Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Нұрғали Р. Айдын. – Алматы: Өнер, 1985.
2. Уахатов Б. Арқалық батыр // Кітапта: Қазақ тарихи жырларының
мəселелері. – Алматы: Ғылым, 1979.
3. Сейітжанұлы З. Тарихи эпос. – Алматы: Ғылым, 1994.
4. Қазақ қиссалары. – Пекин: Ұлттар, 1982.
5. Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы, 1972.
М. Абдраев,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
филология ғылымдарының кандидаты
(Қазақстан)
ТЕЛЕХАБАРДЫҢ МƏТІНДІК ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫЛЫҒЫ
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мəтіндік құрылымдардың ерекшелігі
оның ақпараттық мақсат-мүддесіне тікелей байланысты. Жалпы, телера-
дио хабарларының құрылымдық жүйесі ортақ. Бірақ, жүрдек оқылып, жеңіл
қабылданатын журналистика жанрлары тыңдарман, көрермендер үшін
əрқилы қабылданады. Демек, функционалды емес. Мақсатсыздық басымдық
198
көрсетеді. Адамдардың əлеуметтік болмысымен теңдесіп, өзектесіп жатқан те-
лехабарлар көрерменін, тыңдарманын толғандырары сөзсіз. Себебі, қоғамдық
құрылымның ағымына көз салып, таразылау, адамдар тағдырына алаңдау,
тұрмыс-тіршілігіне зер салу журналистің негізгі мақсаты. Көкейкесті сауал-
дарды əлеуметтік сипатта ауқымдандыру, астарлы ағындарға ұластыру, оны
көрерменге, тыңдарманға дарыту үшін авторлық, журналистік принципті
мінез керек. Мұның өзі психологиялық тұтастық. Өйткені, сан салалы өмір
мен шытырман дүниенің жұмбақ кестесі халықтың тұрмысына кері əсерін
тигізері хақ.Осы аралық көпірдің жалғастығында тұратын тұлға ол – жур-
налист. Адамдардың жанына үңіліп, басалқы мінез танытпаса журналистің
еңбегі еш, бейнеті сор болады. Демек, бастаған істі аяғына жеткізу нəтижесін
береді.
Егер, журналист өзіне кəсіби сыншы болса, мəтінді қайталап оқыған сай-
ын оның пікірі өзгереді. Ал, өзгеру деген жаңару, даму мағынасын білдіреді.
Себебі, журналист мəтінді оқығанда тыңдарман дұрыс түсіну үшін оның са-
насында өзіндік талдау қатарласа жүреді. Тыңдарманның немесе көрерменнің
оқиғаға, құбылысқа өз көзқарасы, дүниетанымы, ой-пікірі қалыптасады.
Өйткені, кез келген жанрлық мəтіндер əркімнің жеке түсінуі үшін жазылмай-
ды. Сондықтан, мəтінді жазу оны оқу күрделі мəселе. Мұндағы басты жəйт,
өз ойыңды тықпалау емес, қалың жұртшылыққа парасаттылықпен жеткізу.
Халықтың ақыл ойы қашанда биік. Сол себепті де көпшілік қауым ақпаратта ай-
тылмай тұрған жасырын, құпия қуыстарды өз пайымдауларымен толықтырып
алады. Журналист интеллект болса, олар адресат, əрі моралистер де солар
болмақ. Сынайтын да, саралайтын да, бағалайтын да көрермен көпшілік. Де-
мек, қауым жұртшылық журналисті түсінсе онда мəтінді де ұғады.
Айту мен жазу кəсіби өнер. Жай ғана емес көркемдеу, суреттеу, образ-
дау, ақпараттау өнері. Яғни, сөз бен сөйлемнің бірлігін сақтайтын дыбыстық
дизаинның шеберлігі. Сөзгерлік өнерді игерудің алғышарты, адамдар сөй-
легенде дыбыстық жəне мақұлдау мен қабылдау процесіне түседі. Демек,
бұл дыбыстық коммуникация. Біз сөйлеу арқылы өзгелердің назарын өзімізге
аударамыз. Себебі, ойдан ой туындап, сана қозғалысында ақпараттық сиг-
налдар түзіледі. Сөз бен дыбыстық үндестіктің компоненттілігі айтылғанда
толық қабылданады. Өйткені, дауыс пен дыбыс белгілі бір адамдардың қарым
қатынасындағы қаратпа суреттеудің белгісі.
Ендігі кезекте, бүгінгі күнде мынандай тенденция бар. Көрермен жоқ,
тыңдарман марғау дейміз. Неге? Себебі, сол көпшіліктің талабы орындалмай-
ды. БАҚ əсіре, көшірме модашылдыққа айналды. Журналистер өздеріне талап
қойып, ой ширата білуден алшақтады. Мұның да өзіндік себептері болмайды
емес, əрине. Мəселен, телеарна белгілі бір мақсатта ақпараттық бəсекелестікке
тікелей бет бұрса, көптеген принципті жағдайлардан ауытқушылыққа ұрынады.
Көрерменге деген ақпараттық қызметтен гөрі имидждік бағыт басымдық ала-
ды да сападан алшақтап кетеді. Бұл;
199
Достарыңызбен бөлісу: |