112
белсенділігіне ықпал етуге, білім беру, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің уәжін
арттыруға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға және шығармашылық
әлеуетті пайдалануға бағытталғандығымен құнды болып саналады.
Кәсіби білім берудің барлық кезеңдерінде студенттердің өздік
жұмыстары маңызды болып табылады. Өздік жұмысы оқу үдерісін
ұйымдастырудың бір формасы ретінде ғана емес, сонымен бірге білім алушыны
білімді пассив тұтынушыдан проблеманы тұжырымдай алатын, оны шешудің
жолдарын талдай алатын, оңтайлы нәтиже таба алатын және оның дұрыстығын
дәлелдей алатын белсенді бастамашыға ауыстырудың маңызды шарты ретінде
қарастырылады. Мұндай өздік жұмыстарын ұйымдастыру студенттердің ішкі
білім беру және кәсіби ынтасын арттыруға, олардың білім алу қабілетін
дамытуға, өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға, алған білімін оқу және
кәсіби мәселелерді шешуде шығармашылықпен қолдана білуге бағытталған
оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу мен қолдануды көздейді.
Оқытудың рефлексиялық әдістері білім алушының өздік жұмыстарын
ұйымдастырудың (өзін-өзі ұйымдастырудың) және бақылаудың (өзін-өзі
бақылаудың) әртүрлі кезеңдерінде аудиторияда да, аудиториядан тыс уақытта
да, жеке және ұжымдық оқу мен кәсіби қызмет үдерісінде жүзеге асырылуы
мүмкін.
Оқыту барысында әдістерді рефлексияның төмендегі 4 түрінің ішінен
таңдап алуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: