«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет93/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Сұрады Елік Одғұрмыштың қандайын,
Айтқын, -— деді, сонсоң, — істің мəн-жайын.
Не сөз болды? Ісің қалай, көне ме?
Тілегіңе не деді? Өзі келе ме?
* * *
Өгдүлміш ең əуелі хатты берді,
Елік алып, ашты да, оқып көрді.
3845 Қызарды өңі, өзгерді, жүз ойланды,
Күлімсіреп сонсоң біраз толғанды.
* * *
Деді: — Інің ірі сөздер теріпті,
Торқа берсем, тікен түйіп беріпті.
Мін жоқ сөзде. Шын сөз мірдей кескілер,
Тура сөз — шын, шындық ащы естілер.
Тілмен не айтты, нендей ойға кенелдің?
Түгел жеткіз не естідің, не көрдің?!
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Естігенін айтты Елік аудырмай,
Түгел тізіп, бір де сөзін қалдырмай.
3850 Талай сөздің, — деді, — мойнын қайырдық,
Ол да, мен де айттық, жөнін айырдық.
Бар сөзіме түгел жауап қылады,
Тағы қыссам, көзін қатты жұмады.
Не қылсам да, өзі бері келмеді,
Сөзді сөзбен кесіп, пейіл бермеді!
* * *
Естіп, оқып Елік ұқты мəнін де,
Ақыл, білім сөзінің əр дəнінде.
Тағы аңсады, көңілін шер кернеді,
Көңілі шерлі кісіні — мұң жеңгені.
3855 Мəрт басшы ер жақсы айтыпты, түсінем:
«Көңіл кетсе — ерік кетер кісіден!»
Бұл көңіл — бек, күллі мүше құл бұған,
Бегі қайда, құлдар солай құлаған.
Тілек тілер болсаң — көңіл құласын,
Ол тілекке жетпей тынбас, құлазып...
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Өгдүлмішке тағы айтты Елік: — Бұл сенің,
Ағаң, ойлы адам екен, білсеңіз!
Сөзін естіп, сезбеппін ой-білігін,
Құлық, қылқы қандай, қандай білімі.
3860 Естіп, оқып, көңілімнен өткіздім,
Қайтсең де енді тілегіме жеткізгін.
Өз елімде тұрып сөзім өтпесе,
Не болғаны тілегіме жетпесем?!
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — күллі бектің сарасы,
Құлқы сұлу, мейірлі, ел ағасы,


 340
341
Туысыма қайтарда: — Сезем,— дедім,
Елік қайта жіберер, келем дедім. 
Қадірле оны, бүгін жүр, — дедім тағы, — 
Қалдырмайды, ақыры алдырады.
3865 Түңілдіріп, кесіп айтты, келме! — деп,
Мен бармаймын, күш-зорлыққа сенбе! — деп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет