Нуржігіт Алтынбеков ІІІ- фолликулада күнгірт түсті шеткі аймағының анық білінуі , бұл жерде өте ұсақ лимфоциттердің
жиынтығы пайда болады .
ІҮ - ашық түсті реактивті немесе көбею орталықтың кіші лимфоциттермен қоршалуы немесе
тыныштық кезеңі деп аталады . Мұндағы кіші лимфоциттердің құрамында көбінесе В - еске сақтау
жасушасы басымырақ болады . Әрбір 2-3 сағатта реактивті орталық өзгеріп отырады , кейде ашық
білінбейтін кездері де байқалады . Лимфа сұйығымен келген антигендерді макрофагтар
рецепторлары аркылы В - лимфоциттерге информация береді . Осының нәтижесінде В -
лимфоциттер иммунобластарға айналады да , көбейіп біразы плазмоциттерге , қалғаны еске
сақтау жасушаларына айналады.
Қос қыртысты аймағы - бұл қыртысты затпен милы заттың арасында орналасқан паракортикальді
немесе тимусқа тәуелді бөлігі . Мұнда көптеген Т - лимфоциттер бар . Бүларға микроқоршау
болып макрофагтар мен фагоцитоз қызметін жойған интердегитацияланған жасушалар топтары
орналасқан бөлігі жатады . Бұл жасушалар бір - бірімен саусақ тәрізді өсінділер мен байланысады .
Интердегитацияланған жасушалардың негізгі қызметі гликопротеидтерді синтездеп , гуморальді
лимфоцитогенезге қатысады . Интердегитацияланған жасушалар лимфа сұйығымен теріден келген
деген болжам бар . Бұлар эпидермистің құрамындағы макрофагтар - Лангерганс жасушаларының
бір түрі . Түйіннің бұл аймағында Т лимфоциттер , оның ішінде Т - хелперлер басымырақ . Бұл
зона тимусқа тәуелді . Сонымен , бұл аймақта Т - жасушалардың түрленуі мен көбеюі өтеді .
Түйіннің боз заты - жұмсақ баулар түрінде түйіннің ортасында орналасқан бөлігі . Негізі
ретикулярлы тін , құрамында В - лимфоциттер , плазмоциттер мен макрофагтары бар . Лимфа
түйінінің бұл бөлігінде плазмоциттердің пісіп жетілуі жүреді . Плазмоциттер синтездейтін
иммуноглобулиндерінің ең көбі - " G - иммуноглобулин ” болып табылады . Боз заттың құрамында
көптеген қан тамырлары мен синустар болады . Синустар бірнеше топқа бөлінеді . Синустарды
түйінге келген лимфа тамырларының жалғасы деп қарауға болады . Синустар : капсула асты -
немесе шеткі және аралық , милы заттағы орталық синустар болып бөлінеді . Бұл синустардың
құрамында макрофагтар мен лимфа тамырларының қабырғасын коршайтын эндотелиоциттер ,
олар бекінген базальді мембрана . Синустардың негізін ретикулярлы тінде түзеді . Синустардың
құрылысы лимфа түйінінің аймақтарына ұқсас . Тек синустардан өткен лимфа сұйығы
лимфоциттердің жаңа түрімен байытылып , толықтырылып отырылады . Осыған байланысты
түйіндегі синустар корғаныс есебіндегі сүзгі қызметін атқарады . Синустардан өткен
антигендердің біразы фагоцитоз әдісімен жойылады . Лимфа түйіндері сыртқы және ішкі
факторларға өте сезімтал келетіндіктен , көптеген ионизациялық радиациялардың әсерінен
лимфоциттер жойылып , түйіннің иммунды қызметі төмендейді . Біраз гормондардың әсерінен
түйінде керісінше лимфоциттердің көбеюі , жалпы мүшелердегі лимфоидты тіндердің ісінуіне
әкеліп соғады. Васкуляризациясы . Қақпадан лимфа түйіндеріне келген қан тамырлары оның
ішінде артериялар көптеген тармақтарға бөлініп кетсе , ал біразы транзитті түрде тармақталмай -
ақ түйіннен тік өтіп отырады . Түйіндегі гемакапилляр торы венозды жүйеге , одан
посткапиллярлы венулаларға айналады . Қабыну процестері кезінде түйіндегі синустарда кейде
эритроциттердің пайда болуы байқалады .
Иннервациясы . Афферентті және эфферентті нерв талшықтары аркылы жүзеге асады . Түйін
капсуласында интрамуральді нерв түйіндер болады . Капсулалы және капсуласыз да нерв ұштары
кездеседі .
Жасқа байланысты ерекшеліктері . Балаларда 3 жасқа дейін лимфа түйіндері дамып жетіледі . 1
жастағы баланың лимфа түйінінде көбею орталығы пайда болып , онда В - лимфоциттер мен
плазмоциттердің саны өседі . 4 жас пен 6 жас арасындағы балада көптеген фолликулалары мен боз
заты , ондағы перделері дамиды . 6 жастан 12 жас аралығында лимфа түйіндерінің барлық
құрылымдары ең жоғарғы даму деңгейіне жетеді . Егде тартқан адамдарда түйіннің кобею
орталығы жойылып , түйінін перделерi калындап , көбейеді . Макрофагтардың қызметі бәсендеп ,
көптеген түйіндерде кері даму процестері байқалып , тіпті атрофияға да үшырап , түйінде май
тіндері пайда болады .