Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет43/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Қ.Қ. Мəдібай,
ҚР БҒМ М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты
бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор
(Қазақстан)
МАХАМБЕТТАНУДАҒЫ ТЫҢ БАЙЛАМ
Қазақтың тұлғалы, тұғырлы сөз дүлдүлі Махамбет Өтемісұлының əлемдік 
деңгейде аталып өткен 200 жылдығы қарсаңында махамбеттану ғылымы 
бір түледі. Махамбеттің ақындық алым-қуаты жайлы да ақтарыла сөйледік, 
Махамбеттің батырлығы сан қырынан айтылды. Махамбеттің қилы тағдыры 
тағы да ұрпақ кеудесін мың толқытты. Махамбеттің азатшыл азаматтық 
тұлғасы ұрпақ зердесін жəне бір серпілтіп, сергітті. Сол қарсаңда қазақтың 
қазіргі заманғы сұңғыла таным иесі Əбіш Кекілбайұлы «Шандоз» атты деректі-
тарихи баян жазды.
Шығарма ширыға басталады. Махамбеттің бар тағдыры үздік танымның 
бір толғамына тартылып; жан ауыртар ащы шындықпен, құдды бір «Əй, Ма-
хамбет, жолдасым!» дегендей, шаңқ етіп, жалт қаратады.


166
«Қай кезде де қырық құбылып, құйқылжып баққан мына дүниеде кімнің 
қадірін кім ұға қояды дейсіз? Əйтпесе кейінгі екі жүз жыл ішінде қазақ сахна-
сына тап Махамбеттей болып мығым орныққан мəшһүр тұлғалар кем де кем 
ғой. Тəңірі оның өзі түгілі сөзін тұтқиылдан тап беріп, төтен баурап алатын 
өзгеше бір өктемдікке ие етіп жаратқан ғой. Сөйте тұра осындай өле-өлгенше 
өртше лапылдап өткен маздақ жанның қасқасының қайда қалғанынан күні 
кешеге дейін бейхабар келіппіз. Ал, дəл қай арада кіндігі кесіліп, жөргекке 
түскенін əлі күнге ешкім дөп басып айта алған емес. Бас-аяғы қырық үш жыл 
жасаған қып-қысқа ғұмырының кей сырына таныс болсақ, көп сырына шалы-
спыз» [1, 7 б.].
Расында, «Махамбет, Махамбет» дейміз, білеміз дейміз...
Қазақ тарихында да, қазақ əдебиеттану ғылымында да аз зерттелмеген 
Махамбеттің айқындайтын ақиқаты əлі көп.
Əбіш Кекілбайұлы Махамбет жəне оның заманы жайлы аса бір толғақты 
жаңа толғамға бастап, жұмбақ Махамбет тағдырының кейінгі танымдағы 
«бітеу жара» тұстарын барлайды.
Əбіш Кекілбайұлы Махамбет ғұмыр кешкен кезеңнің тарихи ақиқатын 
арши түсер көп қисын, көп дерекке жүгініп отырып ақын тағдырына, көтеріліс 
батырының қызу ғұмырына араласуында өзінің бұл іске бар ынты-шынтымен 
кірісіп, үлкен еңбек тындырғанын əбден танытады.
Көлемді еңбектің бір парасы – махамбеттану мен исатайтанудың қалыптасу 
тарихы.
Енді бір арна – орыс отаршылдығы тарапынан жүргізілген үлкен билік 
саясаттың табиғаты. Автор өзі жалпы адамзат тарихындағы XIX, XX 
ғасырлардағы азаттық қозғалыстардың басы деп бағамдаған Исатай-Махам-
бет көтерілісінің алғышарт, арғы бастаулары жайлы да жаңа бір толғамға ба-
рады. Қазақстанның Ресейге қосылу шарасы басталған кезден көп ұзамай-ақ 
өрбіп, өршіген ұлт-азаттығы жолындағы күрестің басында, бақсақ, Əбілқайыр 
ханның өзі тұр екен... Бұл да біз кем еміп, кеш түсінген, кенже дамыған ұлттық 
тарихымыздағы бүркеулі бір парақтары.
Ə.Кекілбайұлы баянында Махамбеттің ата тек, жеке бас сипатына, жал-
пы ғұмырбаяндық дерекнамасына тың тыныс əкелген зердемелер де мол. 
Шығарманы тұтас қамтып, түйін айтсақ – алмағайып заманда ғұмыр кешкен 
ардагер ақынның азаматтық тұлғасы. Жəне бір мəрте уақыт, кезең, дəуір ая-
сында барынша айқындала отырып, ұлтына, ұрпағына бар мазмұнымен ашыла 
түседі.
Жұмбақ Махамбет... Махамбеттің жұмбағы... Бұл неден өрбіп, өріс алды? 
Ə.Кекілбайұлы махамбеттанудың басында тұрған Халел Досмұхамедұлының 
ақын жайлы дерегін келтіреді. Сонан əрі ой өрбітеді.
Халел Досмұхамедұлы XX ғасырдың 20-жылдарында Махамбетті ендігі 
ұрпақпен былай таныстырған еді: «Махамбеттің өзі əрі батыр, əрі жырау, əрі 
домбырашы болған. Өте қызулы адам екен. Əдіс, шеберлікке кем болса керек. 


167
Бағыт алған жағынан тайынбайтын қасарыспа ер екен. Исатай жұртты ақылмен, 
дəлелмен, түрлі əдіспен оңай ерткен болса, Махамбет көпті қоздырып, көңілін 
аударып ертетін адамның түрі болған. Исатай ақсақалдармен, бас адамдар-
мен ақылдасып, кеңесіп отырғанда, Махамбет айналасындағы үйлерде, ау-
ылдарда қыдырып жүріп өлең айтып, домбыра тартып, жұртты қыздыратын 
дейді-мыс. Махамбеттің мінезі сотқар, қалжыңқой, бетің-көзің демей, ойы-
на келгенін айтып салатын батыл болған. Жайласқан кезде өте батыр айла-
кер болған. Махамбеттің мінезі Исатайдікі секілді көптің басын құрастырып, 
бүтін елді соңынан жүргізетін мінез емес. Махамбет жақсы үндеуші (агита-
тор), жақсы бастықтың өте ыңғайлы қолбасы. Ананы-мынаны істеп келуге та-
былмайтын адам. Махамбеттің осындай екендігі тарихты тексергенде, елдің 
аузындағы əңгімені тыңдағанда көрініп тұр. Исатай өлген соң-ақ көпті ерте 
алмады. Исатайдың құрастырған елінен айрылып қалды. Бұған Исатайдың 
өлімі де себеп болды. Көптің тауы қайтты. «Жорықтың алды оңбаған, арты 
оңбас» деген пікір жұртты меңгерді. Махамбеттің мінезі де, Кенесарының 
жолдасы Наурызбайдың мінезі де тексере келгенде бір-біріне өте ұқсас келеді. 
Екеуінде де ерлік бар да, көпті ертетін тəсіл аз. Рушыл ата-текті сыйлаушы 
қазаққа Махамбеттің Құлмəлінің немересі болғандығы да əсер беруі мүмкін» 
[2, 79-80 бб.].
Əбіш Кекілбайұлы Халел Досмұхамедұлының Махамбеттің тарихи тұлғасы 
əлі айқындалып айтылмаған уақыттағы махамбеттанудың басында тұрған 
байламдарын мейлінше молынан қамтып келтіріп отырып, осы орайда көп 
мəселеге көңіл бөлу қажеттігін қадап айтады.
«Тек осы бір ғана үзіндінің өзінде-ақ Махамбет жайында бірінен бірі аяқтан 
шалатын айқыш-ұйқыш пікірлер бой көрсетіп қалады емес пе? Неге бұлай? 
Бұндай екі ұдайылық пен екі ұштылық қайдан өрбіп жатыр? Махамбеттің өз 
болмысынан ба? Əлде ол жайында дерек берушілерден бе? Жоқ, ол деректерді 
жинаушы мен сараптаушыдан ба? Бəлкім, солардың бəрін туғызып отырған 
қауымға тəн қандай бір заңдылықтар мен қасиеттерден шығар?
Бұл – қысқа қайыруыңа көнбейтін көшелі тақырып. Тақ-тұқ тұжырымдауға 
келмейтін кесекті мəселе. Оған Халел Досмұхамедұлының замандасы, ол 
да ел арасынан естіген мəліметтері бойынша 1927 жылы «Жаңа мектеп» 
журналының бірінші санында «Исатай-Махамбет» атты мақала жазған Ахмет 
Мамытұлы деректерімен танысқанда көзіңіз жете түседі» [1, 10 б.].
Автор Ахмет Мамытұлының Исатай мен Махамбетке берген мінездемесі 
Халел Досмұхамедұлы мақаласындағы мінездемелермен сəйкесе қоймай тын-
дығын айтады. Онда «Исатай батыр Тайман баласы ер көңілді, от ауызды, орақ 
тісті салқам адам. «Махамбет дəтке берік, тегеурінді, байсалды кісі» дейді. 
Ахмет Мамытұлының Исатай мен Махамбетке, көтеріліс жағдайына байланы-
сты келтіретін деректері, берген мəліметі Махамбетті мəселенің нақты жайын 
бірден біліп, бірақ Исатай оның айтқанын тыңдай қоймай, Махамбеттің жігері 
құм болып қала беретінін» байқатады дейді.


168
Хан ордасының хабаршысы Аспамбет деген адам, Ахмет Мамытұлының 
келтіруінде, «Исатай қандай екен?» деген жұртқа былай депті дейді: «Иса-
тай дегені болмаса, басқаның сөзіне құлағын аса қоймайтын ерегіспе, көк 
долы жігіт екен. О, шіркін, батыр деп Махамбетті айтсаңшы! Оның дегенін 
қылғанда əлдеқашан бір сойқанның болары анық еді. Алдап тұр ғой, Исеке! 
– деп долданып, атын бауырлап, қалың қолды екі-үш айналып шыққанда төбе 
құйқам шымырлап, жүрегім тас төбемнен шықты» деген көрінеді.
Ə.Кекілбайұлы гəп «Исатай мен Махамбеттің қайсысы мықты?» дейтін 
қысыр таласта емес, керексіз шендестіру қарсы жақтардың кезінде көтеріліс 
көсемдерін кетістіру үшін əдейі де жасалуы мүмкін деп түйеді. Бірақ кейінгілер 
адамзатқа қастерлі екі адамзат ердің төңірегінде осындай қилы сөз жүргенін 
де біле отыруының да өз жөні бар дейді. Осы арада зерттеуші түп мақсат, 
негізгі арқаудың неде жатқанын меңзейді. Махамбеттанудың өрісін өсіретін 
бағдарларды болжайды.
Ə.Кекілбайұлы 1925 жылы Ташкентте Х.Досмұхамедұлының мұрындық 
болуымен жарық көрген Ығылман Шөреқұлының «Исатай-Махамбет» тари-
хи дастанының арғы негіз, туу себептерін тарата талдап отырып та көтеріліс 
дерегі, Махамбет пен Исатай жайлы нақтылы мағлұматтар жөнін нығыздай 
түседі.
Зерттеуші Махамбеттің тарихи дара тұлғасына қатысты XX ғасыр басындағы 
қайсыбір қисындарда «Шөрек күнделігі» мен Ығылманның сөзі шындық сөз 
еді деп түйеді. Соны есте ұстауды меңзейді.
Х.Досмұхамедұлы 1925 жылы дастанның алғы сөзін жазуда Ығылманның 
əкесі Шөректің ғана емес, басқа да дерек көздерін қарастырған деп, соның 
ішінде Махамбеттің Исатай қайтыс болғаннан кейінгі «көпті соңынан ерте 
алмау» себебін қазақтың Халел Досмұхамедұлы айтқан рушыл мінезіне 
Махамбеттің ата-тегіне байланысты «кілтипанына» жығуын негізсіз емес 
дейді.
Күлмəліге қатысты əңгіменің сырын да, шынын да, Ə.Кекілбайұлы ең əуелі 
Махамбеттің өз шығармаларынан табатындай.
«Қанша бетің бар, жүзің бар демей, ойына не келсе, соны лақ еткізе салады 
деп жүргенімізбен, Махамбет те ішіне құлта бүге білген. Өлеңдерінен шайда-
уыт, жалаң қабат, жадағай шумақтарды атымен ұшырата алмайсың. Кей рет-
те жыр емес, əлдекімге əлдене қақында, əлдеқандай тұсалхат (шифрограмма) 
жолда отырғандай əсер етеді. Біз Махамбеттің өлеңдерін өміріне, ал өмірін 
өлеңдеріне терең үңіле алсақ қана толық түсіне аларымыз хақ [1, 18 б.].
Əбіш Кекілбайұлы Махамбет заманының күрделі қалтарысына тарихи 
төрелік айта отырып, Махамбет туралы сөзін сол тарихи ақиқатқа апарып 
жалғайды.
«Осындай ешкім ешкімге ештеңені өз қалпындай айтпайтын жаңылтпаш 
дүниемен жасырынбақ ойнап, жанын шүберекке түйіп өткен жанкешті де 
заркешті сабаздың шын сырына бір елі болса да жақындай алу нағыз қиямет-


169
қайым екендігі айтпасақ та түсінікті шығар. Ол үшін тіпті оқтын-оқтын айты-
лып отырған ортамен атымен қауышпайтындай көрінетін қиян қауымдар мен 
шалғай замандарға шығындап барып қайтып отыруға тура келетін түрі бар» 
[1, 18 б.].
«Шандоз» кітабында Махамбеттің заманына қазақ халқының тағдыр-
талайы қашанда толғандыратын сирек дарынды, ұлтжанды қоғам қайраткері 
Əбіш Кекілбайұлы бірді-екілі уақиға, мəселе ауқымында емес, адамзаттың 
тарихи даму себептері мен сабақтары аясында тартып жатқан жаңа бір кең 
тынысты толғаммен төрелік айтудың бүгінгі уақыттың көкейкесті күйлерімен 
сабақтасып жатқан қисынымен көшелі, көсемдік сөзбен бағалап, бағамдайды.
Бұл жөнде əскери барлаушылықта жүрген тау-кен инженері Е.П.Ковалев-
скийдің «Қазақтар хақында» кітабына енген «Құмдағы кездесу» жол жаз ба-
сын дағы Махамбет жайлы дерегінің құндылығы да ала-бөтен.
«Өйткені, бөгденің көзімен болса да, тірі Махамбеттің сергелдең тағды ры-
ның, ең құрығанда, бір сəтін қаз-қалпында көз алдыңа үйірілте алудың өзі бір 
ғанибет емес пе? [1, 18 б.].
Рас, Ковалевский естелігі өмірдегі Махамбетпен қауыштырады. Өз тұл-
ғасын, өзі жайлы шындықты өлеңіне қалдырып кеткен ақынды көзі көріп
нақты адам ол туралы сөйлейді . Өлеңдегі Махамбет, əр қазақтың кеудесін 
мəңгілік ер Махамбет, өр Махамбет, аспандағы арман Махамбет Ковалевский 
жазбасында шынында да «тіріледі». Ковалевский Махамбетпен кездескен екі 
күнді баяндап береді. Бұл əңгімені Əбіш Кекілбайұлы арғы астарларымен əрі 
өрбітеді. Махамбеттің құла дүз, сол заман орыс патшалығы үшін от тұтатып 
тұрған Хиуа жолында орыс барлаушысымен «кездейсоқ» кездесуінде нендей 
сыр бар?
«Шандозда» Əбіш Кекілбайұлы өткен заманның геосаяси жағдайын да, 
əлеуметтік ішкі құбылыстардың астар-қатпарларын да, ұлт-азаттық ұлы күрес 
тарихтың тəсіл-сабағында бүгін уақыттың көкейкесті күйімен əр қиырдан 
шалып отырып, салмақты тəуелсіздік тағдырына салып отырып шебер 
сабақтастырады.
Шығарма Махамбеттің тағдыры арқылы бүкіл қазақтың, тұтас бір 
мемлекеттің ХХI ғасырда Көк Туы желбіреген Қазақстанның тағдыры жайлы 
заманалы толғамдарға өріс ашады.
«Шаңдозда» ХХI ғасырдың бел ортасында қазақ даласының Батыс 
аймағында өткен түрлі оқиға, қилы мəселе, соның бел ортасында жүрген 
сандаған адам тағдыры оқушы күтпеген тосын, беймəлім қырынан алынып 
отырып, Махамбеттен тартылған тарихи желінің қажет тұсында ашылып ай-
тылып тұр: заман, дəуір, азаттық туын жықпаймын деп «ереуіл атқа ер салған» 
батырлықтың өнегесі, бір заман ер Махамбет бастан кешкен ет жүректі жан-
шитын қорғансыздықтың өтеуі болып содан бір шығармашылық қуатпен шы-
мырлап бойға жайылады.
Жазушы шығармада Исатай-Махамбет тағдырының, көтеріліс тарихының 
əр қиырын түгелдей келіп, түп мақсат ойын былайша түйіндейді.


170
«Бодан елге де, тəуелсіздік тұғырына енді көтерілген елге де, əлеуметтік 
кикілжіңдерден гөрі азаматтық татулық қымбаттырақ екендігіне бүгінгі 
əлем айқынырақ көз жеткізіп беріп отыр. Өйткені, қандай болмасын ұлт тек 
тəуелсіздік жағдайында ғана өз мүддесіне жете алады екен. Тəуелсіздік қаны 
оған өзінің көп ғасырлық саяси-рухани тəжірибесін заманалық өзгерістер 
тұрғысынан қайта зерделеп, бүкіл адамзаттық дамуға орайлас өркениеттік 
сəйкестілікке қол жеткізуге жол ашып бере алмақшы. Махамбет бізге, ең ал-
дымен, осы тұрғыдан аса қымбат.
– Қазақ даласында азатшыл ақыл-ойдың бас сардарларының санатында ай-
бынды ақын Махамбет те алдымен ауызға ілінеді. Оның жан-жүрегіңді түгел 
баурап алатын өжет те өктем жырлары əлі күнге сай-сүйегіңді сырқыратар 
бостандық дұғасындай пəрменді естіледі» [1, 333 б.].
Махамбет жайлы аз жазылған жоқ. Əлі де біз Махамбетпен мың мəрте су-
сап қауышамыз...
Сол жөнде көрнекті қазақ қаламгері Əбіш Кекілбайұлының «Шандозы» – 
«шашасына шаң жұқпаған» дейтіндей бітімі бөлек кең тынысты заманалық 
толғам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет