24
Кіреберіс бөлік екі тесік арқылы ортаңғы құлақтағы дабыл қуысымен байланысып тұрады.
Ондағы жоғарғы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады. Ал, төменгі дөңгелек тесікті жұқа
жарғақ керіп тұрады. Ішкі құлақтағы үш жарты иірім өзекшелер де кіреберіс бөлікке келіп ашылады.
Ішкі құлақтағы сүйекті ұлулы дененің пішіні конус тәрізді. Ондағы орамды өзекше 2,5 иірім жасап
орналасқан. Кіреберіс пен үш жарты иірім өзекшелерді қосып
вестибулярлық аппарат деп те
атайды. Вестибулярлық аппарат пен ұлулы дене бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұлармен мидан
тарайтын VIII жұп есту жүйкесі байланысады. Есту анализаторының орталығы ми қыртысының
самай бөлігінде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: