104
105
Қайырымды, ізгі кісі көгерер,
Ізгі кісі — халық жүгін көтерер!
Не дейді ер, тыңда, елді басқарған,
Күллі істі көріп қанып атқарған:
545 «Кімнің бағы асса, игеріп ел ішін,
Кілең ізгі заң жасасын ел үшін,
Кімнің қолы ұзын болса жұртына,
Түзу, сынық болсын қылық, құлқы да!
Кімнің сөзі болса өтімді еліне,
Тілі шырын, болсын жылы өңі де.
Опасыз бақ желпінтеді, бұзады,
Тиянақсыз — тозады һəм озады».
Құтқа иланба, ізгілік қып жүргейсің:
Бүгін мұнда ол, ертең — онда, білгейсің!
550 Құт иесі! Қуанба құр, сорың ең —
Келген бақыт қайтар келген жолымен!..
Құт иесі! Ізгі дəулет құтпенен,
Тұрам десең, тұрғын ізгілікпенен!
Ұлық, бектік тисе, ұстанып жақсы атты —
Кісі алдында кішілікті мақсат қыл!
(Бақ иесі! Қимасаң құт-ырысты,
Жақсылықпен шығысқаның дұрыс-ты...
Қонған құтты көтере алмай, қинасаң,
Көзіңді ашып, құлқыныңды тыймасаң.
Мүмкін, ұлы-ақ, мүмкін, күшті-ақ шығарсың,
Қас қағымда-ақ қара тастай құларсың!)»
Бақытты бол! — деді Хажыб,— сен бүгін,
Байлап алдың құттың кемер белдігін,
Əр істің өз сəті келер, саспағын,
Сəті келсе, есік қалмас ашпаған!
555
Бар мынадай білікті ой, терең сөз,
Білікті сөз — түгел түзу, берен сөз:
«Қай істе де аптыққандар кеш қалар,
Асықтырған іс — өкініш, еш болар!»
(Қай істе де асыққан жан жай қалар,
Асыққан іс күйінішке айналар!)
Абдырамай əр ісіңнің сəтін бақ,
Ай, бек, ісің табар бабын сəтінде-ақ!
(Еш уақытта саспа, асылық ойлама,
Бітер істің толғағы бар, ей, дана!)
Достарыңызбен бөлісу: