«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет95/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Елікке жауабы
3890 Жауап берді Өгдүлміш: — Ай, құтты Елік,
Олай болса, көр тағы хат жіберіп.
Елші қанша түзу болсын оқтан да,
Хат болмаса, сөзге көңіл тоқтар ма!?
Таныс жанға, хат — сенімнің кепілі,
Кепіл болса жабық айла есігі.


 342
343
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Елік айтты: — Осы болса қаларың,
Хат жазайын, сөзбен тағы қадалып.
Хат жазайын. Хаттың аты хат, білсең,
Хатқа сенбей, шамырқанып бір көрсең.
3895 Нені сөйлеу керек, сөйлес, мүдірме,
Шақыр, сендір, келтір! Əсте түңілме...
45. КҮНТУДЫ ЕЛІКТІҢ ОДҒҰРМЫШҚА ЕКІНШІ ХАТТЫ 
ЖАЗЫП, ЖОЛДАУЫ АЙТЫЛАДЫ
Қағаз, сия жеткіздірді алдына,
Хат бастады қолға қалам алды да.
Сөз бастады құдіретті есіммен,
Жаратқан деп, ырзық берген, кешірген:
— 
Мың-мың алғыс үкімі ақ тəңірге,
Құлқы, заңы мейірімді, əділ де.
Жалғыз өзі-ақ, таза нұрын таратқан, 
Жоқтан барды, бардан жоқты жаратқан.
3900 Бірге болып, оны сақта діліңде,
Ибадат ет, жүрсін жүрек, тіліңде!
Не қаласа, қалағанын береді,
«Болсын!» — десе, тілегені келеді!
Тырбанғанға ырзық берер, біле бер,
Тірі өлікке бір өлімін жіберер.
Əзіздік те, қаралау да қолында,
Ұлы да оның, кіші де оның торында.
Оның тілек ойын ешкім ұға алмас,
Қазасын да ешкім тиып тұра алмас.
3905 Мың-мың сəлем пайғамбарға, қолдай гөр,
Тура жолға рахымды Алла жолдай гөр!
Достарына мың-мың алғыс жолдадым,
Аллам, дəйім жарылқағын, қолдағын!
Ең əуелі сансыз сəлем арнадым
Мен өзіңе, ақылы кең ардағым!
Хал-жайыңды сұрап жаздым хатымды,
Күйің қалай, құрметтейміз затыңды!?
Мен өзіңе туысыңды жолдадым,
Сен келсе деп тілек етіп болмадым.
3910 Оны өзің қаламадың, келмедің,
Назарыма түсіп, мені көрмедің.
Жауабыңды жазған хатың білдірді,
Айтқаныңды інің айтып үлгірді.
Хатыңды оқып, сөздеріңді ұғындым,
Қашқақтамай ойды тыңда, бұрылғын.
Шекерден де тəтті сөздер айтқанмын,
Удан ащы жауабыңды қайтардың.
Тағы мына сөздерімді жібердім,
Көңіліңе тоқып өзің, біл, ерім:
3915 Өзің сеніп, діннің жолын қаладың,
Содан бері Захид атың тарады.
Бұл атағың ел ішіне жайылды,
Биік белгі болып, жұрттан айырды.
Атың үшін дұрыс оған барғаның,
Өзіңді ойла, несібеңнен қалмағын.
Егер жұрттың көзі тисе қызығар,
Зая кетер ибадатың бұзылар.
Хаққа табын, бүрке бірақ пердесін,
Перде бұл күн елге еш сыр бермесін.
3920 Сүйген құлын тəңір өзі қолдайды,
Оның жөнін халық ұға қоймайды.
Құл өзі өзін білмес бақсын-бақпасын,
Қайдан білсін хаққа жағар-жақпасын?!
Осында кел, жаса халық ішінде,
Білмейді ешкім, шаруасы жоқ ісіңде.
Адал мал тап, өзіңді өзің сүйіндір,
Ашын елдің тойындыр да, киіндір.


 344
345
Ізгі кісі тапса ақ жол, адал ас,
Қос жалғанда, əсте қолға қарамас.
3925 Бұл сөзді есті, келмей қалған, ей, маған,
Не дейді екен ақылды, есті ойлы адам:
«Жақсы адамға дүние малы тисе егер,
Қос жалғанда төңірегі гүлденер.
Жей білмесең, дүние жиып құнығып,
Арттым дей бер ауыр жүгін ұрының!»
Хақ құлына тисін пайдаң, ей, бегім,
Пайдаң тисе, нағыз ерім дейді елің.
Күштеп сені, ай, захид ер, ақылдым,
Мұсылманның пайдасы үшін шақырдым.
3930 Келіп бері, тіле жұрттың тілегін,
Кісілерге пайдасыз жан — бір өлік!
Адам ба, адам өз пайдасын күйттеген,
Адам нағыз — ел пайдасын діттеген.
Сахи емес, нəрсе беріп жанасқан,
Сахи нағыз — жанын қиып қарасқан.
Қайырымды ма өзін-өзі демеген,
Қайырымды сол — ел пайдасын елеген.
Ізгі адам дер, оған кімді теңерсің,
Ай, білгір бек, оны да айтып берерсің?
3935 Жақсы кісі? Жақсы ер сол, бағыңа,
Дауа болса, қайғырғанда, жаныңа!
Ай, ақпейіл, ай білімді ер, мойында,
Бұл сөзіме ой жіберіп, пайымда.
Растығын сарапта, бұл сөздердің,
Рас десең, болма əуейі, тез келгін.
Ұзын сөздер зеріктіре жайылар...
Есті ерлер сөзді қысқа қайырар.
Сөздеріңді азайт, енді есілме,
Ақыл, білім құнын сөзбен кетірме!
3940 Қалған сөздер болса, несін тізейін,
Бауырласың баяндар, мен үзейін!
* * *
Хатты аяқтап, тұрды, қатты байлады,
Көктің желі желпіп, хатты шайқады.
Хатты алып басты үстіне таңбасын,
Өгдүлмішке берді əзірлеп алғасын.
* * *
Айтты Елік Өгдүлмішке: — Аяңда,
Хатты беріп əрі ауызша баянда.
Қандай лажы болса, істеп, торып бақ,
Ұлыс-кентке келтірудің жолын тап.
3945 Не тілесе, тілегенін берейін,
Келсін мұнда қорғап-қоштап, демейін.
* * *
«Əлбетте!» — деп, шықты Өгдүлміш сайланып,
Ізгілікті ер келді үйіне айналып.
Келіп түсті, үйге кіріп жайланды,
Ішті, жеді, демін алып, ойланды.
Руми қызы* жүзін жерге жасырды,
Жаһан өңін зəңгі-түнек қашырды.
Қап-қара құс тұтып, аспан налыды,
Толды əлемге қара құстың мамығы.
3950 Төсегінде кешті ойдың тереңін —
Тумасына көріскенде не дерін.
Мызғып қана, оянды: бар алабы
Көмір қара түнге оранып барады.
Ұйқы қашып, тұрды басын көтеріп,
Қап-қара түн түріп апты етегін.
Күн де басын жерден алып, көрінді,
Нұрлы жүздің нұры аспанға төгілді.
Тұрғаннан соң, таң намазына ұйыды,
Намазды өтеп, дұға қылды, сыйынды.
3955 Бір ұланмен атын тездеп ерттеді,
Күле шығып, үйден жолға беттеді.


 346
347
Қандасына келді жақын, бірақ та,
Хақын сақтап, түсті атынан жырақта.
* * *
Жүріп барып ақырын есік қақты,
Өре тұрып ағасы есікті ашты.
Құлшылығын тоқтатып, шығып барды,
Сəлем қылды, байқағын, қолын алды.
Қайта кірді Одғұрмыш қолын ұстап,
Орын берді құрметтеп төрді нұсқап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет