«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет42/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   161
Айтолдының Елікке жауабы
— 
Данадан ал, — деді Айтолды, — сөз алсаң,
Наданға оны жеткізе алсаң, болар шам.
Ұлықтарды тыңдап, түйіп жадыңа,
Кішілерге дарыт, жетсін бағына.
Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл,
Ізгі ойларды əз жүрекке жалғай біл!
1015 Көп сөйлеген мылжың, дана болмайды,
Көп тыңдаған халық ойын толғайды.
Білікті жан — тілін білім билеген,
Түкті сезбес текке тілін білеген!..
Еліктің Айтолдыға сауалы
— 
Түсінікті. Бұл сөзді ұқтым! — деді Елік,
Мынадай бір сауалға енді келелік:
Іріккен жөн бе, берген жөн бе тілге ерік?
Ұшсын ба сөз, қалсын ба əлде күрмеліп?
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Елбасы, ойлап қарағын,
Тіл ашпаса, қалар білім қамалып!
1020 Бал мен уың — тілді сөккен жарамас,
Онда жақсы, жаман да көп, аралас.
Кісілердің кісілігі ол, шырағы,
Тілмен бəрі бір хаққа иман қылады.
Тəңір өзі жаратты сан халықты,
Тілді хақты мақтап, тілсіз — қамықты.
Екі нəрсе тірі адамға керегі —
Бірі — көңіл, бірі — тілдің желегі.
Тіл мен көңіл оң сөз үшін жаралған,
Сөзі дімкəс, өзі күйкі, надан жан.
1025 Тура сөзбен талай табыс табарсың,
Күйкі сөзден күйік, қарғыс аларсың.
Түзу сөзге келгенде тіл тартпағын,
Қыңыр сөзді жасыр, текке лақпағын.
Үндемесең — сөз білмейтін сақау дер,
Көп сөйлесең — көкемиға тақау дер.
Кісілердің сүйкімсізі — езбелер,
Қадірлісі сөз қадірін сезген ер.
(Қадірлісі — тіліне ұят сіңгендер,
Жүрек сөзін жүрегімен білгендер!)
* * *
Естіп Елік, гүл жайнады қабағы,
Қолын жайып, көзін көкке қадады.
1030 Шүкірлік қып, мақтап, хаққа табынды:
«Ай, жаратқан, мейірбанды, сабырлы!
Берген едің бəрін ізгі — Нұрыңның,
Қайырымым жоқ, күнəһар бір құлыңмын.
Тілегімді бердің түгел, рахым қып —
Бердің рахат билік, дəулет, батылдық!
Мұның бəрін қалай өтей аламын?
Өзіңді-өзің жебе, айтсам адалын!»
* * *
Шүкірлік қып, қазынасын ашты кең,
Тəбəрік ап, қарқ болды аш кілең.
1035 Айтолдыны сыйлады Елік, еледі,
Жомарт қолмен, майда тілмен демеді.
Уəзірлік, таңба берді, байрақты,
Қару, жиһаз, сауыт беріп жайлантты.
Барша елге үстем етті, берді ерік —
Бойын тартып, кетті дұшпан сенделіп.
* * *
Енді Айтолды барлық іске қарады,
Бұл дəуренін қуанышқа балады.
Халық байып, ырысы артты елінің,
Дұға қылып, мақтады елі Елігін.
1040 Құт дарыды, өсті халық өрісі,
Бірге жусап өрді қозы, бөрісі.


 140
141
Заң түзілді, жетілді елі, əулеті,
Күннен-күнге тасыды Елік дəулеті.
Осылайша құтты заман жалғанып,
Түзелді елі, кемелденді бар халық.
Жаңа ұлыс, жаңа қала тізілді,
Алтын-күміс қазынаға түзілді.
Қуанды Елік көңілі өсіп, күш толып,
Кезді əлемді сөзі, атағы құс болып!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет