176
тіл арқылы көрініс табады. Сондықтан “болмыс – тілдегі ой” қатынасы
маңызды болмақшы. Тілде қоғамдық сана таңбаланатындықтан, мəтіндер ой-
лау əрекетінің нəтижесі ретінде сананың ұғымдық қорын құрайды.
Осы реттен Сұлтанмахмұт өлеңдеріндегі оппозициялық қарама-қарсылық
тек ақынның өз бойынан табылған қарсылық емес, қоғам өміріндегі бо-
лып жатқан сəтті-сəтсіз өзгерістерден кейінгі қоғамдық сананың да жемісі.
Ақынның классикалық өлеңіндегі:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам, – деуінде
қараңғы мен
күн сөзі бір-біріне
оппозициялық қатынаста тұр. Ақынның қараңғы қазақ көгіне деудің орны-
на, оқымаған, надан, т.б. сияқты сөздерді қолданбауының мəні ерекше. Күн
мен түн бір-біріне мəңгілік оппозицияда тұратын табиғи құбылыстар. Демек,
ақынның жүрегі қазақтың өткенімен де осындай қатыста. Ол надандықпен
шектеспек емес, берілмек, жеңілмек емес. Ал күн – ақынның басты концепци-
ясын анықтайды, өйткені күн концептісінің мəні терең, онда жарық та, жылу
да, сұлулық та, жақсылық та бар, Күн мəңгілік жарықтың, жақсылықтың сим-
волындай, онымен таласқа түсе алатын өзгеше нысан жоқ.
Қараңғылық пен жарықтың мəңгілік жарысынан ақын өзінің орнын
белгілейді, табады; қарапайым бірақ таңғажайып тапқырлықпен адам мен
наданның, жақсы мен жаманның арасындағы қарама-қарсылықтың, тек
қарама-қарсылық емес, мəңгілік оппозицияның болмысын сəтті ашады:
Достарыңызбен бөлісу: