23
Сенсорлық жүйеге (анализаторлар) шолу. Көру анализаторының құрылысы
Сенсорлық жүйеге - сезім мүшелері жатады. Олар сыртқы ортаның әр түрлі тітіркендіргіштерін
арнайы мүшелер арқылы қабылдап, оларды талдайды және оларға жауап қайтарады.
Сезім мүшелерін И.П.Павлов
анализаторлар деп атады. Әрбір анализаторлар үш
бөлімнен
тұрады: 1) сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайтын -
шеткі бөлім; 2) қозуды орталық жүйке
жүйесіне жеткізетін -
өткізгіш жолдар; 3) қозуды талдап жауап қайтаратын -
ми қыртысының бір
бөлігі.
Анализаторларды қазақша талдағыштар деп те атайды.
Көру анализаторлары – көз алмасы мен көздің қосымша мүшелерінен тұрады.
Көз аламасы (bulbus oculi) шар пішінді. Оның алдыңғы және артқы полюстерін ажыратады.
Көз алмасының орталық бөлігін -
ядро деп атайды, оның сыртын 3 қабық қаптап тұрады.
Көз
аламасының сыртқы қабығын - фиброзды қабық деп атайды. Оның алдыңғы дөңестеліп
келген бөлігі –
қасаң қабық, артқы көп бөлігі –
склера деп аталады.
Бұл қабықта қантамырлар
болмайды. Көз алмасының ортаңғы қабығы –
қантамырлар қабығы деп аталады. Оның алдыңғы
бөлігі –
нұрлы қабық, ортаңғы бөлігі -
кірпікті дене, ал артқы бөлігі –
нағыз тамырлы қабық деп
аталады. Нұрлы қабықтың ортасындағы тесік
көз қарашығы деп аталады.
Көз алмасының ішкі қабығы –
торлы қабық деп аталады. Онда
колба тәрізді және
таяқша
пішінді жарық сезгіш клеткалар орналасқан. Таяқша пішінді
клеткалар қараңғылықты сезеді, ал
колба тәрізді клеткалар күндізгі жарықты сезіп, заттың түсін ажыратады.
Көз алмасының нұрлы қабығының артқы жағында қос дөңесті линза пішінді
көз бұршағы
(хрусталик) орналасқан. Оның артқы жағын толығымен шыны тәрізді дене толтырып датады.
Көздің қасаң қабығы мен нұрлы қабығының арасын - көздің
алдыңғы қуысы, нұрлы қабық пен
көз бұршағының арасын -көздің
артқы қуысы деп атайды. Бұл қуыстарда аздаған сұйықтық болады.
Көздің қосымша мүшелеріне – 6 көзді қозғаушы бұлшықеттер (оның төртеуі түзу, екеуі қиғаш),
терілі қабақтар,
жас бездері, кірпіктер жатады.
Жас бездері - көздің сыртқы бұрышының үстіңгі
жағында орналасқан. Оның өзегі көздің ішкі бұрышына барып ашылады. Одан бөлінетін ылғал көз
алмасының қасаң қабығын үнемі ылғалдап тұрады.
Көздің өткізгіш бөлімі көз алмасының торлы қабығынан басталады да, көру жүйкелері арқылы
ортаңғы мидың жоғарғы екі төмпешігіне барады. Көру анализаторының орталығы ми қыртысының
шүйде бөлігінде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: