Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж


дай көзқарас болатын болса, азаттық алып, тəуелсіз ел атанған бүгінгі



Pdf көрінісі
бет45/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

дай көзқарас болатын болса, азаттық алып, тəуелсіз ел атанған бүгінгі 
Қазақ елі өзінің ұлттық батырларын сол күйінше қабылдауы дұрыс 
емес. Тарихи құбылыстарды бір қалыпқа салған маркстік-лениндік ілімге 
негізделген методология зерттеушілерге қандай да бір ұлттың жəне халықтың 
тарихи дамуындағы өзгешелік пен күрделілікке баса назар аудартпай, тап 
күресіне ерекше көңіл бөлдіріп, революциялық дамуды абсолюттендіріп, 
дамудағы эволюциялық үдерістің маңызына мəн беруді екінші кезекке 
ығыстыртты. Соның салдарынан əдебиет саласындағы көптеген мəселелер 
зерттеу аясынан тыс қалды.
Бүгінгі əдебиетімізде тарихи кезеңдер туралы түрлі тұрғыдан ой толғайтын 
туындылар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Халық өмірінің қоғамдық саяси-
əлеуметтік рухани өзгеше бетбұрыс жасаған кезеңдердің көркем шығармалар 
өзегіне айналуы – жекелеген қаламгерлеріміздің көркем идеяның ізденісі ғана 
емес, сонымен бірге уақытының қажеттілігімен бірге талабынан туындап 
отырған ұлттық мəдени-рухани өрлеудің де бір куəсі.Біздің яғни ел басынан 
өткен тарихи дəуір, кезең туралы көркем шығармаларға арқау болған шындық 
құбылыстардың сипаты əр түрлі. Олардың бүгінгі күнге дейін жету жолдары 
да түрліше. Əдеби шығармаға қатыcты басты шарт – тарих шындығы мен жа-
зушы еңбегі арасында əсем келісім, көркемдік жарасым салтанат құрады.
Кейкі хақында Əубəкір Қылышбайұлы, Шөптібай Байділдин көп құнды 
дүниелерді жарыққа шығарды. Журналшы-қаламгерлер Сабыржан Шүкірұлы, 
Ахметжан Байжан, Хамитбек Мұсабаев, Мақсұтбек Сүлейменов жəне тағы 
басқалары зерттеу еңбектерін, ой-толғаныстарын жазды. Кейкі батырдың 
əдебиеттегі көркем тұлғасы А.Нұрмановтың «Құланның ажалы», Б.Мұқайдың 
«Жалғыз жаяу», М.Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» романдарында, 
Ғ.Мүсіреповтің «Аманкелді» пьесасында, Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі 
батыр» тарихи дастанында, С.Ақсұңқарұлының «Қыпшақ Кейкі баһадүр», 
Е.Бейсеновтің «Дің» поэмаларында көрініс тапты [2, 241 б.]. Ғ Мүсіреповтің 
«Амангелді» пьесасында Кете батыр болып бейнеленеді. Мақан Жұмағұловтың 
«Қыран қазасы қияда» кітабында жұмбақталып айтылады. Кейкінің қарасөзде 
жасалған көркем бейнесі Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты рома-
ны еді. Алайда кеңес заманында шыққан онда да аты анық айтылмаған. Кейкі 


173
бейнесі өз атымен анық айтылып, тарихи дерегімен түгел шыққан шығарма 
С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» тарихи дастаны.
Ел жадынан ерекше, қазақ тарихынан ойып тұрып орын алатын тари-
хи тұлғаның тағдырымен өзектес «Құлан ажалы» романының Кейкі атымен 
емес Құлан атымен аталуында мағыналы мəн бар. Жоғарыда атап көрсетіп 
кеткеніміздей, көздегенін қалт жібермейтін қол мерген батыр қыпшақ руы-
нан шыққан. Шежіре бойынша Орта жүз құрамына кіретін алты рудың бірі 
қыпшақ өз ішінде қара қыпшақ, құлан қыпшақ, сары қыпшақ, қытай қыпшақ 
деп төртке бөлінеді. Кейкі батыр (Құлан Кейкі батыр) - кездейсоқ тұлға емес, 
тарихи тамырын тереңнен тартқан, елім деп ет жүрегі ерекше елжірейтін ерен 
ерлер көп шыққан Құлан Қыпшақ жұртынан екенін айрықша атап өткеніміз 
лəзім. Ендеше, «Құланның ажалы» – Кейкінің ажалы, Қыпшақтың, барша 
қазақтың қабырғасын қайыстыратын ажал. Шығарма мазмұнын тақырыптан-
ақ болжап, бағалауға болады. «Қайдан білейін! Енді бəрі орнына келді. Қой 
үсіне бозторғай жұмыртқалаған заманды орнаттым деп жүрдім-ау» деген 
Құлан ойы автор ойымен астасып жатыр [3, 51 б.]. Автор осы арқылы Құлан, 
яғни Кейкі өмір сүрген заманға, уақытқа деген қарсылығын көрсететін тəрізді. 
Құланның ойы – автордың ойы. Албырт көңіл, ақ жүрек батырды қара таны-
майтын сауатсыздық зардабы бір жеңсе, жаңа өмірдің қуатты ағысының екпіні 
екінші соққы болып тиеді.
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ прозасының көкжиегі кеңіп, 
əдебиетте тың жаңалықтар орын алып, құнды шығармалар жарыққа шықты. 
Тарихи тұлғаларымыздың тағдыры əңгіме арқауына айналды. Қиындықтарға 
қарамастан біздің əдебиетіміз бен мəдениетіміздің, тарихымыздың сабақ тас-
тығы ажыраған жоқ. Мақан Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» романын 
алайық, мұнда да бодан елдің психологиясы жақсы беріледі. «Революция жа-
саймыз, теңдік орнатамыз» деп Лениннің шолақ идеясының желеуімен қазақ 
даласына қызыл қырғынды алып келеді.
Кейкі жайлы жазылған құнды шығарманың бірі – қаламгер Баққожа 
Мұқаевтың «Жалғыз жаяу» романы. Айбек атты кейіпкердің іс-əрекетімен ба-
яндалатын шығарма тағдыры талқыға түскен батырдың бастан кешкен біраз 
оқиғаларын суреттейді. Ел үшін атқа қонған азаматтың өмірін таныстыруды 
мақсат тұтқан автордың тағы бір идеясы: «Ата-бабаң саған ғұмыр сыйлап 
кеткен жоқ, ең бірінші кезекте қаны мен тері сіңген осынау қасиетті Отан-
ды аманат етті. Өмір мен Отан екеуі егіз. Бірінен екіншісін ешқашан бөліп 
қарауға болмайды. Бірақ іштегі дертіне дауа табылар ма? Жан саулығы бол-
маса, тəн саулығы неге керек? Ұрпағы сен қызығын көрмесең, ата-бабаң сан 
ықылымдар бойы осынау қасиетті мекен үшін неге қан төкті? Неге?» [4, 31 б.]. 
Кейкі батырдың ерлік ғұмыры, мəрттік өлімі туралы C. Тұрғынбекұлы былай-
ша тебіренеді: «Қызыл қырғында азаттықпен соңғы дауылпаз символы болып 
ең соңғы «дала көкжалы» Торғайлық Кейкі батыр (Құлан) кетті бұл өмірден, 
Эрмитаж төрінен орын алып...» [5, 17 б.].


174
Кейкі бейнесі өз атымен анық айтылып, қанық бояу дерегімен түгелденіп 
шыққан шығарма Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» тарихи даста-
ны Кітапқа алғысөз жазған Əбіш Кекілбаев: «Əлеуметтік кекшілдіктің уына 
булыққан таптық идеологиясы отаршылдық арқасында əлемдік үстемдікке 
жетудің ең сорақы, ең сойқан саясатын жүргізді. Бұл дастан – сол саясаттың 
біздің қауымға қалай жаңа дін болып дари бастаған кезеңін бейнелейді. 
Сол дінге еріп батырларымыз басынан, азаматтарымыз арынан, халқымыз 
тарихи талайынан айырыла бастады, – дей келіп, – бұл жолғы бақ – біздің 
маңдайымызға бұрын-соңды қонбаған бақ. Бір үркітіп алсақ, қайтіп қонар-
қонбасы неғайбыл бақ», – деп дастан жыр еткен уақытқа сипаттама бере оты-
рып, бүгінгі тəуелсіздіктің қадірін де түсіне білуге үндейді...» [5, 7 б.].
Өз заманында айтуға тыйым салынса да, батырдың ерлігі, ерекше қасиеті 
– мергендігі жайлы ел ауызында аңыз-əңгімелер əлі күнге дейін ұмытылған 
емес. Кейкі батыр Ожан (руы) Шашанбайдың Рахметіне, Амангелді Бірəлі 
байға қызмет етеді. Ел арасындағы ас пен тойға үнемі бірге барып жүреді. 
Бəйгеге ат қосады, палуан күресіне түседі, жамбы атады.
Бірде Найман ағайындар ас беріп, қос балуан сол асқа барады. Неше алуан 
ойын-сауық болады. Амангелдінің де, Кейкінің де ел арасына мергендігімен 
танымал болған кезі болса керек. Қос мергеннің асқа келгенін көрген көпшілік 
жамбы атуларын болмаса, мергендіктерін басқаша көрсетулерін көпшілік 
өтініп сұрайды. Жарайды Жамбыны екінің бірі атып жүр ғой деп Амангелді 
Кейкі батырдың қолына орыстың күміс сөлкебай ақшасын ұстатады да, өзі 
адымдап алға озып кері бұрылады. Кейкі күміс ақшаны сұқ саусағы мен бас 
бармағы арасының ұшына қыстырып қолын жоғары көтереді. Амангелді 
көздеп- көздеп атып салады. Оқ күміс сөлкебайды тесіп өтеді.
Өз кезегінде Кейкі Амангелді батырдың жанына келіп Амангелдінің 
басындағы зер тақияның үстіне қалтасынан бір асық алып тəйкесінен жоғары 
қаратып қояды да өзі артқа қарай қадамдап ұзай береді. Межелі жерге жет-
кенде артқа жалт бұрылып оң қолын соза түсіп көздемей атып жібереді. Оқ 
асықты жарып ұшырып жібереді.Манадан демін ішіне тартып не болады деп 
зəрелері ұшып, қауіптеніп тұрған жұрт шу ете қалады. Қос батыр халық ал-
дында осындай өнер көрсетіп бір- бірімен құшақтасады. Сонда Амангелді 
Кейкінің құлағына сыбырлап: «Мен сенің қолыңа қауіп төндіріп едім, сен 
менің басыма қауіп төндірдің- ау! Шіркін, қаның қара екен ғой» - деген екен 
ғой Амангелді [1, 90 б.].
Бұл Кейкінің көзсіз мергендігінің, қайсар мінезінің бір ғана мысалы. Ба-
тыр жайлы ақиқат дер кезінде ашылып айтылмаса да, ел арасына аңыз боп 
əңгімелер ел есінен ешқашан кеткен емес, кетпейді де. Кейкі батырдың 
қайсарлығы, батырлығы, мергендігі ел жадынан ешбір кетпек емес. Ел үшін 
ерен еңбек еткен ерлерді мақтасақ та мадақтасақ та артық емес. Өкініштісі 
сол барды уақытында бағалай білмейміз. «Игі істің ерте-кеші жоқ» демекші, 
Кейкідей батырдың ұшан-теңіз ерлігі мен елеулі еңбегін бағалап, келер ұрпаққа 
толыққанды жеткізу біздің қасиетті борышымыз саналады.


175


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет