«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ҚҰШНАШТАРМЕН (БАҚСЫ, БАЛГЕР) ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ



Pdf көрінісі
бет102/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

53. ҚҰШНАШТАРМЕН (БАҚСЫ, БАЛГЕР) ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ 
ТУРАЛЫ АЙТЫЛАДЫ
Бұлардан соң афсыншылар* меселді,
Емдер келген жын-періден кеселді.
Олармен де қатысқан жөн жақсылап,
Пері-жынның кеселіне қарсылап.
Тисін десең, егер саған көмегі,
Ай, мəрт батыр, жақсы қарап, демегін.
Бақсы сөзін оташы елең қылмайды,
Оташыға бақсы жүзін бұрмайды.
4365 Ол айтады: Дерт дəрімен айығар,
Бұл айтады: жазба* жыннан айырар.
54. ТҮС ЖОРУШЫЛАРМЕН ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ 
АЙТЫЛАДЫ
Тағы бірі — түс ілімі деседі,
Түс жорушы жақсыға жол кеседі.
Кісі ұйықтаса, түрлі түстер көреді,
Жори білсе, айтқаны анық келеді:
Түс жорушы жақсылықты мегзесе,
Көңілің өсер, сол жақсылық кез келсе.
Егер, түсің болса жайсыз һəм жаман,
Садақа бер, ең дұрысы сақтанған.
4370 Түс ілімі — хақ мейірі шынында:
Жақсылық қып, аян берер құлына.
Түсі жақсы болса, көріп сүйінсе,
Жаман болса, бір Аллаға сиынса.


 374
375
Пақырларға тауар, күміс таратса,
Пəле бетін қайырар хақ, жаратса.
Жақсы жоры, түс — жорудан, сенгейсің,
Түс көруші, түсті əйбəт көргейсің!
Ондай түсті жақсылыққа балайтын,
Ақылдылар бар, жақсылық қалайтын.
4375 Туысқаным, бұларды ізгі санасаң,
Қаласаң — дос, туысқан қыл қаласаң!
55. ЖҰЛДЫЗШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫНАСУ ТУРАЛЫ 
АЙТЫЛАДЫ
Мұнан басқа жұлдызшылар бар енді,
Бақсаң, бұл жол — өте нəзік, дəлелді.
Жыл, ай, күннің саны болар бұларда,
Бұл қисаптың керегі көп ұғарға.
Білгің келсе, хандасаны* жатқа алшы,
Сонда ашылар есеп-қисап қақпасы.
Көбейту, бөлу, бөлшектерді* білгейсің,
Кемел біліп, емтиханды* бергейсің.
4380 Тазифті* де, тəнсифті* де талдарсың,
Егер білсең, жұлдыз тауып, барларсың
Қосу — алу, місəхатты* игергін,
Жеті қат көкті жіпке тізіп үйренгін.
Тілесең сен мұқабəлды* қарасаң,
Ұқлидистің* қақпасын қақ, қаласаң!
Бұл дүние, ақырет ісі қандай-ды,
Дана адамдар қисаппенен барлайды.
Ай, ізгі жан, егер қисап бұзылса,
Ақырет, жалған ісі қирар, ұғынсаң.
4385 Атқармақшы болсаң істің сен бірін,
Сұрау керек сəтті-сəтсіз мерзімін.
Күн мен Айдың бар құтсызы, құттысы,
Ай, ақпейіл, таңда құтты — мықтысын.
Жақсы айтыпты қария ойлы, білімді:
«Білімдіден біліп алғын ісіңді».
Адам ісін бастаса егер біліммен,
Мақсатына жетер тілеп — жүгінген.
Қай ісің де білімменен гүлдейді,
Білім кейін қалса, қолың жүрмейді.
4390 Тез иланба, олардан сөз сұрарда,
Білетін тек тəңір, естен шығарма.
Жарасқын да, жақсы қара бұларға,
Діліңді бақ, салма тілді бұлаңға!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет