№9 Тақырып: 9 саны және цифры. 9 санының жасалуы. Жай есептер
мен мысалдарды шығару.
Қолданылатын көрнекі-құралдар: 9 саны, 9 санының жасалуына
байланысты карточкалар, қарапайым мысал есептерді шығаруға арналған
сиқырлы қорапша, «Саусақтармен есепте» ойыны
Күтілетін нәтиже:
9 саны және цифрын біледі.
9 цифрының жазылуы туралы түсінікті игереді.
9 саны көлемінде тура және кері санауды, 9 заттан тұратын топ құрауды, 9
цифрын тануды меңгереді.
№10 Тақырып: Сандарды салыстыру. «Артық», «кем» таңбалары.
Қолданылатын көрнекі-құралдар: «<», «>», «=» таңбаларының
суреттері, карточкалар, «Қолтырауын», «Ілмектер мен суреттер» ойыны
Күтілетін нәтиже:
Сандарды салыстыруға болатынын, «артық, кем, тең» қатынастыраны біледі.
Таңбалардың көмегіменсандарды салыстыру нәтижесін жазуды иегереді.
№11 Тақырып: 10 саны және цифры. 10 санының жасалуы. Жай
есептер мен мысалдарды шығару. 0-10 сандары. Тура және кері санау. 1-ді
қосу және азайту.
Қолданылатын көрнекі-құралдар: 10 саны, 10 санының жасалуына
байланысты карточкалар, қарапайым мысал есептерді шығаруға арналған
сиқырлы «Алма ағашы», «Киім ілгіш» ойыны
Күтілетін нәтиже:
1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарын, кері және тура санай білуді, 1-ді азайту
және 1-ді қосу арқылы келесі санды шығару жолын біледі.
1-дә қосу және азайтумысал есептерін шығаруды игереді.
бір-бірден қосу және азайтуды; 10-ға дейін кері және тура санауды меңгереді.
№12 Тақырып: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру. Теңдік және
теңсіздік. «<» ,«>» таңбалары.
Қолданылатын көрнекі-құралдар: «Қызықты математика» лэпбугы, 1-
ден 10-ға дейінгі сандар, «=», «<», «>» таңбалары, суреттер құрастырғыш
ойыншықтар
Достарыңызбен бөлісу: |