36
Оқудың сабақ
кестелерінің орындалуын
ағымдағы бақылауды оқу бөлімінің қызметкер-
лері жүзеге асырады. Директордың немесе дирек-
тордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының өкімі
бойынша аудиториялық
қордың пайдаланылу
тиімділігін, оның жай-күйін және сабақ кесте-
лерінің орындалуын тексеру бойынша арнайы
уақытша комиссиялар құрылуы мүмкін.
Колледж ішіндегі бақылаудың негізгі объектісі
білім беру
процесі болып табылатындықтан, са-
бақ кестелерінің орындалуын бақылауды колледж
ішіндегі бақылау жоспарына енгізу ұсынылады.
Колледж ішіндегі бақылау қорытындылары оқу
орнының педагогикалық, әдістемелік кеңестерінің
отырысына шығарылады.