186
ды мақсат етеді. Алайда зерттеу жұмысының осы түрлерімен ғана шекте-
лу ғылыми-зерттеушілік дағдыларын студенттер бойында қалыптастыруға
жеткілікті ме? Əрине жеткіліксіз.
Ғылыми-зерттеу жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін, əдіс-тəсілдерін,
ғылыми сипатын, техникалық ерекшеліктері мен айырмашылықтарын,
рəсімделуін жете білмегендіктен көп тұста кемшіліктер орын алып жатады.
Студенттің ғылыми танымдылық жəне
шығармашылық икемдiлiгiн да-
мыту үшін оқыту ісінде оқытушылар да ізденушілік танытып, оқытуда жаңа
инновациялық технологияларды қолдануы қажет. Сабақ түрлері, оқыту əдіс-
тəсілдері студентті белсенді, сыни ойлау қабілетіне ие жеке тұлға (субъект)
ретінде қалыптастыруға бағытталғаны жөн. Студенттің кез келген мəселеге
қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Силлабуста ұсынылатын
СӨЖ түрлері осы мақсаттарды ескеріліп құрылғаны дұрыс.
Ғылыми ізденіс студенттің ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, шығар машы-
лық ойлауы мен сыни көзқарасын дамытуға ықпал етеді. Мұның бəрі қазірг і
заман талабына сай субъект қалыптастыруға алып келмек.
Субъектілік – адамның өзінің іс- əрекетін басқара білу, бастамашы
болу мақсатын айқындап алдына қоя білу жəне оны əртүрлі қалыптасқан
жағдайға сəйкестендіре алу, өз бетінше ұстанымы мен пікірін іске асыра білу
қабілеттілігі. Психология ілімінің түсінігіне сүйенсек, субъект категориясы
үздіксіз, «жоғары қарай», үдемелі жетілуді, дамуды білдіреді екен.
Студенттің оқу-тəрбие үдерісінде субъект ретінде қалыптасуы, біріншіден,
оқытушылардың оқыту іскерлігінің нəтижелілігін, тиімділігін арттырады.
Өйткені оқытушының функциясының бір бөлігін студент атқарады. Екінші
жағынан, терең пəндік жəне неғұрлым күрделі, тиімді инновациялық техноло-
гияларды қолдануды талап етеді. Яғни қазіргі оқытушы дəріскер ғана емес, жа-
сампаз зерттеуші, ізденімпаз үйлестіруші, рухани демеуші, шығармашылыққа
бағыттаушы болуы тиіс.
Енді студенттерді зерттеушілік ізденіске дағдыландыратын оқыту əдістеріне
келетін болсақ, соның бірі – сын тұрғысынан ойлау.
Сын тұрғысынан ой-
лау дегеніміз – жан-жақты ізденіп, танысып талдау. Сын тұрғысынан ой-
лау тəсілінде, ең бастысы, студенттердің өздігінен жан-жақты білім алуына
жағдай жасалынады. Сонымен қатар белгілі бір мəселеге қызығушылықтан
бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға,
студенттердің бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен
жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік тудырады. Ізденіске баулып,
оқығанын, естіп-көріп білгенін түйіндеп, пайдалана білуге үйретеді. Оқытудың
бұл түрінің тиімділігі:
– жан-жақты білім алады;
– уақытты ұтымды пайдаланады;
– өзара пікір алмасады.
Бұл əдістердің нəтижелілігі оқытушының шеберлігіне көп байланысты.
187
Оқытушы міндеті тек оқыту, түсіндіру емес,
ең алдымен, студенттердің
оқу іс-əрекетін танымдық, ізденушілік тұрғыдан сауатты ұйымдастыру,
басқару болуға тиіс. Сын тұрғысынан ойлаудың қазіргі таңдағы талаптарға
сай шығармашылық, ізденушілік сияқты қасиеттерді дарытқан білімді жеке
тұлғаны тəрбиелеудегі алатын орны да ерекше. Сондықтан да жоғарыда
айтылған жаңа технология студенттерді зерттеушілік
ізденістерге апаратын
жолдардың бірі.
Студенттердің ғылыми-зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруда əсіресе
зерттеу тəсілдері мен əдістердің жүйесін білудің маңызы зор. Өйткені
зерттелетін объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан сөз етуді қамтамасыз
ететін нəрсе – зерттеу əдістері мен тəсілдері. Əдіс дегеніміз – адамның
шығармашылық ойлау қызметінің көрінісі.
Ізденуші-студент зерттеудің барлық ғылым саласына ортақ жалпы ғылыми
жəне жеке ғылыми əдіс түрлерінен, əсіресе дəстүрлі логикалық зерттеу
əдістерін: салыстыру, талдау, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен
дедукция, классификация
мен систематизация, генетикалық əдіс сияқты
түрлерінен хабардар болуы тиіс.
Əдебиеттану ғылымының методологиясы көркем шығарманы теориялық
жəне практикалық тұрғыдан зерттеумен тығыз байланысты. Ондай зерттеуге
кіріспес бұрын зерттеу объектісін белгілі бір аспектіде танытатын талдаудың
тəсілдерін таңдау қажеттілігі туады. Ұстанымға сай зерттеу əдістерін таңдау
ғылыми танымның алғы шарттары болып табылады. Қазіргі əдебиеттану ме-
тодологиясында көркем шығарманы игерудің үш түрін қолданады: талдау,
интерпретация, бағалау. Сонымен қатар көркем əдебиетті зерттеуді бірнеше
аспектіде қарастыру орын алып отырғандығы айтылып жүр /1/. Мəселен:
– гнесологиялық тұрғыдан келу,
– əлеуметтік тұрғыдан қарастыру,
– эстетикалық тұрғыдан келу,
– поэтикалық тұрғыдан зерттеу
– коммуникативтік тұрғыдан келу,
– тарихи-мəдени тұрғыдан қарастыру,
– тарихи-салыстырмалы тұрғыдан зерттеу,
– биографиялық тұрғыдан қарастыру,
– шығармашылық-генетикалық зерттеу,
– тарихи-функциональды,
– рецептивті зерттеу т.т.
Соңғы онжылдықта əдеби шығарманы зерттеуде төмендегідей зерттеу
əдістері көрініс алуда: құрылымдық талдау, мəтіндік талдау, семиотикалық
талдау, стилистикалық талдау,
көркемдік концептілерін, құндылықтары мен
даралығын анықтау.
Жоғарыда көрсетілген ізденістерден басқа көркем шығарманы қандай да
бір нақты ғылыммен байланыста қарау сияқты жеке ғылыми ізденістер де ту-
188
ындап отыр: лингвистикалық талдау, психологиялық əдіс, мифологиялық əдіс,
этикалық жəне культурологиялық əдіс. Заман талғамына сай туындап отыра-
тын мұндай жаңа əдіс-тəсілдерді жас ізденушілерге меңгерту ғылыми мето-
дологияны оқытуды тереңдетуді, əрі оқыту методтарын жаңашаландыруды,
білім беру ісінде креативтілікті арттыруды қажет етеді.
Жоғары мəдениетті ұлттық сананың негізін қалыптастыруда, жеке тұлғаның
интеллектуалдық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін байытуда көркем
шығарманы зерттей оқытудың маңызы зор. Əсіресе ұлтымыздың мəдени-
рухани қазынасын жасаушы ақын-жазушылардың көркем шығармаларын
зерттей оқытуда оны меңгертудің тиімді жолдарын, əдіс-тəсілдерін, білімділік,
ізденушілік, тəрбиелік, дамытушылық мақсаттарын негізге алу заманауи
талапқа сай болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: