Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет53/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

– біріншіден: көрермендердің телеарнаға деген сенімін төмендетеді; 
– екіншіден: көрермен көпшіліктің мəдени-интеллектуалды, тарихи таным-
дық хабарларға тартылуы азаяды. 
– үшіншіден: интеллектуалды хабарлардың таратылуы мен ұйым дас-
тырылуы күрделенеді, себебі, хабарға респонденттер тарапынан бас тарту-
шылық немесе немқұрайдылық байқала бастайды.
– төртіншіден: осылардың есебінен телеарнаның рейтінгісі төмендейді.
Осы ырғасында профессор Намазалы Омашев «журналистика мамандық 
қана емес қоғамдық ілім» деген философиялық пікір білдіреді.(авт.). (Қазақ 
журналистикасы. 3томдық. Қазақ баспасөзі. – Алматы: «Таймас» баспа үйі,1 
том. 2008. –15 бет.). Телехабардың қоғамдық өлшем бірлігі – көрермендердің 
сана мен сапа ерекшелігіне, əлеуметтік тұрмыстың тұрақсыздығына қарама 
қайшылық мінез тудыру себептерінен іздестірілуі қажет. Соны құбылыстар мен 
оқиғалардың зерделенуі тек «осылай болды»,-дегенмен шектелген түйеқарын 
көрсетілім ешбір абырой əпермесі анық. Сондықтан, телеарна ақпараттық 
қызметпен ғана шектеліп қалмай, неғұрлым халықтық сипаты бар, қауымдық 
қызығушылық тудыратын əлеуметтік интеллектуалды телешығарылымдардың 
мазмұнын тереңдете алса, ол өзінің негізгі функциялық бағытынан ажыра-
майды. Бүгінгі талаптың өзі интеллектуалды ұлт пен интеллектуалды сана 
бəсекелестігін алға тартқандықтан да, сүбелі сөз айтатын, сөзгерлік қабілеті 
жоғары мамандар қоғамдық ой дискурсына жəне телеарнаның абырой-
мақсатына өз үлестерін қоса алады.
Бүгінгі таңдағы бір бірінен аумайтын трафареттік үлгідегі келісімін тап-
пай, келелі мəселеге тырнақ-аузы батпай, көк езу, зар жақ телехабарлар топ-
тамасы жанрлық көркемдігінен де ажырап барады. Сонда журналистиканың 
«не машық, не мамандық екенін» қауым қалай ажыратар екен. Бұл мəселе 
тұрғысында да ұстаз Н. Омашев айқын ойларын ортаға салған. Сондай-ақ 
белгілі қаламгер, журналист Қали Сəрсенбай «...қазіргі журналистиканың 
деңгейі де көбіне ала-құла, біртүрлі сұрқай... Сауатсыздық, жауапсыздық 
басым... Исі мұрнына бармайтын, өмірі қолына қалам ұстап, он жол хабар 
жазбаған адам да журналистика жөнінде пікір айтатын болды. Ал Шерхан, Ка-
мал, Қалтай, Оралхандардың тұсындағы журналистика қандай еді? Сұрапыл 
еді ғой. Олар бұл саланы өнер деңгейіне көтеріп кетті... Журналистердің көбі 
тұлға болды, елдің сөзін биік мінберден айтты... Қазір рухани дүние жүдеп 
тұр. Қоғамды рухани эпидемия шарпып тұр... 
Телевидение – мыңдардың, миллиондардың аудиториясы. Сондықтан оған 
бұрын кім-көрінген шықпайтын. Ондағы киім киісің, жүріс-тұрысың, сөз 
мəнерің, кескін-келбетің, сүйкімің – бəрі ескерілетін. Өйткені сен халықтың 
алдына шығасың. Қазір кімнің қалай шығып жүргенін көріп жүрсіз. Оның 
бəрі ілім-білімнің таяздығынан. Кейде надандықтың исі аңқып кетеді»,-деген 
пікірінің орынды екенін көпшілік сезініп отыр. 
Қалекең журналистиканы сынап отырған жоқ, журналистика мамандығына 
деген талап-таланты жоқтардың, ынта-ықыласы төмендердің олақай көзқа-


200
расын, таяз сана мен сабырсыз мінезді, солақай түсініктерді айтып отыр. Тіпті 
«...қазір осы саланың өзінде адам танымайтын ұрпақ өсіп келеді. «Оралхан 
Бөкейден сұхбат алып келейін, соткасын бересіз бе?» деп зəремізді алғандар 
болған», дейді («Ана тілі» газетіне берген сұхбатында. №45 (1459) 1-7 
қараша, 2018 жыл.).
Журналистикадағы руханисыздық жəне жауапсыздық кеселі – маман-
дықтың машақатына төзімі жетпейтіндер келешектің де талабына жау-
ап бере алмайтындығында болып отыр. Себебі, журналистиканың руха-
ни материалы ақыл ой мен сезім тұтастығымен ғана емес, өнер-білім жəне 
адам құндылығының өзекті мəндерімен, əлеуметтік əрекетшілдіктерімен 
тығыз қарым қатынастылығында дамитындығын ескере алмайтындығында. 
Сондай-ақ ол қолданбалы техникалық құрылымдардың сұйық немесе қатты 
қосындысынан тұратын физио-химиялық көрсеткішке жатпайтындығында. 
Мұндағы теориялық күш – дыбыс пен əріптердің жұптастығынан туындай-
тын, энергиялық сөз қуатының құдіреттілігінен тарайтын қоғамдық ой сана 
қозғалысының əлеуметтік құралдық сипатындағы саяси өнер құрамдастығымен 
жəне мəдениет пен тарихи өмірдің шынайы дəйектілігінде. Ал оны саналы 
түрде зерделеп, жазып, айта білу үшін, саралап, талдап, əділдік пен туралықты 
таныту үшін білім мен ізденіс əрі өзін өзі жетілдіру жолдары талап етіледі. 
«Күннен тарайтын сəуленің арқасында көз шын көрушіге айналады...Күн шын 
көретін болуына өзі себепкер бола отырып, осы сəуленің арқасында ол өзін өзі 
көреді»,  деп (əл Фараби əлеуметтік этикалық трактаттар, «Ғылым» баспасы, 
Алматы – 1975 ж. – 58 бет.). əл Фараби айтқандай журналистикасы қуатты ел 
өзін өзі жəне қоғамдық, əлеуметтік қайшылықтар мен тұрмыстық өзгерістерді, 
өзгелерді таниды. Демек, журналистика əлеуметтік танымдық маңызы зор 
мамандық болғандықтан білетіні де, білмейтіні де соның маңайында жүр. 
Алайда, оның идеологиялық сипаты мен ресми заңдылығын ажырата білмеген 
жағдайда журналистиканы демократиялықтан демогогияға ауытқытады да 
бақай есеп пен бақа шаянға батырады. Себебі, заман басқа болғанымен, қоғам 
өзгеріске ұшырағанымен адамдар өміріндегі құндылықтар сақталады. Қай 
қоғамның болмасын əлеуметтік түйткілдері бар жəне бола береді. Өйткені, 
ұрпақ алмасып, келер келешектің де айтар ойлары мен шешер мəселелері 
болмақ. Сондықтан, «Журналистика деген – ұлттың өзін-өзі жоғалтпауы жо-
лында күресетін мамандық», – деген Қали Сəрсенбайдың сөзін рухани цитата 
ретінде қолдануға əбден реті келіп тұрған заман. Шын мəнінде журналисти-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет