2. Тіндердің үнемі жаңаруы мен ферменттердің, гормондардың, биологиялык
активті заттардың (БАЗ) түзілуі, организмнің қалыпты тіршілік әрекеті үнін
құнды белоктардың жүйелі түрде тағаммен түсіп отыруын қажет етеді.
Белоктардың тапшылығы кезінде организмде гормондардың, ферменттердің,
БАЗ-ң синтезі бұзылады. Егер белок тағаммен түспесе, онда белоктардың
жаңалануына тіршілік үшін маңызы зор мүшелердің (ми, жүрек, бүйрек,
бауыр) және бұлшық еттің белоктары пайдаланылады.
3. Белоктар организмде өте маңызды көп салалы қызметтерді: реттеуші,
тасымалдау, құрылымдық, катализдік және т.б. қызметтерді атқарады, бұл
аталған қызметтерді майлар мен көмірсулар атқара алмайды. Тағамда
белоктардың жетіспеушілігі организмде, әсіресе өсіп келе жатқан организмде,
жүктілік кезінде ауыр зардапқа шалдықтырады.
заттар алмасуы - өзара тығыз байланысқан көптеген биохимиялық
реакциялардың біртұтас үрдісі. Мұндағы жетекші рольді белоктар атқарады.
Белоктардың, көмірсулардың және липидтердің салыстырмалы түрде өзара
байланысы мүмкін болғанмен, ағзада алмастырылмайтын амин қышқылдары
түзілмейді, сондықтан құнды белоктар да синтезделмейді.
Белоктар мен көмірсулар ұзақ уақыт бойы организмнің қалыпты тіршілік
әрекеттеріне жағдай жасайды. Дегенмен, бұл егер ағзаға минералды заттар, су,
витаминдер қалыпты мөлшерде түскенде ғана мүмкін болады. Егер басқа
заттар жеткілікті мөлшерде түсіп тұрса, адам көмірсуларсыз өмір сүре алады.
Достарыңызбен бөлісу: