«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет39/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   161
Айтолдының Елікке жауабы
Жерді өпті де, Айтолды түрегелді:
— 
Əділ төре өзіңсің, демер елді!
940 Жаһан ері — жасың ұзақ болғай-ды,
Ізгілікпен — басың есен болғай-ды.
Бұзылмасын бектің құзыр, бектігі,
Рахат кешсін, күйіндіріп кектіні!
Қалың елді ұлылықпен билегін,
Сол билікпен — ұлы бектік, күйлі елің!
Қонған бақыт құрымасын, тозбасын,
Дəулет күнде қақпаңды ашып, орнасын.
Бар қуаныш келіп жатсын сабылып,
Көре алмай жау өлсін өті жарылып!
945 Қызметшіні ал, қадірлейтін құқыңды,
Қыңыр болып, қашырмасын құтыңды.
(Лайық болса ол бектігіңе, тегіңе —
Құтты болып, биіктетер сені де!)
Қызметтің көрген қызық-думанын,
Қызметші ердің не дегенін тыңдағын:
«Қызмет ет, етсең лайық асылға,
Асыл бектер біледі құл хақын да!
Қызмет жаса жаны жомарт, жайсаңға,
Үйі толы алтын-күміс қайсарға.
Қызмет қылма қалтыраған сараңға,
Басың қатып, қор боларсың аранда.
950 Өзі-өзінен нəрсе аяйтын сараңдар,
Несін қисын, жұртқа қалай алаңдар?!»
* * *
Сөзін кесті, Айтолды айдай жантайып,
Кетті үйіне, көңілі өсіп, марқайып.
Содан адал қызметін жалғады,
Түн күзетіп, күндіз тыным алмады.
Қызмет етті бір шындыққа табына,
Елік күн-түн жақын тұтты жанына.
Жылдар өтті, түн артынан күн келді,
Айтолды өңі еңбегімен түрленді.
19. СӨЗДІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ ҺƏМ ТУРАШЫЛДЫҒЫ, 
ШЫНШЫЛДЫҒЫ ЖАЙЫНДА
955 Елік бір күн Айтолдыны шақырып,
Орын берді ыммен меңзеп ақырын.
Отырды ол, құрметпенен жүгіне,
Көзін жерге тікті, абай боп тіліне.
Еліктің Айтолдыға сауалы
Елік айтты: — Сөйле, Айтолды, сөзіңді,
Неге отырсың үнсіз, бұрып көзіңді?!
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Білсең, ай, бек, жайды ұғар,
Бектің жүзін көрсе, құлы қаймығар.
Елік ерік бермей, қалай бастайын,
Сауал болмай қалай жауап тастайын?
960 Білікті сөз — тіні барлық дауаның:
«Шықпасын тез сауалынан — жауабың!»
Кім шақырсын — болғаны бір керегің —
Айтпай ма екен дерегі мен себебін.


 134
135
Жөн-жосықсыз сөзге кірмеу — білгенім,
Ай, мал! — десе, — жерге тірі кіргенің.
Бек сөйлемей, тіл ашқан жан, білерсіз,
Бір көргенсіз, ақымақ һəм жүгенсіз.
Ғұмырыңды қысқартатын — қызыл тіл,
Есен болғың келсе, тірлік құнын біл.
965 Не дер екен, тыңда тілін баққан ер,
Тірлік үшін өзін-өзі басқан ер:
«Қара бастың қарақшысы қызыл тіл,
Қанша басты жұтты үзіп ұзын тіл!
Басты ойласаң, тыйып ұста тіліңді,
Басың жұтар тізгінсіз тіл түбінде!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет