2
6В07205 «Пайдалы қазбаларды байыту»
Модульдік білім
беру бағдарламасының
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты
4
1.
Модульдік білім беру бағдарламасының паспорты
4
2.1
Мамандықтар мен лауазымдардың тізімі
4
2.2.
Түлектің біліктілік мінездемесі
4
2.2.1.
Кәсіби қызмет ортасы
4
2.2.2. Кәсіби қызмет нысаны
4
2.2.3.
Кәсіби қызмет пәні
4
2.2.4. Кәсіби қызмет түрлері
4
2.2.5. Кәсіби қызмет функциясы
5
2.2.6.
Кәсіби қызмет бағыты
5
3. Модульдік білім беру бағдарламасының картасы
6
4. Жиынтық кесте
37
3
Кіріспе
6В07205 «Пайдалы қазбаларды байыту» Модульдік білім беру бағдарламасы келесідей нормативтік құжаттар негізінде әзірлеген:
Қазастан Республикасының 31.03.2021 жылғы № 24-VІI өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2007 жылғы 27 шілдегі №319-III
ЗҚР «Білім туралы» Заңы.
Сәйкес типтердегі білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелері (ҚР Білім және ғылым министрінің 30.10.2018 жылғы № 595
өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 24.12.2020 жылғы № 539 қаулысы).
Тиісті білім беру деңгейлеріндегі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (МЖМСТ) (ҚР Білім және ғылым
министрінің 05.05.2020 жылғы №182 өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2018 жылғы 31 қазанғы № 604 қаулысы).
Кредиттік оқыту технололгиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері (ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20
сәуірдегі №152 бұйрығы, 12.10.2018 жылғы № 563 өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.12.2020 жылғы № 553 бұйрығымен бекітілген.
«Басшылар, мамандар мен басқа қызметкерлердің біліктілік анықтамалығы».
Модульдік білім беру бағдарламасы
білім беру мақсатын, міндеттері мен нәтижелерін,
оқу жұмыс жоспарлары мен
бағдарламаларының құрылымын және мазмұнын, оларды жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерін, оқу процесін және білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалау критерийлерін оқу-әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етуді анықтайтын кешенді құжат болып табылады.