99
Мен де ұмытам Сенi!
Бұдан былай-
Өзiме-өзiм-Құдай,-
деген сəтте Күн тұтылып, Жер - қозғалғандай болады да, кəрi
жартас құлап түседi. Жартас-Дауыс Қорқытқа «Құдай болмағың
құр қаңқу» дейдi.
Оны да тыңдамаған соң, Жартас басындағы
Шырғай ағашқа жай түсiп құлайды. Ендi Шырғай дауыс:
Құдай бола алмайсың,
Қорқыт!
Мен тəрiздi!
Омақаса жығылып,
Сен де бiр күн-
Тынасың,-
дейдi. Қорқыт шырғай-ағашқа балта сiлтеген кезде, одан
таңғажайып үн шығады. Сол сəтте Дауыстар сөйлеп, Тəңiрге тiл
тигiзбей, райынан қайтуын өтiнедi:
-Сен де-өлесiң ,
Қорқыт!
Көресiңдi көресiң-
Қорқыт.
-Өлесiң,-
десiп жамырайды. Шырғай-Ағашқа
балта сiлтеген сайын
Таңғажайып үн əуелеп, күллi дүниенi ұйытады.
Қорқыт туралы аңыздың бiрi - оның қобызды дүниеге əкелуi
болса, осы желi Иран-Ғайыптың дастанында мəнi тереңдеп,
тартыспен берiледi. Қорқыттың өлiмнен қашуы - өлiммен
арпалыс, оған қарсы күрес болып көрсетiледi.
Екiншi көрiнiсте - оң қолына аса, сол қолына шырғай ағаштан
жасалған қобыз ұстаған Қорқытты жанды-жансыз табиғатпен
тiлдесiп келе жатқан сəтiнде кездестiремiз. Аққу-дауыстар:
Қобыз үнiне
Зармыз...
Қорқыт,-
деп назданады. Тырна дауыстар Қорқытты күткен
сұлу да
сұңғыла жар бар екенiн жеткiзедi. Сол сəтте Қорқыт қобызын
шалады. Күй соңы елеске ұласады. Елес iшiнде - Қорқыт күйiнiң
талып естiлген үнiне елтiп, қырық қызды қасына ертiп, Қорқытқа
жетпек болып жолға шыққан Сарын-ару. Таңғажайып үнге елiтiп,
100
күн-түн сапарда келе жатқан қырық қыз шөлге ұрынады. Ақыры
қырық қыз да мерт болып, Сарын-Ару
табаны ойылғандықтан
ақсаңдай басып жетiп, Қорқыттың қарасын көргенде ес-түссiз
құлайды. Қорқытқа қатысты аңыздардың тағы бiрi - қырық қыз
бен ақсақ қыз туралы. Аңыз айтады: қырыққыз бiрдей Қорқытқа
жетемiз деп сапарға шыққанымен, жолда ажал тауып, iштерiнде
жалғыз бiр ақсақ қыз ғана жеткен екен дейдi.
Ендi бiр аңыз
айтады-Қорқыт күйiне өлердей ынтық болған ақсақ қыз абыз-
атамыздың жары екен дейдi. Ал, Иран-Ғайып қыздың ақсау себебi
- жол азабы, есiмi Сарын-ару дейдi. Ақын аңыз əлемiн кезе жүрiп,
жаңа бояу, тың желi мен соны оқиға тудырады.
Екiншi бөлiмдегi оқиға оғыз-қыпшақ елiнiң билеушi-бек
қаhаны қайтыс болып, оны жұрттың азалауы сəтiнен басталады.
Дауыстар бектiң тiрлiктегi бектiгiн,
жақсылығын айтып, жоқ-
тайды. Осы сəтте «күн-тұтылып, жер қозғалғандай» болады.
Алыстан əуелi сарын жетiп, сонан соң Қорқыт келедi. Өлген
бектiң жанын қайта кiргiзбекшi болып, қоңыраулы асасын қолға
алып, бақсылығына басып, жындарын шақырады. Алайда əл-
дəрменi жетпейдi:
Достарыңызбен бөлісу: