Нуржігіт Алтынбеков келеді. Бұлшықеті орташа дамыған веналарға иық венасы, бұлшықеті жақсы дамыған веналарға
сан венасы жатады. Веналарда да 3 қабықшаны ажыратуға болады: ішкі, ортанғы, сыртқы. Ішкі
қабықшасында келесі қабаттарды көруге болады: эндотелий,субэндотелий Қақпақшалар осы ішкі
қабықшаның туындысы, тек құрамында жазық миоциттер болады. Ортаңғы қабықшасы
айналмалы бағытта орналасқан жазық бұлшық ет жасушаларының шоғырынан тұрады.Сыртқы
қабықша ортаңғы қабықшадан 2-3 есе үлкен болады. Құрамында бойлай орналасқан жазық
бұлшық ет жасушаларының шоғыры болады.
Лимфа тамырлары осы вена мен артерия қантамырлары тәрізді сұйықтық өткізетін жұқа
жақтаулы тамырлар .Лимфа тамырлары Қанайналым жүйесін толықтырады.Олар негізінен
ұлпалардан интерстициальды сұйықтықты сорады деп есептеледі. Лимфа қылтамырлары тамыр
жүйесінің қылтамырларына қарағанда біршама үлкен болады. Лимфа қылтамырлары лимфа
тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа
сұйықтығының бір бағытка қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің
қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы
вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады. Лимфа түйіндері лимфа
тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың
айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді
(иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау
болады. Осы ойыстау жерінде артерияқантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа
түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің
орналаскан жері: қолтық, шап, мойын,құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы
жақсүйeк және т. б. Лимфа жүйесінің қызметі:
1. Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.
2. Лейкоциттер түзеді.
3. Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады.
4. Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.
Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды.
Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар
түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ
қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы
жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена
тамырларына келіп қосылады.
20. Микроциркуляторлы арнаның қантамырлары. Гемодинамикалық жағдайына байланысы
құрылысы, зат алмасудағы маңызы. Артериолалар, олардың құрылысы және қанайналымдағы
маңызы
Микроайналым арнасына артериолалар, гемокапиллярлар, венулалар мен артериоловенулярлық
анастомоздар жатады. Қан тамырларының бұл қызметтік кешені қоршаған лимфалық
капиллярлар, лимфалық тамырлармен және дәнекер тінімен бірігіп мүшелерге келетін қанның
мөлшерін, зат алмасу үрдісін реттеуге қатысады, қанның қоймасы қызметін атқарады.
Капиллярлар ең көп және әрі жіңішке тамырлар. Капиллярлардың үш түрін ажыратады:
1. Соматикалық- эндотелий мен базальды мембранасы тұтас орналасқан.
2. Фенестрлі-эндотелий жасушаларының цитоплазмасының жұқарған аймақтары немесе
фенестрлері бар.
3. Синусоидты базальды мембрана мен эндотелий қабаттарында үзіктер пайда болады.
Соматикалық капиллярлар жүрек және қаңқа бұлшық ет тіндерінде, өкпеде, орталық жүйке
жүйесінде және т.б. мүшелерде кездеседі. Фенестрлі капиллярлар ішкі секреция бездерінде,