Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет19/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
Адамның есту және тепе – теңдікті сақтау мүшелері – күрделі аппарат. Олардың атқаратын 
қызметтері: ауа толқынын, дыбыстарды қабылдау және денені кеңістікте тепе теңдікте ұстау. 
Анатомиялық ерекшелігі бойынша есту және тепе – теңдік сақтау жүйесі сыртқы, ортаңғы, ішкі 
құлақ болып үшке бөлінеді. Ал физиологиялық ерекшелігі бойынша, онда екі жүйе болады: 
дыбысты өткізуші және дыбысты қабылдаушы.Дыбысты өткізуші жүйеге сыртқы, ортаңғы, ішкі 
құлақтың кейбір элементтері жатады. Дыбысты қабылдаушы жүйеге ішкі құлақ немесе лабиринт 
жатады. Бұл бөлімде өте күрделі және маңызды акустикалық, вестибулярлық анализатордың 
рецепторлары орналасады.Есту және тепе – теңдікті сақтау мүшесі мимен есту және вестибулярлы 
нервтермен байланысқан. Бұл нервтердің талшықтары спиральді және вестибулярлы түйіндердің 
нейроциттерінің өсінділеріне жатады. Есту, тепе-теңдiк сақтау ағзасына құлақ жатады. Бұл 2 
ағзаның эмбрионалдьі дамуы эктодерма мен мезодерма қабатынан басталады.Алғашында 
Эктодермадан пайда болатын артқы ми деңгейiндегi есту плакодаларының, яғни эктодерманың 
қалың бөлімінің iшiне кiрiп, эпидермистен бөлiнетiн есту көпiршiктерiне ауысады. Ұрық даму 
жолында ол iшкi құлаққа өтедi. Есту көпiршiгінен шытырман дамиды. Ол алдында алмұрт пiшiндi 
болып, үстiңгi, төменгi қабырғалары бос өсiндi құра бастайды. Үстiңгi өсiн-iшкi сарысу жолы 
өскiнi болса, iшкi өсiн-құрыш жолы өскiнi болып, ұзарып, оралма түзедi. Кейiн құрыш жолы 
құрышқа айналады. Iшкi сарысу жолымен бiрге көпiршiктiң жоғарғы бетiнде үш жарты шеңбер 
жолы қалыптаса бастайды. Пайда бола бастаған сайша көпiршiктi сопақша және дөңгелек 
қапшықтарға бөлінедi. Есту көпiршiгi эктодермадан тұратын жарғақты шытырманға айналады. 
Шытырманның сыртын мезенхима жасушаларының массасы қоршап жатады.Мезенхима 
жасушаларының бiразы күштi өзгерiп, сұйықтыққа ауысып, жарғақты шытырманның айналасын 
толтыратындықтан шеткi сарысу бостығын түзедi. Бұған қатыспай, шытырманды қоршап жатқан 
мезенхима жасушалары шемiршектi есту қабығына ауысып, iшкi құлақты қоршап, қорғайды. 
Кейiн сүйектену жүрiп, сүйектi шытырман құрылады.Есту ағзасының маңызды бөлiгi-дабыл 
қуысы немесе орта құлақ қуысы тiптi басқа жолмен-алғашқы iшкi жұтқыншақ саңылауы қуысынан 
пайда болады. Олар бiр-бiрiнен бөлiнедi, бiрақ өзара байланысы евстахи түтiгi арқылы жүредi. 
Дабыл қуысы одан сайын өсiп, дамиды. Басында дабыл қуысынан тыс қалыптасатын есту 
сүйекшелерi, оның iшiнде табылып, одан орта құлақ кiлегейлi қабығымен бөлiнiп тұрады. Құлақ 
орналасуына, қызметiне байланысты: дыбыс тербелiсiн ұстайтын - сыртқы, дыбыс толқынын 
ұлуда шеткi сарысу сұйықтық (перилимфа) тербелiсiне айналдыратын - ортаңғы, перилимфа 
тербелiсiн жүйке тiтеркенiсiне айналдыратын - iшкi бөлiмдерден тұрады. Тепе-теңдiк сақтау 
ағзасы iшкi құлақта орналасқан.Сыртқы құлаққа - құлақ қалқаны, сыртқы есту жолы, дабыл 
жарғағы жатады.Құлақ қалқаны терімен қапталған эластикалық шеміршектен түзілген. Терінің 
көпқабатты жазық эпителий бетінде май безі өзектері орналасқан. Сыртқы есту жолының ішкі 
қабырғасы шеміршек тінінен түзілген. Ортаңғы құлақ. Ол дабыл қуысынан және есту 
сүйекшелерінен тұрады. Дабыл қуысы бір қабатты жазық эпителимен астарланған. Оның 
медиалды бетінде екі тесіктері бар. Бірінде үзеңгінің негізі орналасса, ал екіншісі талшықты 
мембранамен қапталған.Ішкі құлақ Ол сүйекті және жарғақты лабиринттен тұрады. Есту 
мүшесінің рецепторлы жасушалары спиральді мүшеде, ал тепе – теңдікті сақтау мүшесі макула 
қапшықтары мен тарақшаларда орналасқан. Лабиринт сүйекті және жарғақты болып екіге 
бөлінеді. Сүйекті лабиринт жарғақты лабиринтке тіректік, қорғаныш қызметін атқарады. 
Жарғақты лабиринттің қабырғасы дәнекер және эпителий тінінен тұрады. 
17. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы.Қантамырлардың 
жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік 
құрамы мен өзара байланысы.
Жүрек, қан тамырлар жүйесі- құрамында қоректік және биологиялық белсінді заттар, газдар, 
метаболизм өнімдері бар қан мен лимфаның ағзада таралуын қамтамасыз етеді.Былайша 
айтқанда,бұл жүйе адамның барлық ағзаларының тіршілігін қамтамасыз етеді.Осы жүйе қанды 
денеге таратушы қантамырлар мен сол қанды айдайтын аппараттан,яғни жүректен тұрады.Қан 
тамырлар дегеніміз диаметрі әр-түрлі тұйықталған түтікшелер. Олар тасымалдау қызметін 
атқарады, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін, қан мен тіндер арасындағы зат алмасуды 
реттейді. Барлық тамырлардың қабырғасы 3 қабықшадан тұрады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет