Нуржігіт Алтынбеков артериясы венозды қан тасмалдайды. Құрылысының ерекшеліктеріне байланысты артериялардың
3 түрін ажыратады:
1. Эластикалық артериялар
2. Бұлшық етті артериялар
3. Аралас (бұлшық етті-эластикалық) артериялар
Эластикалық артериялар ортаңғы қабықшаларында эластикалық құрылымдары ,яғни
мембраналары, талшықтары жақсы дамуымен ерекшеленеді. Оларға ірі артерияларды жатқызуға
болады. Мысалы, қолқа және өкпе артериясы.Ірі калибрлі артериялар тасмалдау қызметін
атқарады. Эластикалық элементтердің көп болуы бұл тамырларға жүректің систола кезінде
созылуына, ал диастола кезінде қалпына келуіне мүмкіндік береді.
Бұлшық етті артериялар.Бұлшық етті артерияларға (aa. myotypicae) орта және ұсақ калибрлі
тамырлар жатады. Бұл тамырлардың қабырғасында көп мөлшерде жазық бұлшық ет жасушалары
орналасады, олар мүшелерге қанның келуін реттеуге қатысады. Ішкі қабықшаның құрамына
эндотелий, эндотелий асты қабаты және ішкі эластикалық мембрана кіреді. Эндотелий
жасушалары базальды мембранада орналасады. Эндотелий асты қабаты борпылдақ талшықты
дәнекер тінінен тұрады, жіңішке эластикалық және коллаген талшықтары бойлай орналасқан.
Кейбір артериялардың (жүректің, бүйректің, аналық жыныс бездерінің, жатырдың, өкпенің) ішкі
қабықшасында бойлай орналасқан жазық миоциттер кездеседі.
Бұлшық етті-эластикалық немесе аралас артериялар. Құрылысы және қызметтік ерекшеліктері
бойынша бұлшық етті-эластикалық немесе аралас артериялар (aa. mixtotypicae) бұлшық етті және
эластикалық артериялардың аралық түрі болып табылады. Оларға ұйқы және бұғана асты
артериялары жатады. Ішкі қабықшаның құрамына эндотелий, эндотелий асты қабаты және ішкі
эластикалық мембрана кіреді. Ортаңғы қабықша тең мөлшерде жазық бұлшық ет жасушаларынан
және айналмалы бағытта орналасқан эластикалық талшықтар мен ойықты эластикалық
мембраналардан тұрады. Жазық бұлшық ет жасушалары мен эластикалық элементтердің арасында
аз мөлшерде фибробласттар мен коллаген талшықтары орналасады.
19. Веналар. Гемодинамикалық жағдайына байланысты вена қабырғасының құрылысы.
Веналардың түрлеріне байланысты (бұлшықетті, талшықты) құрылыс ерекшеліктері. Вена
клапандарының құрылысы. Лимфа тамырлары. Құрылысы және классификациясы.
Вена қантамырлары - мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне,
гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұксас
веналардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Бұл тамырлардағы қанның ағу жылдамдығы төмен,
қан қысымы да аз (15-20 мм с.б.б.) болғандықтан эластикалық компоненттері нашар дамыған.
Қанның ағымының жылжитын бағытына байланысты венаның қабырғасындағы бұлшық ет тініде
әр түрлі дамиды. Кейбір веналарда қақпақшалар болады. Олар қанның бір бағытта ғана жылжуын
қамтамасыз етеді. Веналар: бұлшық етті,бұлшық етсіз деп 2-ге бөлінеді. Бұлшық етсіз немесе
талшықты веналарға бас миының жұмсақ және қатты қабықшаларының, көздің торлы
қабықшасының, сүйектердің, көк бауырдың және плацентаның веналары жатады. Бұл тамырларда
қан өз салмағының ауырлығы арқылы ағады. Бұлшық етті веналардың өзін 3 топқа бөледі:
1. бұлшықеті нашар дамыған,
2. бұлшықеті орташа дамыған,
3. бұлшықеті жақсы дамыған.
Бұлшықеті нашар дамыған веналардың диаметрі әр-түрлі. Оларға дененің жоғарғы бөлігінің,
беттің және мойынның бұлшық етті артерияларымен қатар жүретін ұсақ және орта калибрлі
веналар ,ал ірі тамырлардан жоғарғы қуысты вена жатады. Бұл тамырларда эндотелий асты қабаты
нашар дамыған және ортаңғы қабықшасында жазық бұлшық ет жасушаларының мөлшері аз болып