан деп кесіп айта ала-

мын.  Бәрі  мұның  барлығы  ұзаққа 

созылатынын, 

ешкімнен 

көмек 

келмейтінін  және  осы  қиын-қы-



стау  кезеңді  барынша  эмоциялық 

шығынсыз  бастан  кешіруді  барша 

жұрт  түсінеді.  Мен  осы  орын  алған 

жағдайдан  аман-есен  өтетінімізге 

сенемін,  тұтынуымыздың  кейбірін 

шектейміз,  қажетіз  шығындардың 

заманы кеткен. Жұмыстағы қысқар-

ту бола қалатындай болса, «қосалқы 

аэродром» сайлап алған жөн, күннің 

күркіреуін  күтпей,  оған  жан-жақты 

дайын  болу  керек,  психологиялық 

жағынан да. Кәсіби салада басқа ма-

мандыққа қарай ойысу керек болуы 

да  мүмкін.  Ең  маңыздысы  қиын  жағдайда  жалғыз  қа-

лып қоймау. Мұндайда отбасы мен достардың қолдауы 

аса қажет. Ницшенің жазғаны бар: егер өмірлік мақса-

ты болса, адамның бәрін бастан кешіруге күші жетеді. 

Жаныңыз қалайтын істі таңдап алыңыз, бар көңіліңізді 

соған аударыңыз, қайғы-мұңнан арылыңыз, бәрі жақсы 

болады».


Анна Кудиярова, 

Орталық Азия психоталдау 

институтының басшысы

«Ұнжырғасы  түсіп  кеткен  адамдарды  әлі  байқаға-

ным жоқ. Соңғы бірнеше айдың ішінде халық көндігіп, 

тіпті тынышталды десем де болады. Мынандай қанаты 

сөз бар: адам үш күннен кейін көрге де үйренеді. Бұл 

жақсы  да,  адамның  өмірге  психологиялық  бейімделуі 

туа біткен қасиеті. Қалай болғанда да өмір сүру керек 

екендігін  барлығы  жақсы  түсінеді,  өмірге  деген  құл-

шыныс тұла күш, екі көлбақа туралы хикая естеріңіз-

де болар? Кең ауқымда ойлатын болсақ, соғыстың бол-

мағаны,  аш  адамдардан  гөрі  тоқ  адамдардың  басым 

болуы жақсы, себебі әлеуметтік дүмпулердің орын алу 

мүмкіндігін азайтады. Ал экономикалық қиындықтар-

ды қалыпты жағдайда бастан кешіреміз. Менің ойым-

ша  қазір  ең  бастысы  дүрлікпеу  керек,  жинақталып, 

2008  жылғы  дағдарыстың  тәжірибесін  еске  түсірейік. 

Сол  кездегі  дағдарыс  кенеттен  келді,  көпшілігі  оған 

дайын  емес  еді,  сол  күндері  зардап  шеккендерге  пси-

хологиялық  көмек  көрсету  туралы  сөз  қозғауға  бо-

лар еді. Енді біз қандай да бір жағдайларға дайынбыз. 

Әлеуметтік  желілерге  зер  салып,  оны  пайдаланушы-

лардың  көпшілігі  көбейіп  кеткен  валюталық  тұрақ-

сыздықтар  туралы  әзілдегенін  көремін.  Құр  босқа 

байбалам  салғаннан  гөрі  қиындықты  осылай  қабыл-

даған  дұрыс.  Рас  деликатестерді  аз  жеп,  ойын-сауық, 

саяхаттар  шығынын  қысқартамыз,  осылайша  отбасы 

құндылықтары  алдыңғы  қатарға  шығады.  Жан-жақты 

дамыған  тұлға  арақ-шарап,  есірткі,  діни  секталарға 

қызықпайды,  ол  өз  шаңырағының  шуаққа  толуына 

алаңдайды. Рухы күшті адамдар бұл дағдарысқа төтеп 

береді,  бизнестің  жаңа  түрін  ойлап  шығаруы  да  мүм-

кін,  осылайша  жаңа  жұмыс  орындарын  ашып,  дағда-

рыстың біту мерзімін жақындатады».

Анжелика Мерсиянова, 

Bliss психологиялық орталығының 

директоры

«Адамзат  баласы  ешқашан  жақсы  тұрып  көрме-

генін атап өткім келеді. Дағдарыс келіп-кететін жағдай. 

Қазір  бізде  бар  болғаны  экономикалық  дағдарыс.  Әри-

не  оңай  тиіп  жатқан  жоқ,  бірақ  адам  психологиясына 


56

№6(14)  желтоқсан 2015

айтарлықтай ауыр тимейді. Экономикалық құл-

дырау  сіздің  салыңыздың  суға  кетуіне  жол  бер-

меңіз. Жағымсыз жаңалықтарға бір мезгіл көңіл 

бөлмеңіз. Өз ойыңызды ретке келтіріңіз. Есіңізде 

болсын:  жарқын  сезімдер  күйзелістерден  арыл-

тады.  Бұл  әлемде  ләззат  сыйлайтын  нәрселер 

жетерлік,  оның  біршамасына  ақша  төлеудің  қа-

жеті  жоқ.  Көз  сүйіндіртер  көк  аспанға  қараңыз, 

балалардың  ойнап,  күлгенін  қызықтаңыз.  Сөре-

дегі  оқылмай  қалған  кітаптарды  оқып  бітіріңіз. 

Ең  бастысы  өз  достарыңыз  бен  әріптестеріңізге 

қолдау  көрсетіңіз,  олар  сізге,  сіз  оларға.  Ізгі  ни-

еттегі сөздер айтуға сараңдық танытпаңыз. Бір-

біріңізді назардан тыс қалдырмаңыз және қиын-

дықтың алдында қасқайып тұрыңыз».

Елена Алферова, психолог

«Бұл  қаржы  дағдарысы  бұрынғыларына  қа-

рағанда  ерекше,  қазір  адамдардың  көпшілігін-

де  ақша  бар,  соңғы  уақытта  болған  оқиғалар 

қиын  кезеңдерге  арнап  ақша  қорын  жасап  қо-

юға  үйретті.  Осы  мезетте  біз  жол  айырығын-

да тұрғандаймыз: сатып аламыз ба әлде кейінге 

қалдырамыз  ба,  сатамыз  ба  әлде  сатпаймыз  ба, 

ұлттық  валюта  бағамының  үнемі  өзгеріп  оты-

руынан ұтылып қалмайтындай ақшамызды қай-

да саламыз. Осында келіп белгілі бір дүрлігу туа-

ды. Алайда бұл мейрам алдындағы қызу саудаға 

әсер ете қойған жоқ. Гипермаркеттер алдындағы 

тұрақтар  көлікке  толы,  жаңа  жылдық  жәрмең-

кедегі ығы-жығы сауда, жыл сайынғы мерекелік 

корпоративтер  тізбегі  –  соның  айғағы.  Бұл  бір 

жағынан жақсы да, алда Жаңа жыл келе жатыр, 

құттықтаулардың,  сыйлық  сыйлау,  келер  жылы 

өткен  жылмен  салыстырғанда  жақсырақ  бола-

ды деген үміттену науқаны басталды. Ізгі ойдың 

теріс сипаттағысынан қашан да күшті болатыны 

баршаға аян, сондықтан да қанша қиын болса да 

жақсылыққа  жақын  жүріңіз,  туғандарыңыз  бен 

таныстарыңызды құттықтаңыз, ізгілік пен маха-

ббаттың асыл дәндерін себіңіз. Сондай-ақ эмоци-

ялық өрлеу кезінде бұрын бойда бұйығып жүрген 

таланттар мен дарындар ашыла түсетіндігін еске 

салғым келеді. Оларды қалай және қашан пайда-

лану керектігін әркім өзі шешеді, өзіңді көрсету-

дің  қазір  жолы  жетерлік.  Бастысы  әрине  бұғып 

қалмау  керек.  Бәсекелестеріңіздің  де  сіз  секілді 

қиналып жүргенін ұмытпаңыз. Бар күшті жинап 

бір қадам жасауыңыз, тосын шешімге баруыңыз 

сізді  жеңімпаз  етеді.  Тұрып  қалмай,  бастысы 

артқа шегінбегеніңіз абзал». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет