«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Хажыбтың Көсемішке жауабы



Pdf көрінісі
бет23/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161
Хажыбтың Көсемішке жауабы
Хажыб айтты: — Құзырыма келсін деп,—
Мен көрейін, мені де ол көрсін деп.
510 Елбасына сөз айтайын сендірер, 
Көрісетін күнін өзі белгілер...
Көсеміштің Айтолдыға айтқаны
Көсеміш тұрып, шықты. Үміт жайқалды, 
Айтты келіп: «Күнің туды, Айтолды!»
Сен Хажыбпен танысуға жүр енді, 
Тілейтұғын тілегіңді тіле енді!
Көрсін, білсін сөздеріңді тыңдасын, 
Тілегің не, енді өз тілің жырласын.
Түсіндірдім сөйлеп сенің сөзіңді, 
Келістіріп айтқын тағы өзің де!
515 Түйіпті ойшыл білген тілдің киесін: 
«Сөзі қандай болса, сондай иесі.
Көше берер əр ауызда сөз деген... 
Өз ісіне жақын əркім өзгеден.
Жанашырлар жан-тəнімен берілген, 
Саған жақын бола алмайды өзіңнен...
Тілер болсаң өзіңе-өзің мейірім, 
Доғар сөзді. Ақ өзіңе — өз пейілің!»
(Өзіңе-өзің мейірбандық тілесең, 
Бір өзіңнен мейірбан жоқ, тілге сен!)
* * *
Тонын киіп Айтолды өре тұрды, 
Көсемішпен шықты да, ере жүрді.


 102
103
520 Жетіп, ашып қақпаны, кетті еніп,
Хажыб кісісі қарсы алды, көріп келіп.
* * *
Көсеміш ішке, хажыбқа барып білді, 
Қайта шығып, хажыбқа алып кірді.
* * *
Хажыб қарсы ап, төрінен орын берді, 
Жылы сөйлеп, пейілімен көңіл бөлді.
Хажыбтың Айтолдыға сауалы
Айтты Хажыб: — Қалай көңіл-күйің?—деп, 
Қайда келіп түстің, қалай үйің? — деп.
Бар ма мұнда жақын-туыс, білісің? 
Не байқадың? Қалай ауқат, күйісің?
525 Айтты жəне: — Не өзіңнің тілегің? 
Не істейсің? Не іздеген керегің?
Айтолдының Хажыбқа жауабы
Айтолды айтты: — Уа, Хажыб, тірегім, 
Күнтуды атын естігеннің бірі едім.
Естідім де атақ-даңқын жырақтан, 
Білдім, ақыл, сөзін — кетпес құлақтан.
Есігіне табынғалы келдім мен, 
Қызметіне пейіліммен енгім кеп.
Тілегім сол — қызметіне жарасам, 
Тек хажыбқа сөзім өтіп, қаласа.
* * *
530 Ұнатты да ол, Айтолдыны жақтады, 
Тіл жеткенше қасиетін мақтады.
Жүзі нұрлы, түсі игіден түңілме... 
Адалдығы тұр, — деді ол, — түрінде.
Шын көңілмен сүйіп оны қалады, 
Деді: — Анық хан ісіне жарары.
(Əділдіктің өрті сіңген қанына, 
Осындай жан керек ханның жанына.)
Сүйдірген жан, не дейді, есті анығын: 
«Сүйіктінің міні — басты қадірі.
Кісі сүйсе, айыбы асыл көрінер,
Сүймесе егер, асылы айып көрінер!»
(Сүйген ерден асып ешкім айта алмас: 
«Сүйгеніңнің шұнақтығы байқалмас!»
Сүйген жанның айыбы майдай тиер, 
Сүймегеннің қайырымы жайдай тиер).
535 Осы сөздің куəсіндей келді сөз,
Бұл сөзді сен оқығын, ей, нұрлы жүз:
«Көңілің сүйсе, міні жақсы болады, 
Терісі оң боп, кемістігі толады.
Көңіл кімді сүйсе: құлар, бөлмейді, 
Көрер көзге ұрса міні, көрмейді!
(Көңіл сүйсе, құлай сүйер кімді де, 
Көрер көзге ұрса — көрмес мінді де!)»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет