Еліктің Хажыбқа жауабы
Елік айтты: — Шақыр, маған кірсін ол,
Көрейін мен, мені дағы көрсін ол.
(Кірсін!— деді ол, — жолығып, бір-бірімізді көрелік,
Сөз — суретші. Жоқ оған көзден əділ төрелік!)
580 Шықты Хажыб. Айтты: — Айтолды барарсың,
Ханға көрін, құт белбеуін тағарсың!
14. АЙТОЛДЫНЫҢ КҮНТУДЫ ЕЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ
(ҚҰЗЫРЫНА) КӨРІНУІ АЙТЫЛАДЫ
Кірді Айтолды тағзым етіп, көрінді,
Жүзін көріп ашылды Елік көңілі.
Сөз бастады, Елбасына жүгінді,
Сүйіндірді өзін, шырын тілінде.
Еліктің Айтолдыға сауалы
Елік: — Кімсің? Атың кім? — деп сұрады, —
Қайдан келдің? Қайда ендігі тұрағың?..
Айтолды енді сабырменен кеңесті,
Əр сөзінен, білсең, ақыл лебі есті.
585 Сабыр, ақыл — парасаттың белгісі,
Ақылсыз жан хайуанмен тең кісі.
Мұны меңзеп шəйір бəйіт қалдырған:
Ісің болса, саспа, баппен тындырғын!
Бастарда істі байыбына барып ал,
Асыққандар күйінер де, жаңылар.
Барлық істе саспа, сабыр қыл-дағы,
Сабыр тұтса, бектік құрар құл-дағы...
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — О, құтты Елік, бағамда:
Құл қадірі — қызметіңе жарауда.
590 Қызметшімін, босаға — орным, атым — құл,
Ісім — қызмет, кісілікке жақынмын.
Келдім саған ұзақ қиын жол жүріп,
Жетті арыз-тілегіме қол бүгін!
Тілегім бұл: қайтарма сен бетімді,
Жақын тұт та, көргін қызыметімді!
* * *
Сөзін естіп сүйінді Елік, сенді Елік
Тілегенім осы,— деді, берді ерік.
Еліктің Айтолдыға жауабы
Елік айтты: — Айтолды, көрдім сені,
Сүйінтті қылық, құлық, көркің мені.
108
109
595 Істің көркі — мейірім, ақылдылық,
Қақпамды бақ, өзіме жақын жүріп.
Менен — мерей болады, еңбек — сенен,
Еңбек болса, құт есік ашар, сенем!
Сен бүгіннен түзу жүріп еңбек ет,
Қызмет етсе, құл ақысын өтер бек!
Достарыңызбен бөлісу: |