«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Айтолдының Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет48/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Айтолдының Өгдүлмішке жауабы
Айтолды айтты: — Тыңда, ұлым, қазірден,
Қапы қалмай келер күнге əзірлен!
Осалдықтан опық жедім, құладым,
Ұйқыңды аш, қапы қалма, шырағым!
(Осалдықпен, көр, үзілді жұлыным,
Мен сияқты бейқам болма, құлыным!)
1210 Туған — өлер, тіріні өлім табады,
Тырмыс қанша, ақыры ажал алады!
(Өлу үшін туған барлық туылған,
Ақыры өтер өлмеу үшін қуынған.)
Бар уақыттың тұтқыны ғой ажалды,
Уақыт жетсе, бастырмайды қадамды...
Мұны меңзеп айтқан шайыр тілінде,
Ұқсаң егер, түгел сөз сол түбінде:
«Бар нəрсенің уақыт, күні белгілі,
Тірі жанның тақыт күні белгілі.
Жыл, ай, күндей тіршілігің көшеді,
Көшкен күнмен өшетінің белгілі!»


 152
153
1215 — Байқа, ұлым! — дейді Айтолды тағы да,
Халімді көр, ал ғибрат жаныңа!
Сенсің — қайғым, өкінішім, арманым,
Қаршадайдан жетімдікте қалғаның.
Менсіз нендей боласың сен, қарағым,
Одан басқа жоқ уайым, алаңым!
Ата еңбегі сіңсе ұлына біртуар,
Білінеді ол ұлдың мінез-құлқынан.
(Ата жолын көрген оттай жанады;
Құс не көрсе, соны ұшқанда алады.)
Жаны жұмсақ — қатты ұстаған баланың,
Жүзі жарқын ата менен ананың.
1220 Қолдан, егер шығарсаңыз сіз егер,
Ұлдан қайыр жоқ, үмітті үзе бер!
Ұл өсіргің келсе дана, жүректі,
Қатты ұстап: үйрет білім, ізетті.
Сөзін тыңда ұл өсірген атаның,
Жасы келген, иесі ақ жол батаның:
«Ерке-шолжың болса кімнің ұл-қызы,
Өзі егіліп, солар мұңнан нұр жүзі.
Бейбастақ қып өсірсе ұлдың қылығын,
Кінəлі — əке, жазығы жоқ ұлының.
1225 Ұл-қыз кесір, болса ессіз, парықсыз,
Жаман қылған бір атасы, қанықпыз...
(Кір болса ұлдың көкірегі, қолдары,
Атасынан, тегі сондай болғаны.)
Қатты тұтып, үйретсе ата баланы,
Ұл-қызым деп, бақ — барқадар табады.
(Тезге салып өсір ұлды, сүйгесін,
Кейін жауың күліп, досың күймесін!)
Ата болсаң, ұлан лағып жүрмесін,
Қолдан шығып, кейінгілер күлмесін.
Ұл-қызыңа өнер, білім танытқын,
Өнерімен жақсы құлқы қанықсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет