Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


 Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік. 
Саяси билік – саясат туралы ғылымның алтын өзегі, темір қазығы, басты 
категориясы, түбегейлі түсінігі. Саяси биліктің мәнін, оның механизмдері мен 
басты принциптерін, әлеуметтік рөлін білу арқылы ғана қоғамдағы санқилы 
әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси процестердің өзара 
байланысын, қызмет атқаруын және дамуын жан-жақты түсінуге, олардың 
ішкі қатпарларына зер салып үңілуге болады. Сондықтан бұл тақырыпқа 
қатысты мәселелерді қарастыруды мына сұрақтар төңірегіне топтастырған 
ыңғайлы сияқты. 
Мемлекеттік билік ол саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын 
жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент 
қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы 
мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси 
билікте ондай өкілеттік болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің 
құрамында болғанымен саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға 


 
бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана. Саяси биліктің негізгі 
мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. Мемлекеттік билік саяси 
биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады. 
Биліктің қызметтері, жіктелуі 
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар: 
1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру. 
2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру. 
3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару. 
4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау. 
5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау. 
6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және 
мемлекеттік құрылысты құру. 
7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау. 
8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу. 
9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет