Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
О улы Алматы, 012 удк

Мемуарлық шығармалар. Мемуар француз тiлiнен аудар-
ғанда «естелiк» деген мағына бередi. Бiрақ мемуарлық шығарма-
лар жай ғана естелiк немесе күнделiк емес. Деректi шығарма 
мемуар деңгейiне көтерiлуi үшiн оның авторы өз заманында 
қоғамдық-саяси өмiрдiң бел ортасында жүруi жəне туындысында 
белгiлi бiр өңiрдiң, кейде тұтас мемлекеттiң тарихы үшiн маңызды 
оқиғалар мен құбылыстар жайлы баяндауы, əрi соларға қатысты 
өз ұстанымы мен бағасын жазуы керек.
Соңғы бiр ғасырда жазылған қазақ мемуарлық романдарының 
саны əжептəуiр. Солардың арасында Кеңес үкiметiнiң қалыптасу 
кезеңiнде жазылған мемуарлардың шоқтығы биiк деуге болады. 
Оларға С. Сейфуллиннiң «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқановтың 
«Өмiр мектебi», Ғ. Мұстафинның «Көз көрген», С. Көбеевтiң 
«Орындалған арман» сияқты туындыларын жатқызуға болады. Бұл 
мемуарлардың оқиғалары тарихи-қоғамдық күрделi өзгерiстер, 
аласапырандар кезiне сай келген-дi. Сондықтан олар iрi, кесек 
мəселелердi қозғады, сюжеттi желiлерi мен шиеленiстерi де күр-
делi болды. Ал, кеңестiк идеология күшiне əбден енген тұста 
жазылған мемуарларда осындай iрiлiк, кесектiк байқалмады. 
Олардың авторлары өзi ғұмыр кешкен ортадағы қоғамдық-саяси 
оқиғалардың шынайы көрiнiсiн бейнелей алмады. Дегенмен, олар 
сол кездегi тарихи оқиғаларды баяндауымен маңызды.
Қандай да болсын көркем шығарманың идеялық негізі 
көркемдік іргетасы шынайы өмір болып табылса, мемуарлық 
туын дының қайнар көзі сол реалистік шындықтың өзі деп тұ-
жырымдауға болады. Себебі, оның ең алдымен арқа сүйейтіні - 
деректілік. Жəне мемуарлық шығарманың қайсысы болмасын сол 
шындықтың ең маңызды, өзекті жақтарын көрсетеді.
Мемуарлық роман жазу қай қаламгерден де үлкен жауап-
кершілікті талап етеді. Əсіресе, мемлекеттік, халықтың тари хы-
на қатысты оқиғалар туралы қалам тербеуде ең алдымен шын-


38
шылдық керек. Демек, бiрiншiден, мемуар жазу – өзiңе, қала 
бердi халыққа есеп беру. Өйткенi, мемуар ғұмырнамалық деректi 
шығарма болғандықтан онда қоғамдық-саяси оқиғалар автордың 
өз өмiрiмен байланыстыра отырып баяндалады. Демек, автордың 
қоғамға, мемлекетке, ұлтқа қаншалық еңбек сiңiргенi мен сiңiре 
алмағаны өзiнен-өзi екшеледi. Екiншiден, мемуар жазу – ардың 
iсi. Тарихи шындық пен мемуарда баяндалған шындықтың арасы 
алшақ кетпеуi үшiн автордың ары таза болуы керек. Əйтпесе, 
өзiнiң қатесi мен күнəсiн бүркемелеу үшiн ақиқаттан алыстап 
кетуi бек мүмкiн. Үшiншiден, мемуар жазу – ұлттың, ұрпақтың 
тағдырына қатысты iс. Автор өзi өмiр сүрген кезеңнiң тарихын 
келер ұрпақ осы туындысы арқылы танитынын түсiнуi, мойнында 
сондай жауапкершiлiк тұрғанын түйсiнуi тиiс.
Қазіргі қазақ прозасындағы табиғаты жағынан алып қарағанда 
таза мемуарлық шығармалар мен мемуарға жақын болып 
келетін естелік туындылардың мазмұндық, идеялық-көркемдік 
ерекшеліктерін ажырата білу қажет. Естелік очерк, күнделік, ой-
тоғаныстар, хат жəне эпистолярлық, ақпараттық-деректік сипатта 
жазылған шығармалар қазіргі таңда өте көп. Олардың бəрінің де 
ортақтастығы - өмір дерегіне, нақты фактіге құрылуы. Қатардағы 
деректі туындыдан мемуар несімен ерекшеленеді дегенге келетін 
болсақ, алдымен олардың ұқсас жақтары бар ма, бар болса, 
қандай деген сұраққа жауап іздеген дұрыс. 
Елiмiз тəуелсiздiк алған соң да мемуарлар аз жазылған жоқ. 
Айталық, Ə. Нұршайықовтың «Мен жəне менiң замандас-
тарым» деген дилогиялық мемуары, Х. Əдiбаевтың «Өмiрдария», 
Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» дилогиясы, Қ.Жұмадiловтiң 
«Таң 
ғажайып дүние», Қ. Ысқақтың «Келмес күндер елесi» 
жəне М. Мағауиннiң «Мен» деген романдары қазiргi қазақ 
мемуарларының арасында ерекше орын алады. 
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары жазылып, оқырман на-
зарына ұсынылған көрнекті қаламгер Ш. Мұртазаның «Ай мен 
Айша» роман-эссесі жанрлық тұрғыдан мемуарлық шығармалар 
қатарына жатқызылады.
Шығармада оқиғалар желісі шағын тақырыптарға бөлініп 
баяндалады. Бұл оқиғалардың барлығы жинақтала келіп тұтастай 
бір заманның бейнесін танытады. Роман 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет