6
дейін жеткен кеңестік қоғамның қатал, қатыгез шекарасын тұңғыш бұзған,
ой мен сөз еркіндігіне қанат бітірген сол бір ақылы мен айқайы, дарыны мен
дақпырты қатар өрілген алпысыншы жылдардың ұлт өнері мен əдебиетінің,
ұлт ғылымы мен білімінің дамуына қосқаны орасан еді.
Алпысыншы жылғылар мына аспан асты, жер үстінде кеңес идеологияның
да
өзге өрісті, өркениет үлгілері мен өзгеше құндылықтардың барын тайға
таңба басқандай етіп айғақтағаны ел есінде... Ұлт ойы мен мұратының тамы-
ры тереңде жатқан ұлы арналарымыздың тануға деген талпыныстың күшеюі
де дəл осы бір тұста ерекше етек жайғанын білеміз.
Бұл өзі, шынында да, құдіреті күшті көркем сөзіміздің əлемді аузына
қаратқан, қазақ рухы мен намысының, парасаты ме пайымының «Абай жолы»
тəрізді ұлы эпикалық туындының арқасында атағы асқақтап, алты құрлыққа
бет алған əдебиетіміздегі жаңа дəуірдің басы еді.
Əуезов өмірден өтті... Ұстаздан алған тəлімі мен тəрбиесін көкіректеріне
тұар ғып түйіп, тұғырына енді-енді қонған
алпысыншы жылғылардың ары-
ны қатты, қарымы мықты қанатты өкілдері əдебиет дейтін аламанға дүркірей
келіп қосылып жатты.
Солардың бірі, бірегейі – бүгінгі жетпіс дейтін елге сыйлы жастың биігіне
көтеріліп отырған қазақ көркем сөзінің хас шебері, кемеңгер ойдың иесі, есімі
əлемге əйгілі классик жазушы, көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Əбіш
Кекілбайұлы.
Маңғыстау дейтін маңғаз өлкеге кіндік қаны тамып, Ақсəуле дейтін аяу-
лы ананың омырауын еміп өскен шекесі торсықтай қара балаға күндердің
күні қара қазақты аузына қаратар тағдыр бұйырыпты... Қазақ оқырмандары
жүрегін бірден баураған алғашқы «Ажар» триптихынан бастап, қазақ көркем
сөзіне молынан олжа алған «дала балладаларындағы» əрқайсысының орны
əдебиетіміздің бір-бір ақшамқан асуындай елестейтін «Күй», «Ханша Дария
хикаясы», «Шыңырау», «Бəсеке» повестері мен «Аңыздың ақыры», «Үркер»,
«Елең-алаң» тəрізді кең тынысты, эпикалық романдар – ХХ ғасырда тұсауын
кескен ұлт прозасының əлем əдебиетінің биігінен көрінген тұғырлы туынды-
лары.
Жаратылысынан кең болмыс, шешен сөз, көсем мінез пешенесіне жазылған
жанның тəуелсіздік кезеңі тұсында томағасын сыпырған қырандай қанатын кең
жайып, биік самғаған кездері кім-кімнің де есінде. Сол бір тұманы мен күмəні
қалың тоқсаныншы
жылдарда ойын діттеп, бойын тіктеп ұстаған қарымды
қаламгердің сабырлы саясаткер ретінде елге кең танылып, алғашқы қазақ
Президентінің қасынан табылуы бəрімізді де қуантты. Əбекеңнің
сол тұста
алуан-алуан саяси-əлеуметтік сауалдарға жауап табуға, ел көңілін елеңдеткен
түйткүл мəселелердің түйінін шешуге ұмтылған, дəуірлік мінез қалыбы
берік толғау мақалаларының ел арасындағы ықпалы еркеше болды, Қамысқа,
табиғаты таза суреткерше күйініп айтатын, қуанса, жер үсті құбылыстарын
таратып, талдай отырып, нені айтса да, терең ойшыл ретінде жеріне жеткізе
7
сүйініп айтатын қайраткер тұлғаның əр жазғанын іздеп жүретіндер көп бол-
ды. Ол уақыт мінберінен əр кез «ала жіп аттамас»
адалдықпен, азаматтық
тазалықпен, шешендік шеберлікпен, көсемдік ірілікпен көрініп келеді. Елінің
құрметіне бөленіп келеді.
Иə, осы жылдар ішінде саясаткер – Кекілбаевты суреткер Кекілбаевтан
бөле-жара қарауға болмайтынына көзіміз жете түсті.
Осынау өзгерістерге толы заманда мен білетін өзгермей келе жатқан си-
рек ұғымдардың бірі – Кекілбайұлы дейтін
феноменнің болмысы аңғартар
суреткерлік адалдық пен қайраткерлік сабыр.
Əбекеңді осы мінезі үшін елі сыйлайды.
Əбекеңді осы қасиеттері үшін Елбасы құрметтейді.
Бүгін біздер тағы да сондай үлкен сенім мен сыйдың ұлт биігіне көтерілуінің
тарихи сəт-сағатының куəсі болып отырмыз.
Бұл сəт – бəрімізге, əсіресе қалың қаламгерлер қауымына айырықша қуаныш
сыйлаған, қазақ көркемсөзінің арғы-бергі ұлы əруақтарын бір-бір аунатқан,
əдебиетіміздің мерейін үстем еткен суреткер еңбегінің ұлттық танылу, ұлттық
мойындалу биігіне көтерілген сəті.
Ылайым, əдебиеттің жұлдызды сəттері көп болсын!
Жалғасты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: