Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет49/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

1. Кооперативтік рефлексия. Бұл түрге жататын рефлексиялық әдістер 
мен жаттығулар ұжымдық іс-әрекетті жобалауды және қызмет субъектілерінің 
бірлескен іс-қимылдарының ынтымақтастығын көздейді. Мұнда рефлексияның 
нәтижелеріне баса назар аударылады. 
2. Коммуникативтік рефлексия. Бұл әдістер коммуникативтік әрекеттің, 
тұлғааралық қабылдаудың маңызды компоненті ретінде әрекет етеді және адам 
танымының арнайы сапасы ретінде сипатталады. 
3. Тұлғалық рефлексия. Мұндағы әдістер мен жаттығулар жеке тұлғаның 
өз іс-әрекеттерін, жеке өзінің «Менінің» бейнелерін талдау мүмкіндігі мен 
қажеттілігін қалыптастырады. 
4. Интеллектуалдық рефлексия. Бұл жаттығулар тобы ақпаратты 
өңдеудің когнитивті үдерістерін ұйымдастыру мен қарапайым және өзгеше 
мәселелерді шешуге арналған оқыту құралдарын табуға бағытталған [207].
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыруда рефлексиялық әдіс өте 
маңызды рөл атқарады. Себебі рефлексия оқытушының сабақты басқаруын, 
жүргізуін, білім алушылардың сабақтағы жай-күйін, берілген тапсырмаларды 
шешу жолын, мәселелерді шешуге қосқан үлестерін бағалауға, топтық, жұптық 
жұмыс істеуге, жетістіктер мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Мұның бәрі білім алушылардың ойлау қабілетін дамытуға, танымдық 
стратегиялары мен іс-әрекетін жоспарлауға, сыни көзқарасын қалыптастыруға 
ықпал етеді. 


113 
Сторителлинг. Сторителлинг – бұл эмоционалды байланыстарды құру, 
тыңдаушының назары мен сезімдерін басқару, маңызды мәселелерге назар 
аударту, сол арқылы адамдарға эмоционалдық сөйлеу әсерін тигізу.
Сторителлинг (ағыл. Storytelling, story – әңгіме, tell – айту) әдісін 
Armstrong 
International 
халықаралық компаниясының басшысы Дэвид 
Армстронг енгізген. Армстронгтің жеке тәжірибесінен сәтті өткен бұл әдістің 
тиімділігі ережелер мен тұжырымдамаларға қарағанда әңгімелердің мәнерлі, 
әсерлі, қызық болуымен әрі жеңіл қабылдануымен түсіндіріледі. Мұндай 
әңгімелер адамдардың есінде ұзақ сақталып, олардың мінез-құлқына, 
эмоцияларына күштірек әсер етеді.
Ф. Пуллманның: «В одной истории больше мудрости, чем во всей 
философии» деген сөзіне сүйенген түрлі сала мамандары қазіргі уақытта 
сторителлинг әдісін өз қызметтерінде (маркетинг, менеджмент, бизнес, PR, 
қаржы, сауда, психология, журналистика, білім беру, т.б.) кеңінен қолданып 
келеді. 
Білім берудегі сторителлинг – бұл оқыту, тәлім беру, тәрбиелеу, дамыту 
және ынталандырудың педагогикалық мәселелерін шешуге бағытталған, белгілі 
бір құрылымы мен сипаты бар әңгімелерді пайдалануға негізделген 
педагогикалық әдіс. 
Педагогикалық сторителлинг, негізінен, классикалық және белсенді 
сторителлинг болып екіге бөлінеді.
Классикалық сторителлингке мұғалім айтатын шынайы өмірлік (немесе 
ойдан шығарылған) оқиғаны жатқызуға болады. Білім алушылар тек тыңдайды 
және ақпаратты қабылдайды. Ол вербалды түрде жеткізіледі. Классикалық 
сторителлинг айқын білімді таратуға қызмет етеді, оны қолданғанда мұғалім 
оқушыларға нақты білім беру ақпаратын жеткізеді: ережелер, теориялар, 
тәжірибелік заңдар және т.б. 
Белсенді сторителлингте тыңдаушылар оны құру және әңгімелеу 
үдерісіне белсенді қатысады. 
Білім алушылар белсенді сторителлингте: 
– мұғалімнің тапсырмасы мен ұсыныстарын орындай отырып, өзінің 
сторителлингтерін құра алады; 
– әртүрлі жағдаяттарды модельдеп, олардан шығу жолдарын іздестіре 
алады; 
– өз бетінше немесе мұғаліммен бірлесіп әңгімелерді талдай алады.
Белсенді сторителлинг тек айқын емес, сонымен қатар жасырын білімді 
беруге көмектеседі. Жасырын білім – бұл логикалық тұрғыдан рәсімделмеген 
және вербалды түрде айтылмайтын білім түрі. Ол практикалық қызметте 
дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру үшін кеңінен қолданылады [208]. 
Бүгінде педагогикалық сторителлинг мультимедиялық технологияларды 
белсенді 
пайдалануда 
да 
қолданылады. 
Сторителлингтің 
визуалды 
материалдармен толықтырылатын мұндай форматы (видео, жазба, ақыл-ой 
картасы, инфографика) цифрлық сторителлинг деп аталады. Цифрлық 


114 
сторителлинг мұғалімдерге оны оффлайн және онлайн оқыту форматында да 
оңай қолдануға мүмкіндік береді. 
Қазіргі уақытта сторителлинг әдісі сыртқы және ішкі коммуникация 
құрудың, аудиторияға шынайы немесе ойдан шығарылған кейіпкерлері бар, 
әсерлі, күлкілі, тағылымды әңгіме айтудың тиімді құралы ретінде танылып 
келеді.
Сторителлинг «құрғақ» теориялық материалды жарқын кейіпкерлермен 
және динамикалық оқиғалармен толықтырып, білім алушылардың тақырыпқа 
деген қызығушылығын арттыруға, ойды, сезімдерді, идеяларды тиімді түрде 
жеткізуге және ақпаратты берік меңгертуге мүмкіндік береді. 
Оқыту барысында сторителлингтің 4 түрін қолдануға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет