33
(жұмыстар) осы пән бойынша курстық жобаны
(жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді мең-
геруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлігі
немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.
Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында
осы модуль немесе
пән бойынша емтихан неме-
се қорытынды сынақ түрінде аралық аттестаттау
көзделмесе, сынақтар келесі семестрге өтетін мо-
дульдер, пәндер бойынша өткізіледі. Сынақтар
ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша қойыла-
ды және кестеге енгізілмейді.
Сараланған сынақтар курстық жобалар (жұмы-
стар), кәсіптік практика, сондай-ақ тізбесі оқудың
жұмыс жоспарына
сәйкес анықталатын арнайы
модульдер бойынша жүргізіледі.
Күндізгі, кешкі және сырттай оқу бөлімінде-
гі білім алушылармен аралық аттестаттауды ұй-
ымдастыру мақсатында, жыл сайын аралық атте-
статтау кезеңіне емтихандар мен консультациялар
кестесі құрастырылады.
Аралық аттестаттау ке-
стелері оқу жылына бекітілген оқу процесінің ке-
стесіне сәйкес және оқудың қолданыстағы жұмыс
бағдарламалары мен жоспарлары негізінде құра-
стырылады.
Аралық аттестаттау кестесін құрастыру кезінде
мынадай шарттарды ескеру ұсынылады:
- аралық аттестаттауды өткізу мерзімі оқу про-
цесінің кестесінде бекітілген мерзімге сәйкес ке-
луі тиіс;
- білім алушыларға әрбір емтиханға дайында-
луға кемінде 3 күн
берілуі тиіс;
- бір емтиханда екі оқытушының болуын ескере
отырып жоспарлау.
34
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымдарында білім алушыларды қоры-
тынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде және
оқудың жұмыс жоспарларында көзделген мерзім-
де техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стан-
дарттарында айқындалған нысанда жүргізіледі.
Мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімі ұй-
ымының оқу процесі кестелері үнемі сәйкес келе
бермейтінін ескере отырып, бір мамандықтың те-
ориялық сабақтар кезеңін басқа мамандық бойын-
ша аралық аттестаттау кезеңіне салу орын алады.
Мұндай жағдайларда, егер оқытушы теориялық
оқу мен аралық аттестаттауда бір уақытта болса,
бөлімше меңгерушілері
тиісті циклдік комисси-
яның төрағаларымен бірлесіп, оқытушы аралық
аттестаттауда болған күні теориялық сабақ жүргі-
зетін оқытушыны ауыстыруды алдын ала көздеуі
тиіс.