Нуржігіт Алтынбеков •Химозин:еметін сәбилерде сүттегі еритін казеиногенді ерімейтін казеинге айналдырады яғни
сүттің ұюына
•Лимпаза:ол асқазан сөлінде аздаған мөлшерде ғана болады,ересектерде белсенділігі төмен
,балаларда сүттің майын ыдыратуға қатысады.
•Шырыш:асқазаның шырышты қабықшасының бетін астарлай келе хлорсутек қышқылының
әсерінен және астың ірі бөліктерімен зақымдалуын қорғайды.
Асқазаның бірнеше функциялары бар:
•эндокринді функциясы-мотилин,гастрин,гистамин серотонин сияқты биологиялық белсенді
заттарды секрециялайды.
•сіңіру функциясы-онда қанттардың,судың,спирттің,тұздардың сіңірілуі жүреді;
•қозғалтқыш функциясы-тағамдық массаны жинақтау,олардың механикалық өңделуі және ары
қарай ішектерге жылжуы жүреді;
•секрециялық-түскен тағамнан В 12витаминін сіңіруге жағдай жасаушы антианемиялық Касл
факторын бөледі;
•экскреторлы- ол бүйрек жеткіліксіздігі кезінде арта түседі;
•қорғаныс-тұз қышқылының есебінен жүреді.
Морфофункциялық сипаттамасы,эмбрионалды дамуы мен шығу көздері-Асқазан жатыр ішілік
дамудың 4-аптасынан дамиды.Ал 2-ай бойы оның барлық негізгі бөлімдері дамиды.Бірқабатты
призмалы эпителийі асқазаның ішек түтігінің эндотермасынан дамиды. Ұрық дамуының 6-
10аптасынан бастап асқазаның шұңқырлары дамып жетіледі.Осы асқазан шұңқырларының
түбінде бездер бүйрекке ұқсап түзіледі.Ең бірінші болып париетальді жасушалар ,кейін негізгі
жасушалар пайда болады.Ал 6-7аптасында мезенхимадан ең бірінші бұлшықет қабықшасының
сақиналы қабаты қалыптасады ,кейін шырышты қабықшаның бұлшықетті пластинкасы
дамиды.13-14аптасында бұлшықет қабықшасының сыртқы бойлық қабаты дамиды,кейін ішкі
қиғаш қабаты дамиды,кейін ішкі қиғаш қабаты түзіледі.
Асқазан қабырғасының құрылыс,оның тіндік құрамы,әртүрлі бөліктеріндегішырышты
қабықшасының құрылыс ерекшеліктері:Асқазан қабырғасының құрылысы-шырышты
қабықшадан,шырышты негізінен бұлшықет қабықшасынан
,сірлі қабықшасынан тұрады.Және асқазаның ішкі бетінің рельефіне үш түрлі түзілімдер тән
:асқазан қатпарлары,асқазан алаңдары және асқазан шұңқырлары.Асқазан алаңдары-олар бір-
бірінен шырышты қабықша жүлгерлері арқылы бөлініп орналасады.Асқазан қатпарлары-олар
асқазаның бетінде тұтас орналасады.Асқазаның шырышты қабықшасының өзі үш қабаттан
тұрады-Эпителий-ол шырышты қабықшаның бетін және асқазан шұңқырларын жауып жатады.
Меншікті пластинка-Мұнда асқазан бездері орналасады.Олардың арасында борпылдақ талшықты
дәнекер тін өтеді.
Бұлшықет пластинкасы -ол тегіс миоциттерлен құралған үш қабаттан тұрады:ішкі және сыртқы
айналым немесе циркулярлы және ортаңғы болып олар бойлық бағытта орналасады.
Асқазан бездерінің орналасуы, құрылысы, жасушалық құрамы-Асқазанның меншіктім бездері
болады олар біршама көп.Олардың санына келсем адамның асқазанында 35млн болады.Ал
ұзындығы бойынша бір бездің 0,65мм құрайды диаметрі 30мкм-50мкм арасында болады.Ал
құрылысы бойынша бездерүш түрлі болады:қарапайым тармақталған түтікшелі бездер.Әр бездің
құрылысын ажыратамыз :қылтасын, мойнын,негізгі бөлімін.Негізгі бөліміне денесі мен түбі
жатады.Асқазаның меншікті бездері 5-негізгі жасушалардан тұрады.
Бастапқы үшеуіне тоқталып өтсем: