Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет48/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
Өңештің қабырғасында төрт қабықтан тұрады: кілегейлі, кілегей асты, етті және адвентиция 
болады. Кілегейлі және кілегей асты қабықтарынан өңештің қуысына 7-10 шақты қатпарлары 
шығады. Кілегейлі қабығы үш қабаттан: эпителийі, меншікті және ет пластинкаларынан түзілген. 
Өңештің эпителий қабаты — көп қабатты, жалпақ мүйізделмеген. Ересек адамдардың өңеш 
эпителийінің құрамында аздаған кератогиалиннің түйіршіктері болады. Эпителийдің меншікті 
пластинкасы ДТ, құрамында кардиальді бездері орын алады. Бұл бездер қарапайым, тармақталған 
түтікшелі.
Ет пластинкасы - тағамды жылжытуда маңызды қызмет атқарады . Құрамында миоциттері бар. 
Кілегей асты негізі кілегейлі қабықпен қосылып қатпарлар түзеді де, тағамды қозғалтып, 
жылжытуға қатысады. Кілегей асты негізінде өңештің меншікті бездері орналасқан. Бұл бездер 
күрделі, тармақталған альвеолярлы - түтікшелі, бөлетін секреті шырыш.
Ет қабығы екі қабаттан тұрады. Өңештің үштен бір жоғарғы мойын бөлігінде көлденең жолақ ет 
тіні. Төменгі бөлігінде - тегіс салалы ет тінінің миоциттері, ал ортаңғы бөлігінде - ет тінінің екі 
түрі де кездеседі. Өңештің асқазанға кіреберісінде сфинктері де болады. Өңештің сыртын 
адвентиция қоршайды. 
Өңештің қызметтері:
Секрет бөліп, тағамды қорытып, асқазан сөлін бөлуге қатысады. Асқазан сөлінің құрамында: су, 
шырыш, бикарбанаттар, тұз қышқылы, ферменттер болады. Тағамның құрамындағы белоктарды 
қарапайым альбумоза мен пептондарға ыдырататын – пепсин, майлы тағамды — липаза, сүтті 
ірітетін- химозин (көбінесе балаларда болады) асқазан сөлінің құрамында болады.
Жиырылғыштық (моторикасы) қасиеті: тағамды асқазан сөлiмен шылап, ішекке өткізу. Бұл 
қызметіне созылғыштық қасиеті бар қабырғасындағы етті қабығының маңызы зор.
Сору қызметі: тағамның құрамындағы су, витаминдер, қант, алкоголь, минеральді заттарды қанға 
сорады.
Экскреторлық қызметі – азотты алмасудан пайда болған улы заттар мен спирттердің бөлінуі. 
Асқазанның осы қызметі, көбінесе, бүйрек қызметінің жетіспеушілігі кезінде күшейе түседі 
(уремияда).
Мукопротеидтерді өңдеу немесе кастлдің антианемиялық факторларының болуы, В12 асқазанның 
басты экзокриноциттерінен бөлініп, ағзандағы белоктардың синтезіне, гемопоэзге қатысады. Егер 
В12 жетіспесе қатерлі анемия ауруы (қан аздық) байқалады.
Қорғаныс - барьерлік қызметі: асқазаннан шырыш бөліп, көптеген антиденелерді тұз 
қышқылының әсерінен сақтайды. Эндокринді қызметі: көптеген гормондарды бөледі (бұл 
гормондар төменде қарастырылады).
Дамуы; 

Өңештің эпителийі алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан прехордальді табақшадан 
түзіледі. Қалған қабаттары оны қоршап жатқан мезенхимадан бастау алады.

Алдымен өңештің эпителиальді жабыны бірқабатты призма тәрізді эпителимен тысталады. 

4-күндік эмбрионда ол екі қабатты түрде болады.

Ұрықтық дамудың 3-айына таман өңеш бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителимен 
тысталады (тыныс алу жолдарының ағзаларына тән).

4-айдан бастап кірпікшелі жасушалар біртіндеп шар тәрізді жасушалармен алмасады, кейін 
олар гликогенге бай жалпақ жасушаларға ауысады.

6-айдан бастап өңеш эпителийі көпқабатты жалпақ эпителимен тысталады. 
Өңештің құрылысы - шырышты қабықшадан, шырышасты негізден, бұлшықет қабықшасынан 
және адвентициалды қабықшадан тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет