«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 САТУШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ АЙТЫЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет104/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

58. САТУШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ АЙТЫЛАДЫ
Мұнан басқа сатушылар болады,
Сатып — алып, тынбай пайда табады.
4420 Тірлік іздеп бар жаһанды шарлайды,
Ақыл, көңілін бір Аллаға арнайды.
Оларменен қатыс келіс-барысып,
Не сұраса, бергей беріп-алысып.
Бар оларда күллі əлемнің аңсары,
Таңдаулы, асыл, сара — көркі баршаның.
Туар* беттен — батар* бетке кезеді,
Тауып сенің тілегіңді келеді.
Дүниенің таңсық, қымбат нəрсесі,
Бар оларда, ай, ер, биік еңсесі!
4425 Кезбесе олар жаһанды, ұлы — кішікті,
Киер ме едің қара сусар ішікті?!
Қытай керуені жүрмегенде жосылған,
Қайдан келер еді мың-мың асылдар.
Кезбесе олар күллі жаһан іздерін,
Көрер ме едің інжу-маржан тізбегін?
Санай берсе, таусылмасы білінді,
Сөзді созбай, шиырайын тілімді.
Саудагердің бəрі осындай. Қақпаңды,
Ашық ұстап, қатынасып аш жанды.
4430 Жүр олармен ізгілікпен жарасып,
Жақсы атың жырақтарға тарасын.
Солар жаяр дүниеге атыңды,
Жаман-жақсы болсын, танып затыңды.
Азды-көпті сыйлық қылса саған да,
Сүйіндіріп қарымта бер табанда.
Сезгіш пайда-зиянды тез бұлар да,
Аралассаң, мұны есіңнен шығарма.
Не дегенін, тыңда, дүние кезген ер,
Бастан кешіп, көп нəрсені көрген ер:


 378
379
4435 «Жақсы атыңды жайғың келсе жаһанға,
Мүсəпірді* жақсы қарсы ал, қашанда.
Тарасын деп тілесең сен атағың,
Саудагерге жақсы нəсіп жасағын.
Жақсы атыңды шықсын десең, сайлы бол,
Мүсəпір мен керуенге жайлы бол!
Араласқын саудагермен баптанып,
Жаса жайнап, жақсы аттанып, шаттанып.
59. МАЛШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ АЙТЫЛАДЫ
Малшылар бар берекелі іс тындырған,
Күллі жылқы* алдарында мыңғырған.
4440 Бəрі ақкөңіл, шыншыл, елдің адалы,
Адамдарға жоқ салмағы, залалы.
Жемек, кимек, мінбек — айғыр, байталдар,
Жүк таситын жануарлар, шайқалған,
Қымыз, сүт-май, ірімшік, айран, сүзбе, құрт,
Киіз, сырмақ, перде — құрсаң үйге құт.
Бұл адамдар құтты жандар, пайдалы,
Бұларды да тұтқын жақсы жайдары.
Қатыс, қосыл, ішкіз-жегіз қолдағын,
Түзулікпен кешсін тірлік жолдарын.
4445 Керегіңді ал, қалауын бер, аяма,
Көзім көрді, жоқ пайда мен айлаңа.
Жосық, білім, жөн іздеме бұлардан,
Кең пейілді, қарымы кең қыраннан.
Қосылсаң да жүргін бірақ абайлап,
Жөн-жосықсыз жасап жүрер тағы айбат.
Жылы сөйлес, дос болуға жүгірме,
Білімсіз жұрт ұғынбайды түгін де.
Жақсы айтыпты заң шығарып, білген ер,
Халықпенен араласып жүрген ер:
4450 «Білімсізді жіберме тым жақынға,
Қылмағанды қылар жүріп қасыңда!»
Дана кісі жақсы айтыпты бұдан да,
Біліммен кел əр іске қол ұрарда:
«Біліксізден без, өзіңді тұтып жүр,
Өзін тұтқан — құты тасып, ұтып жүр.
Білімсіздің өзі, сөзі дарақы,
Білімсізден аулақ жүру — шарасы!»
Малшылардың бəрі осындай қарарсың,
Аралассаң сөзімді еске аларсың.
4455 Баяндадым бəрін саған жасырмай,
Не істеріңді ойланарсың — осындай...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет