Байланысты: Ас орыту ж йесі биохимия ас орыту туралы т сінік
18. Аш ішектегі процестер, заттардың сіңуі Ащы ішекте қуыстық және қабырғалық асқорыту болады.
1)Қуыстық - ішек қуысына түскен ас қорыту сөлі және оның ферменттерімен
іске асырылады. 2) Қабырғалық ас қорытуда пайда болған мономерлер қанмен
лимфаға сіңіріледі. 3) Мембраналық ас қорыту гликокаликс қабатында,
мембрана бетінде және микробүрлер жасушалары мембранасының өзінде
жүреді.
Ащы
ішек
моторлық
қызмет
атқарады.
Реттелуі:1) Миогенді – ішек бұлшықет автоматиясы, жиырылуы. 2) Жүйкелік
– парасимпатикалық жүйке моториканы жоғарылатады, симпатикалық жүйке
моториканы бәсеңдетеді. 3) Гуморальдық – гормондармен реттеледі.
Ащы ішектің алдыңғы бөлімінің кілегей асты қабығында бруннер бездері, ал
оның ұзына бойының кілегей қабығында либеркюн бездері орналасады.
Бруннер бездері бөлетін сөл құрамы мен қасиеттері жағынан қарынның
пилорус аймағының сөліне ұқсас . Ол түссіз, қою, сілтілік қасиеті бар сұйық .
Оның құрамында бокал тәрізді Жасушалар бөлген шырыш, қышқылдық
ортада әрекет ете алатын пепсинге ұқсас фермент және майлар мен крахмалды
ыдырататын ферменттер болады. Адамда қарын сөлі ішекке өткенге дейін
ұлтабар ұшында әлсіз сілтілік орта (рН — 7,2—8,0) сақталады. Ішекке қарын
сөлі өтісімен мұндағы орта кышқылдық жаққа ығысады да, соңынан ішекке
қүйылған сөлдердің әсерімен қышқылдар бейтараптанады. Соңдықтан
ұлтабар ұшында рН — 4,0—8,5 аралығында ауытқып отырады.Жалпы алғанда
ішек сөлі ірімтіктелген түйіршіктері бар, щырышқа бай, лайлы сұйық . Ол
тығыз бөліктен және сұйық заттан тұрады. Ішек сөлінің құрғақ затының
құрамында натрий, калий, кальций элементтері, карбонаттар, хлоридтер
сияқты бейорганикалық қосылыстар мен әр түрлі органикалық заттар —
шырыш пен ас қорыту ферменттері (энтерокиназа, пептидазалар жиынтығы,
амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, липаза) — болады.Ішек сөлі
құрамындағы ірімтік түйіртпектер ішек кілегей қабығынан сыдырылып түскен
эпителий Жасушаларынан, шырыштан және холестериннен тұрады.
Түйіртпектер құрамында көп мөлшерде тұтылған (адсорбцияланған)
ферменттер болады.