115
қабілеттердің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін әртүрлі
жаттығуларды қамтиды.
Әр жаттығу білім алушылардың оны орындаудағы мақсатын нақты
қоюды қамтамасыз
ететін нұсқаулықтардан, яғни бір немесе бірнеше
тапсырмадан тұрады.
Әдістемелік мақсаттарға қол жеткізу ұсынылатын әртүрлі жаттығуларды
оңтайлы пайдаланып, оқу үдерісінде оларды жүйелі ұсынумен қамтамасыз
етіледі.
Зерттеу аясындағы жаттығулар жүйесі ретінде «сөйлеу әрекетінің әр
түріндегі дағдылар мен қабілеттерді қалыптастырудың
заңдылығы ескерілетін
тиісті бірізділікте, тиісті көлемде орындалатын жаттығулардың қажетті типтері
мен түрлерінің жиынтығы» ұғынылады [210].
Білім алушылардың эмотивтік құзыреттілігін қалыптастыру мен
дамытуға ұсынылатын технология, ең алдымен, олардың сөйлеу дағдылары мен
қабілеттерін дамытуды мақсат етеді. Сондықтан зерттеу аясында осы мақсатқа
жетуді қамтамасыз ететін жаттығулардың көп бағытты кешендері ұсынылады.
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту технологиясының
құрамдас бөлігі ретінде біз жаттығудың үш түрін қарастырамыз:
-
тілдік (коммуникативтік емес) жаттығулар. Олар лексикалық
бірліктерді саналы түрде игеруге және соған сәйкес білім алушылардың
эмотивтік құзыреттілігінің мазмұнына кіретін лексикалық дағдылар
жиынтығын қалыптастыруға бағытталған;
–
шартты тілдік жаттығулар. Эмотивтік құзыреттіліктің құрылымына
кіретін лексикалық дағдыларды автоматтандыруды
және олардың тиісті
дағдыларға ауысуын қамтамасыз ететін сөздердің мағыналары мен
коннотативті мағыналарын есте сақтауға ықпал етеді;
–
коммуникативтік жаттығулар. Нақты эмотивті-коммуникативтік
қарым-қатынасты
қамтамасыз
етеді,
эмотивтік
құзыреттіліктің
автоматтандырылған дағдылары мен қабілеттерін эмотивті коммуникацияның
әртүрлі жағдаяттарына, оның ішінде кәсіби
қарым-қатынас жағдаяттарына
ауыстыруға жағдай жасайды.
Ұсынылып отырған технологияны сәтті жүзеге асыру үшін бұл
жаттығулардың барлық түрі бірдей маңызды. Олардың жиынтығы
эмоционалды концепттің лексика-фразеологиялық қорының саналы есте
сақталу деңгейінен эмотивті коммуникацияның әртүрлі жағдаяттарында оларды
еркін қолдану деңгейіне ауысуға мүмкіндік береді.
Білім алушылардың кәсіби-коммуникативтік іс-әрекетінің эмотивті
аспектісін оқытуға ұсынылатын технологияны жүзеге асыру үшін
қолданылатын жаттығулар іштей төрт кешенге бөлінеді: 1) эмоцияларды атауға
арналған жаттығулар кешені; 2) эмоцияларды суреттеуге арналған жаттығулар
кешені; 3) эмоцияларды білдіруге арналған жаттығулар жиынтығы; 4)
эмоционалды сөйлеу әсерін дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы.
Қарастырылып отырған технологияны жүзеге асыру аясында жаттығулар
Достарыңызбен бөлісу: