«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет98/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Айтты, Өгдүлміш, жауап берді: — Қадашым,
Қиын емес, істе — үйреніп аласың.
Мен білемін заң, тəртіптің шарттарын,
Өзің тыңда, айтайын мен ақтарып.
Білмегенін кісі үйреніп кетеді,
Білген кісі бар тілекке жетеді.
4020 Мұны мегзеп айтқан екен білікті,
Ұқпағанның білем деуі күдікті.
«Кісі үйренер, іштен біліп тумайды,
Тіл де сайрар, туа сөйлеп тумайды.
Кісі үйреніп барып білім алады,
Біліктінің қолында ісі жанады!»
Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы 
Айтты Одғұрмыш, жауап беріп: — Білерім,
Тілерім жоқ, осы болса тілегің.
Əуреледің бүгін сүйреп өзіңе —
Айтшы, қане, қызметіңнің жөні не?
4025 Көңіліме кірер ме екен тыңдайын,
Үйренер ме екем өзім, аңдайын.
Қане, енді заңның жөнін сарала,
Жөн-жүйесін бас-басына сана да!
Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы 
Айтты Өгдүлміш, жауап беріп: — Адасып,
Түзу сөзге жаңа келдің жанасып.
Алғаш жолың алыс еді ақылдан,
Дұрыстыққа енді келдің мақұлдап.
Мен айтайын тыңда, көзің ашылсын,
Үйреніп бақ, санаңа оттай басылсын.
4030 Үйренемін десең енді, егер де,
Сөзіңді тый, тіл тербеме бекерге!
47. ӨГДҮЛМІШ ОДҒҰРМЫШҚА БЕКТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ 
ІСТЕУДІҢ ЗАҢДАРЫ МЕН ТƏРТІП-ТƏСІЛДЕРІ ТУРАЛЫ 
АЙТАДЫ
Екі түрлі болады қызметші кісі,
Қызмет етсе, оңалар күнде ісі.
Бірі ұлан кезінен іске кірер,
Енді бірі толысып білек түрер.
Екеуінің жақсысы түсін, бірақ,
Жастайынан істесе көңіл құлап.
* * *
Бүгін қанша сөз айтсаң да, саспайын,
Бұл сөздерді кішілерден бастайын.
4035 Сөзді ортадан тұтсақ, соңы жоғалар,
Соңы жоқтың, басы да жоқ оралар...
Пісір сөзді, пысықтықты тілесең,
Түзу бол, сен түзулікті тілесең.
Кім ашқысы келсе қызмет қақпасын,
Кішкентай жас кезінен-ақ бастасын.
Жөн-жосықты, білсе заңды, əдепті,
Кіріп-шыға білсе, болып əдепті.
Ерте тұрып қызметке кіріссе,
Тілін бағып, құлқы игі боп, біліссе...
4040 Іскер, шапшаң, қызметке бап болса,
Құлақ, көзі алғыр, ұшқыр, сақ болса.
Қызмет етсе, өзінен үлкен ұлыққа,
Тілін бағып, сүйенсе əдеп-ғұрыпқа.


 352
353
Ондай адам кішік болса тегінде —
Ісін оңдап жақын жүрсе бегіне.
Олар бекке еркін кіріп шығады,
Арыз, хабар, істі баян қылады.
Бек те байқап, ондай кішік кісіге,
Сенер еді, қосып тілек, ісіне.
4045 Зерек болса, құлқы бүтін, жағымды,
Өтінішке жүрер, оңдап бағыңды.
Мерген болса, болар қару, оқ басы,
Құлқы түзу болса, болар таңбашы*.
Құлығы пəк, болса өңі шырайлы,
Ыдысшы етіп, бек көңілі құлайды.
Есеп-қисап білсе — қазына қаратар,
Ақылдыны хатшылыққа жаратар.
Осылардың қайсысына ер жараса,
Сақ қараса, ісін істеп тамаша.
4050 Не дейді есті, өзі қызмет еткен жан,
Қызметімен тілегіне жеткен жан: 
«Тұрар болсаң бекпен өзің жүзбе-жүз,
Именіп тұр, сақтықтан қол үзбеңіз.
Құлық, жүрек һəм өзіңді күзетіп,
Шират сөзді, көңіл-тілді түзетіп!»
Қызметпен жақсы іске жетерсің,
Қызметпен жақсыны дос етерсің.
Қайырым қылып құрметтесең өзіңді,
Қызмет қыл: Нұр жуады жүзіңді.
4055 Егер бекке бетпе-бет кеп жүгінсең,
Құлақ — төрге, көзің жерге тігілсін.
Қол қапсырып*, түзе аяқты — оң болғын,
Оң қолыңды қой үстіне сол қолдың.
Оң аяқпен атта енгенде есіктен,
Жарлық берсе парасатпен есіткін.
Тілек айтсаң — түзу таза ұстап қол,
Тізеңмен шөк, сыпайы əрі жұмсақ бол.
Қия баспа, оңға-солға қарайлап,
Сөз — ақылын ұғып, тыңда абайлап.
4060 Сөз сұраса — айтқын сөздің шындығын,
Жарлық берсе — қаз-қалпында тындырғын.
Ішпе ішімдік, жүрме бекер, тасыма,
Қаш, жолама жарамсыз іс қасына.
Естімеген бол, естіген сөзіңді,
Көрмеген бол, жұмып көрген көзіңді.
Кім жараса іске осылай, есебі — 
Ісі өрлеп, құты күнде өседі.
Əскербасы болар бірі жау жасқап,
Болар бірі атқамінер ел бастап.
4065 Əскербасы не хажыб боп шығады,
Қайсыбірі ғылымға бой ұрады!
Қызыметпен бірі атақ алады,
Ұлық болып, бар тілегін табады.
Бірі ақылмен кеңесшілік етеді,
«Көк айықлық»* атқа бірі жетеді.
Бірі — ынанш*, бірі шағры* бек болар,
Бірі текті, бірі атақты бек болар.
Бірі — иабқу*, бірі нұқрұш*, ел бегі,
Бірі асқан атақты, асыл еңбегі!
4070 Егер құлдың атақ-даңқы тараса,
Даңқтан бар байлық-мүлік аласа.
Жетсе осы істің біреуіне ер егер,
Ұлық болып, тілегіне кенелер.
Қызмет етсе, атқа жетіп құрметті,
Пайда, атаққа кенелтеді құл бекті.
Лауазымға жақындатсаң наданды,
Бүлдірер де, бегіне ашар аранды.


 354
355
Келістіріп айтыпты əкім ақылды:
«Тексіз жанға берме ісің мен асыңды!»
(Жақсы айтыпты ақылды, есті ел бегі:
«Тексіз жанды дəрежелеп, сенбегін!)
4075 Бұдан да артық айтылыпты толымды:
«Надандарға берме, бегім, қолыңды!»
Ақылсыздар білім сорын қайнатар,
Білімсіздер халықты кеп жайратар.
Білімсізді биіктетсе, өзі егер,
Бек жазықты, бекке күдік көбейер.
Ұлықтыққа жетсе егер надандар,
Иесінің басын жұтар, қараңдар.
Дұрыс бекке құлын əділ бағалап,
Жарылқаса — білім, ісін саралап.
4080 Сынап қатты құлдың құлық, қылығын,
Ақыл-есін байқап алғын, ұлығым!
Құл жанқияр, серік болса бегіне,
Сол ғой бекке берерінің өзі де...
Тыңда, адамды, заң-жарғыны басқарған,
Заң жөнімен бектік ісін атқарған:
«Құл аты құл, ұлықтыққа жеткенмен,
Қызметші ол бекке демеп-жеткерген.
Бек аты бек, қанша кішік дегенмен,
Қызметшіден бектік ерек еленген!
4085 Бектер сыйлап, ұлық болған адамдар,
Қадір тұтып, бекті ұлы деп қараңдар.
Бұл бектермен өшігіспе, теңеспе,
Сүйіп сөйле, тиіп сөйлеп, егеспе!
Олар — құтты, ұзын қолы құттының,
Олар — оттай, күйдірер кеп ықтырып.
Замана — олар, заманаңмен жарасып,
Жүру керек сүйінішпен санасып!»
Жақсы айтыпты бəрін сынап білген ер,
Тілек, құтын қызметпен ілген ер:
(Дана сөзі қандай жақсы, жарқын сөз,*
Дана сөзін құлақ ассаң — баршын жүз)
4090 «Көзі күліп, бектер сені барласа,
Сүйінбе ұзақ, онысына нанба аса.
Көңіл демдеп, қызметке нанбағын,
Бек жаңылса, салар сұсын, салмағын!»
Кішік, ұлық, мəшһүр иə батыр ма,
Қызметші дəйім қызметші сапында...
Тырыс, бекке қызметте сүрінбе,
Іс жолынан тайып, азып, бүгілме!
Бектер қанша жақын тұтсын, құнықпа,
Түзу жүргін, өзіңді əсте ұмытпа!
4095 Секем алғын, қанша жақсы қарасын,
Сенбе, ойлап тұр беретұғын жазасын.
Бірде от боп, бірде су боп — бүлдірер,
Бірде егілтіп, бірде сені күлдірер.
Үш нəрсеге қоңсы қонба, жақындап,
Бек көзі һəм от, су тұрған лақылдап.
Гүр арыстан сияқты бұл бектерің,
Нақ жібектей еркелетіп — ептедің.
Ерегессең, буырқанар — бас алар,
Тамыр тесер, қаныңды ішіп — қасарар!
4100 Ашу қысқан бекке жақын бармағын,
Бардың екен — бір пəлеге қалғаның.
Сұраса — айт, шақырғанда — кір барып,
Сау-сəламат, қадірлесіп, тұр бағып.
Сөз көп. Білсең — таза естімей, қоя сал,
Көзің көрсе — көрмегенге сая сал.
Не дейді екен, аңда, өзін тұтқан ер,
Тілектерін, кіріп, айтып шыққан ер:


 356
357
«Кіргін!» десе, қадіріңнің болғаны,
«Шыққын!» десе, бетің қайтып, сорладың.
4105 Ұстамды боп һəм көзіңе қарағын,
Ұстамды — əзіз, ғаламда алар аларын!..»
Үш нəрседен алыс жүр, сақ, байқағын,
Бірі — қатты, қырсық болма, айтарым.
Бірі — жалған, сұғанақтық — үшінші,
Үшеуінің түбі қорлық, түсінші!
Кісі сөгіп, ұсақ сөзге берілме,
Тура сөйле, сөзді терме, тегінде!
Адал болғын, біл, адалдық — киелі,
Бектер — адал, адалдықты сүйеді!
4110 Сарайға енсең, байқа, түсін, біл сезіп:
Қадірле сен, қадірлесе кім сені!
Кергіп, қолды ( қалтаңа) сап кірмегін,
Қол алысып, һəм тұтысып жүрмегін.
(Кірсең, ойлап, əдебіңмен келіп кір,*
Тұрма тағы. Сəлемін ал Еліктің.)
Отырғанда өз орныңды білгейсің,
Кішік болып, жұртты көзге ілгейсің.
Жөткірінбе, қақырынып, түкірме —
Надандық бұл. Қадіріңді түсірме.
Бағдаш* құрма, жата кетпе жантайып,
Қауқылдап көп, қарқылдама шалқайып.
4115 Тырнақ алма, мінгестірме аяқты,
Құтың қашар, наданды кім аяпты.
Өзіңнен де зорлар сөзін қозғаса,
Құлағың сал, сөйлеп əуре болма аса.
Түзу сөйле, жүзің жарқын болады,
Ізгілікке ашылсын сөз орамы.
(Тура сөйле, жүзің нұрға бөленер,
Тілдеспе құр, болмаса ешкім теңелер...)
Ұста өзіңді, ішіп кірме сарайға,
Мастық — настық. Қор боласың қалайда.
Үш нəрсе бар. Сақтанбаса солардан —
Басын берер. Үшеуі үшін солар жан:
4120 Біріншісі, бектер сөзін бек ұстау,
Тəн-жаныңды сақтағандай бұлжытпау.
Екіншіден, елге жайып салмаса,
Топалаң күн туса да естен танбаса.
Үшіншіден, сарайда да түзу жүр,
Жарамсыздан көзді алыс үзіп жүр.
Кісі үшеудің бірін тыйса, есіл ер,
Қаншама ұлық болса да, бас кесілер.
Ай, ақ пейіл, жүре берме өңмеңдеп,
Уақсыз уақта көзге түспе көлбеңдеп.
4125 Егер өзің төрде отырсаң жайланып,
Кісі кірсе, тұр ізетке сайланып.
Қашан бектер сауал берсе, ер жігіт,
Сөзді ұзартпа, жауабын бер келтіріп.
Сұрай қалса — білгеніңді айт, жасырма,
Сөзін кессе — қой, сөзіңді асырма.
Шақырса, егер бектер сыйлап тамаққа,
Əдеппенен іш-же, жерге қаратпа.
Оң қолмен ал қойған асты алдыңа,
Əуелі Алла аты түссін аузыңа...
4130 Қол созба асқа тұрған кісі алдында,
Ал, ай, зерек, қойған асты алдыңа.
Пышақ алма, сүйек қажап кемірме,
Тамсанба асқа, үндеме елге тегінде.
Əйелдердей түсіп кетпе қызығып,
Əйелдердей қалма ашығып, сызылып.
Тоқ болсаң да, бектің асын қайтарма,
Бектің асы — ізет басы, найқалма!


 358
359
Не істесең де, пейіліңді қасыңа ал,
Жаныңды сал, сонда көзің ашылар,
4135 Білікті ер жақсы айтыпты саралап,
Тұт бұл сөзді саф алтынға бағалап:
«Егер, бектік тисе, өсіп беделің,
Білікпенен ісіңді атқар, ей, ерім!
(Егер, сөздің еркі тисе, батырым,
Салауатты бол; билесін ақылың*.)
Егер асқан йабғы* болсаң теңдессіз,
Опалы бол: күштен есе бермессіз.
Егер əскер басы болсаң, ерулі,
Ай, мəрт ерім, сақ бол, нық бол, сенімді!
Тисе үй-жай, мүлік пен мал жайлаған,
Қолыңды ашып, малыңды іске пайдалан.
(Тисе саған бір топ əскер, басшылық,
Қылыш алып, мал таратып, ал шығын*.)
4140 Уəзірлік тисе, қолың ұзарып,
Саясатты түзу, таза жүр алып.
Кеңесшілік тисе, кеңес ақыл тос,
Жаңылса бек, жол көрсетіп, ақыл қос.
«Көк айықлық»* тисе, тұрғай сенімде,
Құт белдеуі жүрер бекем беліңде.
Əскер басы əрі ел басы... білерсіз —
Көз-құлақты бағып, тура жүрерсіз.
Хажыб болсаң, пара ап күнə қылмағын,
Кемтар, жетім, тұлдың сөзін тыңдағын.
4145 Қазынаға қазынашы қылып жіберсе,
Тура, шыншыл жүріп, оны үнемде.
Хатшылыққы алса, сақ бол бұдан да,
Құпия, сырды сақтап, сөзді шығарма!»
Қызметтер, міне, осылар секілді,
Бұдан басқа түрлері бар не түрлі.
Тағы қанша жетіп жатыр ісшілер,
Төсекші, аспаз жəне аңшы, құсшылар.
Жырақ тұрсаң бұл істерден, еңбектен,
Рахат көрмей, көз ашылмас бейнеттен.
4150 Тілесең сен дəйім құрмет өзіңе,
Құрметте елді, қара кісі көңіліне.
Ұлықтарды — ұлы көріп, қадірле,
Ұлы берер бақыт, ырыс, бəрін де.
Не депті қарт, көпті көрген басы бар,
Қария сөзін естісең — көз ашылар:
«Жаһан заңы — құрмет тұту үлкенге,
Үлкен келсе — тік тұрып күт, іркілме!
Ұлыға кішік құрметі бек жарасар,
Кішіге ұлық құрметтесіп, санасар!»
* * *
4155 Сөзін үзіп, Өгдүлміш былай деді:
«Бек қызметінің сипаты бұлай еді:
Айттым түгел, естідің сен, түсіндің,
Қандайлығын бекке қызмет — ісіңнің.
Бекке жасар қызметің осылар,
Қызмет етсе — құт қақпасы ашылар.
Білген дұрыс қай қызмет тиімді,
Егер білсең, кіріс, бекті сүйіндір!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет