Нуржігіт Алтынбеков кезінде көбірек қарқынды қызмет атқаратын мүшелер , яғни жүрек , бұлшықет , мидағы
қантамырларының кеңеюі байқалады . Қарашық үлкейіп сезім мүшелерінің жұмыс барысы
жинақталады .
Ауа жолдарындағы бұлшықет пластинкасының миоциттері босаңсып , тыныс алу жиілейді ,
асқазан - ішек жолдарының тегіс салалы ет жасушаларының босаңсуымен қатар сфинктердің
жиырылуы байқалады . Адреналин және норадреналинмен қатар жасуша цитоплазмасындағы
түйіршік құрамында орналасқан өсу факторы мен энкефалиндер де бөлінеді . Ұзақ күйзеліс
кезінде өсу факторы іске қосылып , катаболикалық үрдістердің артып кетуіне кедергі келтіреді , ал
энкефалиндер күйзелістен болатын ауру сезімін басады . Осыған байланысты бүйрек үсті бездері
адам өмірінде маңызды мүше болып табылады . Безді түгелдей алып тастау немесе патологиялық
үрдіске ұшырауы адам өмірінің тіршілігін жояды .
Дамуы : бездің қыртысты заты 5 аптада целомдық эпителийден бастама алады да, кейіннен
ұлғайып интерренальді денеге айналады. Милық заты 6-7 аптада симпатикалық ганглийден
дамиды
Құрылысы : Бүйрек үсті бездері паренхиматозды мүшелерге жатады . Сырты ТТКДТ - ді
капсуламен қоршалған , одан тараған перделері бездердің стромасын түзеді . Ал бездердің
паренхимасы қыртысты затында кортикоциттерден , ал боз хромаффиноциттерден түзіледі .
Бүйрек үсті бездерінде анық көрінетін шеткі қыртысты және ортаңғы боз замын ажыратуға болады
. Өз кезегінде қыртысты заты бірнеше аймақтарға жіктеледі :
Субкапсулярлы аймағы . Өте майда , аз маманданған бездің қыртысты бөлігінде камбиальді
қызмет атқаратын кортикоциттерден тұрады . Шумақты аймағы . Қыртыстың 10 % түзеді .
Құрамында шумақтарды түзетін кортикоциттері бар . Бұлардың цитоплазмасында аздаған ғана
липид қосындылар мен холестерин болатыны белгілі . Шумақтық аймақтың қызметі (
минералокортикоидтардың синтезіне қатысады .
Судансфобты аймағы . Думақты аймақ шоғырлы аймақтардың арасында орналасқан жіңішке
жолағы . Судан бояумен боялмайтын , митоз сатылары жақсы көрінетін аймағы . Қызметі
қыртыстың регенерациясына қатысады .
Шоғырлы аймағы . Бездің қыртысты затының 75 % құрайды . Оте ірі оксифильді боялған
кортикоциттері көптеген баулар түзіп орналасады . Шоғырлы аймақтың құрамында : күңгірт және
ашық түсті қыртыстық кортикоциттер болады . Бұл бір жасушаның әртүрлі функциональді
жағдайының көрсеткіші болып саналады . Шоғырлы аймақтағы кортикоциттердің ерекшелігіне
жасушалардың цитоплаз масында жақсы дамыған кристалдары , ірі митохондрийдың болуы тән .
Бұл митохондриялар стероидты гормондардың биосинтезіне жұмысқа қабілеттілігін сақтап ,
ағзаның пайдалы жұмысқа деген күшін жұмылдыра сақтауға қатысады . Келесі бір ерекшелігіне
жасушалар цитоплазмасында липидті қосындылардың болуы және стероидты гормондардың
биосинтезіне аскорбин қышқылының болуы тән .
Шоғырлы аймағының қызметі глюкокортикоидтарды ( ең көбі кортизол мен кортизон )
өңдеу .
Торлы аймағы . Қыртыстың 10-15 % құрайды . Өте майда , тор түзіп орналасқан
кортикоциттерден тұрады . Бұлардың цитоплаз масында лизосомалар мен липофусцинді
түйіршіктері болады . Аталмыш аймақта глюкокортикоидтар мен аталық жыныс гормон дары ,
аздаған аналық гормондардың ( эстроген мен прогестерон ) синтезі жүреді . Буйрек үсті бездерінің
боз заты бездің қыртысты затынан БТДТ - нен тұратын жіңішке капсула арқылы шектеседі . Жасу
шалары хромаффиноциттер - деп аталады . Бұл эндокри - ноциттер хром тұздары мен жақсы
боялады да , екі топқа жіктеледі : а ) адреналинді синтездейтін ірі , ашық түсті А - жасушалары б )
күңгірт түсті , майда , тығыз түйіршіктері бар , HA - жасушалары норадреналиннің синтезіне
қатысады .