201
Демек, шынайы журналистиканы əлеуметтік тұрмыстан алшақтатып, халықтық
сипатынан ұзартып, басқа мақсатқа бұра пайдалану, интеллектуалдылықтың
тамырына балта шапқанмен бірдей. Ел мұратына жетелейтін құштарлық
пен еңбектің, білім мен ғылымның ақсұңқары – интеллектуалды
топ болып
саналатындықтан, шығармашылық жолындағы журналистиканың сөз өнері
мен айту, жазу, мəтіндеу интеллектісі рухани өрістің ақпараттық мəдениетімен
септесуі қабырғалы белестердің биігіне жетелеуі сөзсіз.
Дейтұрғанмен, бұл мəселенің екінші жағына көңіл бөлер болсақ,
коммер циялық тараптағы телеарналардың
мақсаты нарықтық қатынастың
заңдылығымен шектеліп қалғандықтан, шығармашылық талап пен талғам
кейінгі орынға ысырылып қалады. Саяси мақсаттағы ұйымдардың ойнын на-
сихаттап, алақұла, алыпқашпа пікірлерге ұрындырады.
Ақпарттық ағынды
іріктеп, саралаудан алшақтаған сайын оның ықпалы өзге телеарналарға тиді.
Мұндай салқындық əлеуметтік өмірден іргесін ұзартқан сайын жалпыұғымдық
стандартқа ұласып, телеөнімнен гөрі телезатқа, телебұйымға айналып,
моралдық жəне рухани əдептен жұрдай болады. Тек валюта есебімен жүріп,
тұратын механизмге айналады.
Мамандыққа деген сүйіспеншілік
адамның шығармашылыққа де-
ген ізде ніс мəдениетін көтере түседі. Рухани жұтаңдыққа жұтылу, демек,
ынта-белсенділіктің төмендеуінен шығармашылық өрісітің де, əлеуметтік
жағым сыз көріністердің де ұлғайуы заңдылыққа айнала бастайды. Себебі,
зерттеушілердің пайымдауынша, қоғамдық жүйенің эволюциялық қарқынына
орай, көпшілік қауым ақпарат құралдарының шығармашылығын сіңіре оты-
рып, білімденетіні анықталды. Бірақ,
қай бағытта, қандай идеологияның
жетегімен жүріп келеміз. Беймəлім. Біз оқырмандар мен телекөрермендердің
рейтингісіне жүгінгенде, бəлен пайыз деп айтудан жалықпаймыз немесе
мақтан тұтамыз. Алайда, олардың не үшін көретіні жайлы деректерді айта ал-
маймыз. Себебі, кетіп жатқан кемшіліктерді біле тұра көрмеген боламыз. Сон-
да рейтинг, контент деген терминдерді сəнге айтарға болмаса, мəнге тұрарлық
идея мен пікір-көзқарастың орнықты идеологиялық көрсеткіші жоқ. Бұл
мамандардың кəсіби диагностикалық пайымы.
Демек, ой дағдарысының кемшілігін, сана дағдарысынан іздеу қажеттілігі
туындайды. Айналып келгенде жаңаша ойлау реформасы алға тартылады. Бұл
философиялық, моральдық-саяси категорияның бүгінгі күн сұранысындағы
тұжырым екендігі даусыз. Ол үшін оқып, білім
алу мен ізденіс жолдарын
жəне сөйлеу мен жазу өнеріндегі ерекшеліктерді синтездеудің қажеті шама-
лы. Тіпті, ақылға қонымсыз. Себебі, шығармашылық қабілет трафаретке сый-
майды. Жаңару деген сөздің мағынасы – өңдеу дегенді білдіреді. Ой мен сана
қасаңдығы өңдеу нəтижесінде ғана рухани жаңара түседі. Алайда, жаңаруды
тұтастандыру арқылы қоғам өрістене түседі. Интеллектуалдылық идеясы да
осы мəселе төңірегінде көтерілген. Сонымен, телевизиялық өнімдердің негізгі
көрсеткіші телешығармашылықтағы жаңару идеологиясымен толығып, саяси
əлеуметтік əдеп пен ізденіс қоржынымен келетін рухани көпшіліктік жеміс.