348
349
Қажылықты тілесең — қажет тауар,
Əзіздікті тілесең — малың жарар.
Болмаса ердің нəрсесі алып-берер,
Ізгілік жоқ, қайран жоқ қолдан келер!»
Бұл жақсылық қадірін түсірмегін,
Ойлы сөзді сен неге түсінбедің!
3985 Ибадатқа сенген ғана жүгінер,
Тəу еттім деп қарап жүрсең, түңілер.
Табынумен таппас Алла əзір, құл,
Табынушы жолы, білсең, нəзік жол.
Неше мың жан талай жылдар табынды,
Жан шығарда оң жолынан жаңылды.
Тəу етпеген күнəһарлар неше мың,
Ақырғы сəт тапты жолын, есебін.
Алланың бар сүйініші білемін —
Құлшылықтың ішінде, ұлық, жүрерін.
3990
Білмесе адам, тəу етуді, түбінде,
Ұқпағаны құлшылықтың түгін де.
Татқың келсе бар лəззатын ақтарып,
Түгел орында құлшылықтың шарттарын.
Айтқанымды ақылға сап көрерсің,
Айтқанымдай шықса, жауап берерсің.
Егер, шыны шықса болып осындай,
Көңілі ізгі, сөзімді ал, тосылмай.
Болма əуейі, бас көңілдің желігін,
Елмен қатыс, парызды атқар беріліп!
Достарыңызбен бөлісу: