Нуржігіт Алтынбеков 1. Ауыз қуысының эпителиі-эмаль мен оның кутикуласы дамиды
2. Мезенхима- дентин, пульпа, цемент дамиды
Тіс дамуының 3 кезеңі бар:
1. Тіс бастамаларының түзілуі және жекеленуі
2. Тіс бастамаларының түрленуі
3. Тіс тінінің гистогенезі
І-кезең: Тіс бастамаларының түзілуі мен жекешеленуі
Сүт тістердің дамуындағы бірінші сатысы ауыз қуысының жекеленуімен және оның кіреберісінің
түзілуімен қатар жүреді. Ол ұрықтық дамудың 2-айының соңынн бастап жүреді. Бұл кезде ауыз
қуысының эпителиінде мехенхимаға қарай ұрт-ерін табақшасы түзіледі. Кейін бұл табақшада
саңылау пайда болады, ол ауыз қуысының жекеленуінің және кіреберістің пайда болуының белгісі
болып табылады. Біртүбірлі тістер шығатын аймақта кіреберістің түбінен екінші эпителиальді
өсінді бастама (валик) ретінде өсіп шығады, кейін ол тіс табақшасына айналады.
Тіс табақшасының ішкі бетінде бірінші тіс бастамалары (тіс бүртіктері) пайда болады. Олар
эпителиальді шоғырлар болып табылады. Тіс бастамаларынан болашақта эмальді ағза дамиды. Тіс
бастамаларының айналасында мехенхима жасушалары көп шоғырлана тығыздалып, тіс
қалташасын түзеді Ары қарай, әрбір бүртікке қарамақарсы бағытта мезенхима өсе бастайды. Оны
тіс емізікшелері деп атайды. Тіс емізікшесі эпителиальді ағзаны қос қабатты бокал сияқты етеді.
ІІ-кезең : Тіс бастамаларының түрленуі
Эпителиальді эмальді ағза 3 түрлі жасушалық қабатқа айнала отырып түрленеді: ішкі, сыртқы
және аралық.
Ішкі эмальді эпителий - оны тіс емізікшесінен бөліп тұратын базальді мембранада орналасады. Ол
уақыт өте биіктеп, призмалы эпителиге ұқсап кетеді. Ішкі қабатта болашақта эмальдің түзілуіне
қатысатын жасушалардың ізашарлары орналасады. Оларды энамелобласт, амелобласт немесе
адамантобласттар деп атаймыз.
Сыртқы эмальді эпителий ағзаның ары қарай өсуіне байланысты
жалпақ болып кетеді.
Аралық қабаттың жасушалары олардың арасында сұйықтықтың
жинақталуының салдарынан
жұлдызша пішінді түрге ауысады. Осылай, эмальді ағза пульпасы түзіледі. Кейін ол эмальдің
кутикуласын түзуге қатысады. Пульпа мен эмаль пульпасы екі түрлі құрылымдар.
ІІІ- кезең: Тіс тіндерінің гистогенезі
3-саты эмбриональді дамудың 4-айында дентин түзуші-дентинобласт немесе одонтобласт
жасушаларының дифференциациясы (түрленуі) барысында басталады. Дамып жатқан тіс
пульпасының перифериялық қабаттарынан бірінші преодонтобласттар түрленеді, кейін
одонтобласттар дифференциациаланады. Олардың түрленуінің бір факторы - эмальді ағзаның ішкі
жасушаларының базальді мембранасы болып табылады. Ең бірінші, жабынды дентин түзіледі, ол
базальді мембрананың астында орналасады. Жабынды дентин матриксындағы коллагенді
талшықтар эмальді ағзаның ішкі жасушаларының базальді мембранасына перпендикуляр бағытта
орналасады ( «радиальді Корф талшықтары»).
-ішкі эмальді эпителий эмальді түзеді, жасушалары энамелобласт деп аталады.
-сыртқы эмальді эпителий эмаль кутикуласын түзуге қатысады.
-тіс қалташасынан цемент дамиды.