Диссертация «мектепке дейінгі ересек жас топ балаларының математикалық модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру»


модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата03.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89424
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
akhan ko mektepke deiingi eresek zhas top balalarynyn matema

модельдеу әдісі арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру 
экспериментінің нәтижесі
Енгізілген бағдарлама бойынша «Тұлпар» тобының балаларымен 
жұмыстар жүргізілді. «Тұлпар» тобында жалпы 27 баланың ішінде 
карантиндік жағдайға байланысты 15 бала оффлайн, 12 бала (қашықтан) 
онлайн қатысты. Оқу қызметтеріне онлайн қатысқан балаларға күнделікті 
ҰОҚ бөлек бағдарлама бойынша түсіндіру жұмыстары, аудио-, видео-
материалдар және тапсырмалар жіберіліп отырды. Қашықтан қатысқан 12 
баланың ата-анасымен тікелей қарым-қатынасқа түсіп, кері байланыстар 
алып отырдық. Оффлайн қатысқан 15 бала күнделікті оқу қызметтеріне 
қатысып, оқу қызметтерінен тыс жұмыстарға, апта сайын бағдарлама 
жоспарына сай жүргізілетін жұмыстарға белсенді түрде толық қатысты. 
Бағдарлама бойынша балалар игеруі тиіс тақырыптар 15 тақырыпқа бөлініп, 


74 
бастапқы мониторинг пен аралық мониторинг аралығында, сәйкесінше қазан-
қаңтар айлары аралығында жүргізілді. 
Бағдарлама бойынша дамыту жұмыстарын жүргізу барысында қашықтан 
оқитын балаларға арналып ата-аналарға онлайн бағыт-бағдар беріліп, тікелей 
қарым-қатынасқа түстік. Сонымен қатар, күнделікті оқу қызметтерінің 
тақырыптарына байланысты видео-, аудио-материалдардан бөлек, «Қарлыға 
Ахан» ютуб каналында видео материалдар және телеграм месенджерінде 
«Qarlygamen birge» канал ашылып, үй жағдайында жасауға болатын 
математикалық ойындар, тапсырмалар салынып отырды. Ата-аналар 
күнделікті берілген тапсырмаларға бей-жай қарамай, жауапкершілікпен 
атсалысып, балаларының танымдық, математикалық-логикалық дағдыларын 
дамытуда біршама жұмыстар жасады. Күнделікті тапсырмаларды 
жібергеннен соң, міндетті түрде кері байланысқа шығып отырды, осы 
арқылы біз қашықтан болса да, балаларды жан-жақты дамуға мүмкіндік 
алдық. 
Сонымен қатар, балалардың танымдық қабілеттерін математикалық 
модельдеу әдісімен дамыту жұмыстары барысында «Қызықты математика», 
«Есептейміз. Салыстырамыз» лэпбуктары жасалды. Бұл лэпбуктардың 
мақсатын балалардың балалардың сан, санау туралы түсініктерін дамытып, 
балаларды «=», «>» «<» таңбаларымен және оның мәнімен таныстыру; жиын 
элементтерін анықтап, сол жиыннан топ құрауға, тең дәрежелі жиындарды 
табуға үйрету; балалардың зейінін, сөйлеу, және дәптерде бағдарлау 
қабілеттерін дамыту; жай есептер мен қарапайым мысалдарды шығара білуге 
үйрету; сандарды қосу және азайту амалдарын суретпен сәйкестендіре 
білугедағдыландыру болып табылды. Лэпбуктарды оффлайн қатысқан 15 
бала оқу қызметтері, жеке дамыту жұмыстары барысында пайдаланса, 
онлайн қатысқан 12 баланың ата-аналарына электронды нұсқасы және 
жасалу жолы түсіндіріліп, пайдалануға берілді.
Балабақша тәрбиешілермен «Математикалық модельдеу – баланың 
танымдық дағдысын дамытудағы маңызды әдіс» тақырыбында семинар 
жүргізілді. Семинарға балабақшаның 14 педагогы қатысты. Аталмыш 
семинар тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу қызметінде математикалық 
модельдеу әдісін қолдана білуді, қолда бар берілген материалдармен баланың 
қызығушылығын арттыруды, педагогтардың білігі мен білімін ары қарай 
дамытуды мақсат еткен болатын. Семинар барысында «математикалық 
модельдеу» әдісі және баланың танымдық дағдыларын дамыту барысында 
бұл әдістің берер пайдасы мен маңыздылығы туралы түсіндіріліп, 
ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қолдануға болатын ойындардың 
біршамасы көрсетілді, тәрбиешілерге нұсқаулықтар берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет