Сөйлеудің алғашқы қызметі қарым-қатынас орнату.
Сөйлеу, ең алдымен, әлеуметтік қарым-қатынас жасау және түсіну мен өз ойын айтып жеткізу құралы.
Сөйлеудің
бұл қызметі, әдетте, элементтерге бөлшектейтін талдауда интелектілі (ақыл-ой) қызметінен
ажыратылып тасталатын да, екі қызмет сөйлеуге бірдей және бір-бірінен тәуелсіз қызмет ретінде танылып
келді. Сөйлеу — бір өзінде қарым-қатынас және ойлау қызметін қоса алып жүрді, алайда бұл қызметтің
бір-бірінің арасындағы қарым-қатынас қандай, осы екі қызметтің сөйлеуде болуына қандай жағдай әсер
етті, олар қалай дамиды және осы екеуі бір-бірімен құрылымы жағынан қалай біріккен — осылардың
барлығы Выготскийге дейін зерттелмеген.
Дұрыс түсінуге және ой мен күйзелісті арнайы жеткізуге негізделген қарым-қатынас еңбек үрдісінде
қарым-қатынас жасау қажеттілігінен туындаған адамның сөйлеуі прототипі болған, болатын және әрқашан
бола беретін күралдың белгілі жүйесіз сөзсіз талап етеді. Алайда ең соңғы кезге дейін бүл іс, психологияда
басымдық көрсеткен көзқарасқа сәйкес, шамадан тыс қарапайым түрде ұсынылып келді. Қарым-қатынас
құралы белгі, сөз, дыбыс деп ұйғарылды. Осы шатасқан түсінік элементтерге ыдырататын барлық сөйлеу
мәселесінің талдауы дұрыс шешілмеуінен туындап отырды.
Сөз қарым-қатынаста, ең алдымен, сөйлеудің сыртқы жағы ғана болды.
Өз кезеңінде қарым-қатынасты түсіну үрдісі мен олардың балалық шақта даму мәселесін тереңірек
қарастыру зерттеушілерді мүлдем басқа нәтиже мен қорытындыға алып келді. Белгілерсіз қарым-қатынас
жасау мүмкін емес тәрізді, ол мағынасыз да мүмкін емес. Адам санасының мазмұны мен күйзелісін басқа
адамға жеткізу үшін берілетін мазмұнды нақты класқа, белгілі құбылыстар тобына жатқызудан басқа жол
жок, ал бұл өзіміз білетіндей жалпылауды талап етеді. Соған орай, қарым-қатынас тікелей жалпылану
мен сөздік мағынаның дамуын шамалайды, яғни жалпылау қарым-қатынастың дамуы барысында жүзеге
асады. Выготский адамға тән психикалық қарым-қатынастың жоғары түрлері — адамның ойлаудың
көмегімен ақиқат дүниені жалпылама түрде бейнелеуіне байланысты жүзеге асады деген ойды айтады.
Автор сөйлеудің осы негізгі қызметі — қарым-қатынас пен жалпылаудың байланысына көз жеткізу
үшін мынандай мысал келтіреді. Цитата: «Мен біреуге өзімнің тоңып тұрғанымды айтқым келеді делік.
Оны мен қандай да бір айқын қимыл-қозғалыс арқылы түсіндіре аламын, алайда өзімнің басымнан
кешіріп тұрған күйді жалпылап және өз атымен атағанда, яғни басымнан кешіп тұрған күйді серіктесіме
жеткізгенде ғана, бұл жерде шын мәніндегі түсіну мен хабарлау орын алады. Міне, сондықтан да белгілі
жалпылаудан хабарсыз бала үшін тұтас зат балаға ешбір хабар бермейді».
Бұл жерде іс қажетті сөздер мен дыбыстардың жетіспеушілігінде емес, керісінше, қажетті түсініктер мен
жалпылаудың жетіспеушілігінде болып тұр, онсыз түсіну мүмкін емес. Л.Н. Толстой айтқандай, әрқашан
сөздің өзі түсініксіз емес, түсініксіз болатын сөзбен берілетін ұғым. Түсінік немесе ұғым дайын болса, сөз
де әрқашан дайын болады деген ғұлама жазушы. Сондықтан автор сөзді тек ойлау мен сөйлеудің бірлігі
ретінде
ғана емес, сондай-ақ жалпылау мен қарым-қатынастың, ойлау мен қатынастың бірлігі ретінде
қарастыруға да негіз бар деген ойды айтады.
Сұрақтың осылай қойылуы ойлау мен сөйлеудің барлық генетикалық мәселелері үшін өлшеусіз.
Осындай көзқарастың арқасында тұңғыш рет ойлау мен сөйлеудің каузалды-генетикалық талдауы мүмкін
болды десек, қателеспейміз. Жалпылау мен қарым-қатынас арасындағы бірлікті көре білуге үйренген
сәттен бастап, біз бала ойлауы мен баланың әлеуметтік дамуының арасындағы байланысты түсіне
бастаймыз. Ойдың сөзге және жалпылаудың қарым-қатынасқа арақатысына байланысты осы екі мәселе
зерттеушілердің ортақ мәселесі болған.
Выготскийд зерттеулерінің басынан бастап шетке ысырып қойған, бірақ ойлау мен сөйлеу туралы ілім
мәселесіне келіп тірелгенде өздігінен сұранып тұратын — сөздің дыбыстық жағының оның мағынасына
арақатынасы туралы сұрақты бірінші орынға қойған. Тіл білімінде байқалатын
осы аймақтағы ілгері
қозғалыс сөйлеу психологиясындағы ғалымды қызықтырған — талдау әдістерінің өзгерісі туралы сұрақпен
тікелей байланысты. Дәстүрлі тіл білімі сөйлеудің дыбыстық жағын сөйлеудің мағыналық жағынан
тәуелсіз дербес элемент ретінде қарастырған. Осы екі элементтің бірігуінен сөйлеу кұрылады. Осыған
байланысты, сөйлеудің дыбыстық жағының бірлігі жекелеген дыбыс саналды,
бірақ ойынан ажырап
5
Кітап:
Дәріс:
Ойлау және сөйлеу
Сөз ойлау мен сөйлеудің сыртқы және ішкі бөліктерінің бірлігі ретінде
қалған дыбыс осы әрекетпен бірге, оны адам сөзінің дыбысы қылып тұрған қасиетінен қоса айырылып,
басқа дыбыстар қатарына қосылады. Дәстүрлі фонетиканың тіл психологиясына емес, көбінесе акустика
мен физиологияға бейімделуі де осыған байланысты болатын, соған орай, тіл психологиясы мәселенің
осы жағын шешуде әлсіз болды. Осы орайда психолингвистика термині туындайды. Психолингвистика
— психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны,
коммуникативтік рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді.
Выготский «адам сөзінің дыбысындағы ең мәнді нәрсе не және
бұл дыбыстарды табиғаттағы
басқа дыбыстардан ажыратып түратын не?» деген сұрақ қояды. Психологиядан қолдауға ие болған
лингвистикадағы сол кездегі фонологиялық бағыт көрсеткендей, адам сөзі дыбыстарының мәнді белгісі
дыбыстық белгі арнайы бір қызметті алып жүруші, белгілі мағынамен байланысты екенін көрсетті, бірақ
өз алдына маңызсыз дыбыс сөйлеуді байланыстыратын бірлік болып табылмайды. «Соған байланысты»,
дейді «автор сөйлеудің дыбыстағы бірлігі жекелеген дыбыс емес, фонемалар деген жаңа тусінік, яғни айту
қызметінде сөйлеудің барлық негізгі қасиеттерін сақтап тұратын жіктелмейтін фонологиялық бірліктер
екені анықталған». Дыбыс мәні мен сөйлеудің таңбалық жағынан айрылған сәттен бастап, адам сөзіне тән
барлық қасиетінен айрылады. Сондықтан сөздің дыбыстық жағын лингвистикалық және психологиялық
зерттеулер де сөйлеудің дыбыстық және мағыналық жағына тән қасиеттерді сақтайтын бірліктерге
бөлшектеу әдісін қолданған Выготскийдің зерттеуі жемісті болады.
Выготский өз еңбегінде осы әдісті қолдану арқылы тіл білімі мен психологияның қол жеткізген нақты
жетістіктерін баяндамайды. Тек сол әдістің жетістіктеріне байланысты ұсынған әдіспен парапар екендігі
және элементтерге бөлетін талдауға қарама-қарсы екендігін айтады. Осы әдістің тиімділігі әлі де ойлау мен
сөйлеу мәселесіне тікелей немесе жанама қатысты, оның аймағына енетін немесе онымен шектес сұрақтар
арқылы сынақтан өтуі және көрсетілуі де мүмкін. Автор былай дейді: «Біз тек осы сұрақтардың жинақы
түрдегі жалпы шеңберін атаймыз, ол, атап өткеніміздей, зерттеуіміздің алдында тұрған мүмкіндіктерді
және оның бүкіл мәселе контекстінде алатын мәнін ашуға көмектеседі. Бұл жерде сөз сөйлеу мен ойлаудың
арасындағы күрделі қарым-қатынастар мен біртұтас сана мен оның жекелеген мәселелері туралы болып
отыр».
Егер көне психологияның зерттеу аймағы үшін функция-аралық қатынастар мен байланыстар мәселесіне
жол жабық болса, Выготский бірлік әдісін қолдануға және сол арқылы элементтер әдісін алмастырғысы
келетін зерттеушіге жол ашып берді.
Біздің жұмысымыз эксперименттік-сыни және теориялық сипаттағы
жеке зерттеулерден құрылуы
тиісті шамадан тыс күрделі мәселені бірыңғай психологиялық зерттеуден түрады. Біз жұмысымызды
осы мәселеде психологиялық ойдың шыңын білдіретін және сонымен бірге бұл мәселені өзіміз таңдаған
теориялық талқылау жолымен шешуге қарама-қарсы тұратын сөйлеу мен ойлауды сыншыл сипаттағы
зерттеуден бастаймыз. Осы бірінші зерттеу бізді қазіргі кездегі ойлау және сөйлеу психологиясындағы
негізгі сүрақтарды қоя білуге және оларды қазіргі психологиялық маңыздылық (мәнділік) контекстінде
шығаруға алып келуі керек.
Ойлау мен сөйлеу тәрізді мәселені зерттеу қазіргі психология үшін оған
қарсы тұратын теориялық
пікірлер мен көзқарастарға қарсы идеялық күрес жүргізуімен бірдей. Выготский еңбегінің екінші бөлімі
ойлау мен сөйлеудің филогенетикалық және онтогенетикалық турғыда дамуы туралы негізгі мәліметтерді
теориялық талдауға арналған. Ол басынан-ақ ойлау мен сөйлеудің дамуындағы басталған нүктесін
көрсетуге тырысты, өйткені ойлау мен сөйлеудің генетикалық түп тамыры туралы бұрыс ой-пікір (білім)
осы сұрақ бойынша қате теорияның туындауына жиі себеп болды. Выготский зерттеуінің орталық мәселесі:
бала жасындағы түсініктердің дамуын эксперименттік зерттеу. Зерттеу екі бөлімге бөлінді: бірінші
бөлімінде экспериментті түрде құрылған жасанды түсініктердің дамуын қарастырды, екінші бөлімінде
баланың шынайы түсініктерінің дамуын зерттеді. Жұмысымыздың қорытынды бөлімінде теориялық және
эскперименттік зерттеудің негізінде сөз турінде ойлау үрдісінің қызмет етуі және құрылуын толық түрде
талдап берді. Айта кетерлігі, барлық жекелеген эксперименттердің басын қосып біріктіретін кезең — ол
ең алдымен, сөздің мәнін сөйлеу мен ойлаудың бірлігі ретінде зерттеу мен талдауға қатысты қолдануға
тырысқан даму идеясы екендігін автор ерекше атап өтті.
Ойлау мен сөйлеудің тұтастығы ойлау процесі басталатын сұрақтан да, белгілі бір нақты мәселені шешу
үшін өзіміз пайдаланатын мазмұннан да көрінеді. Кез келген заң, кез келген қағида, жаңалық, тәуелділік,
ұғым қоғамдық тәжірибе қазынасы бола отырып сөздік, тілдік формада өмір сүреді.
Тіпті формула,
схемалардың өзі алғашында сөз арқылы қалыптасқан тәуелділіктердің жаңа жалпылама көрінісі болып
есептеледі. Біз ойлау әрекеті үстінде пайдаланатын заттар мен құбылыстардың бейнелері де сөздермен