Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны


Есту анализаторы. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтардың құрылысы



Pdf көрінісі
бет34/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Есту анализаторы. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтардың құрылысы
 
Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан) тұрады. 
Сыртқы құлаққа (auris exterhа)эластикалық шеміршектен тұратын құлақ қалқаны мен 
сыртқы дыбыс жолы жатады. Сыртқы дыбыс жолының ұзындығы 2,5 см-ге жуық. Ол самай 
сүйегінің пирамида бөлігінде орналасады. Сыртқы дыбыс жолының ішкі жағында түрі өзгерген тер 
бездерінен сарғыш түсті құлық бөлінеді. Олар дабыл жарғағын сыртқы ортаның түрлі қолайсыз 
жағдайларынан қорғап тұрады. 
Ортаңғы құлақ (auris media) – дабыл қуысынан, есту сүйекшелерінен (балғашық, төс, үзеңгі) 
және есту түтікшесінен (евстахиев түтігі) тұрады. Ортаңғы құлақтың артқы жағында 2 тесік 
(кіреберіс және ұлулы дене) бар. Бұл тесіктер ортаңғы құлақ пен ішкі құлақты бір-бірімен 
байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы үш сүйек бір-бірімен буын арқылы байланысқан және 
олар дабыл жарғағын ішкі құлақпен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы дыбыс түтігінің 
ұзындығы 3,5 см және ол жұтқыншақпен байланысып жатады. Сондықтан да, ортаңғы құлақ 
қуысында үнемі атмосфералық ауа болады. 
Ішкі құлақтың (auris interna) немесе шытырманның (лабиринт) құрылысы күрделі болып 
келеді. Оның ішкі жағында орналасқан жарғақты түтікшелердің ішінде эндолимфа сұйықтығы 
болады, оны кейде жарғақты шытырман деп те атайды. Оның сыртын сүйекті шытырман қоршап 
тұрады. Жарғақты шытырман мен сүйекті шытырманның арасын перилимфа сұйықтығы толтырып 
жатады. 
Сүйекті шытырман үш бөліктен (кіреберіс, ұлулы дене және жарты иірім өзекшелер) тұрады.


24 
Кіреберіс бөлік екі тесік арқылы ортаңғы құлақтағы дабыл қуысымен байланысып тұрады. 
Ондағы жоғарғы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады. Ал, төменгі дөңгелек тесікті жұқа 
жарғақ керіп тұрады. Ішкі құлақтағы үш жарты иірім өзекшелер де кіреберіс бөлікке келіп ашылады. 
Ішкі құлақтағы сүйекті ұлулы дененің пішіні конус тәрізді. Ондағы орамды өзекше 2,5 иірім жасап 
орналасқан. Кіреберіс пен үш жарты иірім өзекшелерді қосып вестибулярлық аппарат деп те 
атайды. Вестибулярлық аппарат пен ұлулы дене бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұлармен мидан 
тарайтын VIII жұп есту жүйкесі байланысады. Есту анализаторының орталығы ми қыртысының 
самай бөлігінде орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет