Жабылмайтын жалғыз есік
Бұрынырақта өмір сүрген бір ханның әдемі
бақшасы болса керек. Небір алуан түрлі хош иісті
гүлдерге толы бұл бақшаға бір күні хан келіпті. Өйткені
бақша күзетшісінің әйелі ажарлы екен. Келе сала бақша
күзетшісін бір жұмысты сылтауратып жұмсап жіберіп,
хан бірден оның әйеліне көзін қадап:
– Бар да бақшаның барлық есіктерін жауып кел.
Бір де бір есік ашық қалмасын, – дейді.
179
Таңдамалы әңгімелер
Алайда бақша күзетшісінің әйелі ажарлы ғана
емес, ар-ұятты білетін өте ақылды да еді. Әйел бірден
ханның жаман пиғылын сезеді. Есікті жаппақ болып
кеткендей бір ағаштың артында сәл тұрып келгеннен
кейін ханға қарап:
– Хан-еке! Есіктердің бәрін де жаптым, алайда
бір есікті жабуға әлім келер емес. Қанша тырыссам да
жаба алмадым, – депті.
Хан:
– Ол қай есік? – деп сұрапты таңырқап.
Сонда дәл осы ұрымтал тұсты күтіп тұрған әйел
оған:
– Ол есік – Аллаһ тағаланың өз құлдарының не
істеп, не қойып жатқандарын түгел көріп тұратын «Ба-
сир» (көруші) есігі еді, – депті ханды ойлантпақ ниет-
пен.
Бұны естігенде төбесінен біреу қос қолдап тұрып
бір қойғандай, есін жиып ала қойған хан дереу әйелден
кешірім сұрап, Аллаһ тағаланың алдында тәубаға
келіпті. Екінші рет ондай жаман ойға бармас үшін де-
реу Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарының біреуінің
қасына барып, имани ислами дәрістер ала бастап-
ты. Көп өтпей-ақ әлгі хан Аллаһ тағаланың сүйікті
құлдарының қатарына қосылса керек.
Енжарлықтың емі
Ертеде бір ханның жар дегенде жалғыз баласы бо-
лыпты. Хан баласы туғаннан не ішем, не кием демеген-
мен сондай бір еңсесін басқан көңілсіздік пен өмірге
деген енжарлықтан арыла алмаса керек. Баласының
қашан болсын салғырттығы мен бойкүйездігін байқаған
180
Тағылым тамшылары
әкесі хан елдегі ең данышпан деген кісіні шақыртып,
оған баласын бұндай босаңдықтан арылтуды қатаң
тапсырыпты.
Баланы қайтсем жөнге келтірем деп шақшадай
басы шарадай болып шарасыз күйге түскен данышпан
қанша шарласа да бұған ешқандай дауа таба алмаса ке-
рек. Ең соңында тым болмаса, өз басын аман алып қалу
үшін алыс елге қашып кетуді ұйғарыпты.
Дорбасын арқалап ел сыртындағы бір қырға жет-
кенде, қой жайып жүрген бір балаға кездесіпті. Бала
әлгі данышпанға: – Бүгін өзіммен бірге тамақ алуды
ұмытып кетіппін. Мен ауылға түсіп қайтқанша сіз
малдарыма қарап беріңізші? – деп жатып кеп өтініпті.
Бала өтінішін жерге тастай алмаған данышпан келісіп,
өрістегі малдарға қарап қалыпты.
Бала кете сала-ақ мал ішінде ойнақтап жүрген бір
лақ байқаусызда тереңірек бір жыраға түсіп кетіпті.
Малға қарап отырған данышпан өзіне табыстап кеткен-
нен кейін ұялғандықтан жыраға түсіп, әлгі лақты алып
шықпақ болып әрекет жасай бастапты. Лақты жыра-
дан сыртқа алып шығу оңайға соқпапты. Көп әуреге
түсіп жүріп, өзінің жүрегі аузына тығылып қашып келе
жатқанын, еңсесін басқан зіл уайымды, патша әмірінен
қатты қорыққандығын – бәрін де ұмытып кетсе керек.
Ақыр соңында ақ тер, көк тер болып, лақты арқасына
байлап жатып әрең сыртқа алып шыққан данышпан бұл
әрекеттен өмірдің бір шындығына көз жеткізгендей
болыпты.
Қойшы бала тамағын алып ауылдан шауып кел-
генде, малын өзіне табыстаған данышпан дереу еліне
қайтыпты. Келе сала патша ордасына ат басын тіреп: –
181
Таңдамалы әңгімелер
Мен сіздің балаңыздың емін таптым, – депті қуанғаннан
жүрегі жарыла жаздап.
Патша маңайындағы уәзірлердің бәрімен даныш-
панның сөзіне құлақ қойғанда, ол өз емін:
« – Тақсыр, балаңызды бойкүйездік пен енжар-
лықтың шырмауынан арылтатын бірден-бір тәсіл –
оған жауапты бір жұмыс тапсыру. Балаға жүктер істің
жауаптылығы неғұрлым көбірек болған сайын баланың
да өз бойындағы бойкүйездіктен соғұрлым арылары
сөзсіз. Балаңыздың салғырттық пен болбырлыққа са-
лынуы жұмыссыздық пен қолы бостық салдарынан.
Балаңыз берілген жұмысты қолға алып, өзінің сол
жұмысқа деген жауапкершілігін сезіне кіріскен кез-
де уақыт та сондық жылдам өтіп, оның өмірге деген
қызығушылығы мен құлшынысы да арта түседі, – деп
өмірден алған сабағын қорытқан екен..».
Әділ би
Бір күні бір кісі базарға барып жылқы сатып алып-
ты. Үйге әкеліп қараса, сатып алған аты ауру екен.
«Қой, бұны тез апарып иесіне қайтып өткізбесем бол-
мас» деп жолға шыққанда, ойына алдымен төреші
биге соғу түсіп, мән-жайды түсіндіріп, куәландырып
алмақ болыпты. Алайда биге барғанмен ол күні биді
өз орнынан таба алмай кеш батып кетіп, ат жайы
келесі күнге қалыпты. Келесі күні қараса, ауру ат өліп
қалыпты. Содан биге барып болған жайды тегіс баян-
дапты. Би әлгі адамның әңгімесін тыңдап болғаннан
кейін: – Сенің атыңның ақшасын мен төлеп беремін,
– депті. Таңғалған ат иесі: – Неге сіз төлеуге тиіссіз?
Бұл жерде сіздің ешқандай кінәңіз жоқ қой? – деген-
182
Тағылым тамшылары
де, би: – Қалайша менің кінәм жоқ, сен алған аттың
ауру екенін біле сала кеше мені іздедің, ал мен өз ор-
нымда отырғанымда, онда барып атты сатқан иесіне
қайтартып, ақшаңды алып берер едім. Мені кеше
таба алмауың себепті сен бүгін осындай күйге түсіп
қиналып отырсың. Сондықтан бұл жердегі үлкен кінә
– ол менде, сол үшін де өз кінәмді мойындап, өлген
аттың ақшасын мен төлеуім керек, – деп түсіндірген
екен.
Тура би қашанда туралығын көрсетпек.
Достарыңызбен бөлісу: |