Нуржігіт Алтынбеков Өңештің шырышты қабықшасы эпителий, меншікті пластинка және бұлшықет пластинкасынан
құралған. Шырышты қабықшаның эпителийі – көпқабатты жалпақ мүйізгектенбеген.
Шырышты қабықшаның меншікті пластинкасы эпителиге кірігіп орналасқан дәнекер тінді
емізікшелерді түзеді. Онда шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғыры
орналасады, олар тіпті жеке лимфа түйіндерін түзеді. Меншікті пластинкада өңештің кардиальді
бездері орналасады. Шырышты қабықшаның бұлшықет пластинкасы эластин талшықтарының
торларына оралған тегіс бұлшықет жасушаларының шоғырынан тұрады.
Өңештің шырышасты негізі шырышты қабықшаның қозғалғыштығын жүзеге асырады .
Шырышасты негізінде өңештің меншікті бездері орналасады.
Бұлшықетті қабықшасы ішкі қабаты айналмалы және сыртқы қабаты бойлық болып келеді. Олар
бір-бірінен борпылдақ талшықты дәнекер тінімен бөлінген. Өңештің жоғарғы үштен бір бөлігі
көлденең жолақты бұлшықет тінінен тұрады, себебі жұтқыншақтың бұлшықет тінінің жалғасы
болып табылады. Ортаңғы үштен бір бөлігінде көлденең жолақты да, тегіс салалы да бұлшықет
тіндері
Адвентициальді қабықша бір жағынан дәнекер тінімен байланысады, ал екінші жағынан – өңешті
қоршап жатқан қосалқысының (средостенияның) дәнекер тінімен байланысады.
Өңеште 2 бездер бар:
Кардиальді бездер
Олардың 2 тобы бар. Бір тобы көмейдің жүзік тәрізді шеміршектері деңгейінде және кеңірдектің
5-ші сақинасы аймағында орналасады. Екінші тобы өңештің төменгі бөлімінде, асқазанға кірер
тұсында орналасады. Олар өздерінің құрылысы жағынан асқазанның кардиальді бездеріне ұқсас
болып келеді. Атауы содан шыққан.
Каридиальді бездер- қарапайым тармақталған түтікшелі бездер тобына жатады. Олардың соңғы
бөлімдері цитоплазмасы түйіршікті, кейде муциннен тұратын куб тәрізді және призмалы
эпителиоциттерден тұрады. Кардиальді бездердің кейбірінің соңғы бөлімдерінде хлорид өндіретін
париетальді жасушалар орналасады.
Меншікті бездер
Бұлар күрделі қатты тармақталған альвеоярлытүтікшелі бездер болып табылады. Олардың соңғы
бөлімдері шырышты жасушалардан тұрады. Олардың сұйықтығы ұсақ шығару өзектеріне
құйылады, одан кейін ірілеріне өтеді. Бұл өзектер шырышты қабықшаның бұлшықет пластинкасы
арқылы өтеді және меншікті пластинкада ірі ампула тәрізді өзектер түзеді. Олар эпителидің бетіне
ашылады.
44. Асқазан. Морфофункциялық сипаттамасы, эмбрионалды дамуы мен шығу көздері. Асқазан
қабырғасының құрылысы, оның тіндік құрамы, әртүрлі бөліктеріндегі шырышты қабықшасының
құрылыс ерекшеліктері. Асқазан бездерінің орналасуы, құрылысы, жасушалық құрамы.
Асқазанның қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Асқазан-ол бізде іш қуыс бұлшықетті ағза асқорыту түтігінің негізгі бөлімдерінің бірі болып
табылады .Өңеш пен 12-елі ішектің аралығында орналасады.Сонымен қатар ағзамызда бірқатар
маңызды қызыметтер атқаратын жүйе болып табылады.Асқазаның қызыметтерінің бірі
секреторлы қызыметі.Ол бездердің асқазан сөлін өндіруге негізделген .Оның құрамына
кіреді:пепсин ,химозин ,лимпаза сонымен қатар тұз қышқылы мен шырыш кіреді.
Әр қасысына тоқталып өтсем:
•Пепсин:аспен бірге түскен ақуыздарды кіші мөлшердегі полипептидерге дейін ыдыратады.