«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет31/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Берік кісен бірнешеу,
Мен санайын деген болса — із кесем:
Іздеген жан, болса жібек мінезді,
Көңілі пəк, тілі майда, жігерлі.
Ұстаса өзін, мекерлікті білмесе,
Жауыз істің маңынан да жүрмесе.
705 Жиған малын ысыраптап шашпаса,
Құлқын түзеп, жөн-жосыққа бастаса.
Құрмет қылса үлкендерге өзінен,
Кішілерге мейірім төксе сөзімен.
Паңдықпенен қорсынбаса кісіні,
Күлкі қылып, басынбаса кішіні.
(Кісілерді кішіктікпен тыңдаса,
Кіші сөзін аяқ асты қылмаса.)


 116
117
Тектен-текке шарапқа аран ашпаса,
Тектен -текке несібесін шашпаса.
Қол мен тілін бос ойыннан сақтаса,
Қылық-құлқын оңдап, жөнсіз лақпаса.
710 Міне, осылар баянсыз құт кісені,
Кісендесе, қашпайды, өзі-ақ түседі.
Бұған куə шайыр сөзі мынадай,
Шайыр тілі — көзіңді ашар шырадай:
«Дəулет үркек, ор киікке ұсаған,
Егер келсе, тізгінде де, тұсап ал!
Тұта білсең, дəулет тозып, безбейді,
Қолдан шықса, қайта айналып келмейді!»
Еліктің Айтолдыға айтқаны
Елік айтты: — Ұқтым, ай, Құт, бақ асыл,
Сүйіп едім, сен де тайқып барасың.
715 Болмағанда, сен тұрақсыз, баянсыз,
Қандай жақсы келетінің аянсыз.
Опасызсың: көрсетіп ап опаңды,
Тұрақтамай, тарттырасың жафаңды.
(Сыртың — лəззат, дайын құса, қапаң да,
Жеңіл емес шектіретін жафаң да!)
Атадан да, анадан да мейірімді,
Жан өзіңсің берген кезде пейіліңді.
Көрмегендей, жүз бермесең, бұрылып,
Басқа болар еді сөз бен қылығың.
Дүние жисаң, қайта шашып тастайсың,
Жүзін беріп шақырса, есік ашпайсың.
Айтолдының Елікке айтқаны
720 Айтолды айтты: — Уа, Елбасы қадірлі!
Жайдым ірікпей сыр мен шама əлімді.
Қызықса кім, сынап көрсін нəсібін,
Мені ұстаудың, айттым, білсін тəсілін.
Обалым не, жете алмаса құр текке...
Мен — киікпін, үйренбегем бүлкекке!
Не дейді екен қариялар сарапшыл,
Қарттың сөзі — құттың көзі, тағат қыл:
«Құт та келер, тұта алмасаң — озады,
Дүние берер, тұта алмасаң — тозады!
725 Мықтап ұста баяны жоқ бағыңды,
Ұстамасаң, жоғалтарсың барыңды!
(Келген құтты тұта алмасаң — лағады,
Берген малды баға алмасаң — алады.
Қонған құттың біл қасиет-қадірін,
Қадірді ұққан — көрмес тірлік жəбірін!)
Құтты кісі өзін-өзі сақтасын,
Жайсыз істің маңайын да баспасын!
Өзің таза, тура жолмен жүрсеңіз,
Бақыттының бағы сол ғой білсеңіз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет