288
уақыттың аясы кеңдеу, бірнеше шегіністер бар, əртүрлі
деңгейде көркемдік
қажеттілікке орай қысқа, штрихты түрде берілген кейіпкерлер тобы мен по-
весть сюжетінің жылжуына ілесе отырып баяндаушы қайта-қайта оралып,
тереңдетіле түсетін образдар бар. Алғашқы топ образ ретінде статикалық
тұрғыда алынып, тікелей авторлық баяндауда берілген. Олай болатын себебі
көркемдік мақсат осындай деңгейді талап етіп тұр. Екінші топтағы образдар
тобында қалыптасқан, анықталған мінез, психологияны өзгеру ағымында емес,
қайта оралған сайын жаңа қырларын аша түсу мақсатында көркемдік жұмыс
атқарылған. Бұл тұрғыда повестегі – Досаев, Əбдібай образдарын айтуымыз
керек. Ал автордың бақылауында ең ұзақ жүрген, өзгерістері, кейіпкерлік, ада-
ми эволюциясы мұқият бағаланған, қатал, реалистік талдаудан өткен образ –
Райыс образы. Бұл талдаулар шығарманың көркемдік талаптары мен көлемдік
мөлшеріне сай берілген.
Жұмабайдың əңгіме, повестерінде көп кездесетін кейіпкерлік жүйе
жас пен кəрінің, əке мен баланың қарым-қатынасынан өрбиді. «Жала мен
наладағы» он бес пен жиырманың ортасындағы бала мен кəрі əке, «Шал мен
жылқыдағы» 20 мен 40-тың маңындағы балалар мен кəрі əке, «Есбай тігіндегі»
жиырманың үстіндегі бала мен кəрі əке, т.б. мысалдар. Əрине, кейіпкерлік схе-
ма ұқсас болғанмен əрқайсысындағы тақырып, айтар ой, көркемдік шешімі
басқа».
Достарыңызбен бөлісу: